Бірге саяхат жасайық. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар
1.Сиқырлы сызықтар. Сабақты алдыңғы сабақ материалының меңгерілгендігін тексеруден бастаңыз. Ол үшін оқушыларды кабинеттегі отырғызу орны бойынша топтарға біріктіріңіз, әр топқа шарик және маркерлер беріңіз. Оқушылар шарикті үрлеп, онда экваторға, меридианға сәйкес сызықтарды салу керек. Сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Полюсті белгілеу керек. Топтар шарлардағы суретті салыстыра отырып және ықтимал қателіктерді түсіндіре отырып, өзара тексеру жүргізеді.
2.Орындалған тапсырма негізінде оқушылар сабақтың тақырыбын болжап, оның мақсатын тұжырымдайды.
3.Есіңе түсір. Сабақ ойын - Ботаның саяхаты түрінде өткізіледі, сондықтан ойынға бастау беру керек. Оқушылар жер шарындағы кез-келген орынға жол таба алатын барлық мүмкін тәсілдерін еске түсіруі қажет. Бұл тапсырма фронтальды түрде орындалады, аталған тәсілдерді оқушылар тақтаға, кезек бойынша жазады. Егер оқушыларға қиын болса, жетекші сұрақтар қоюға болады: "Теңізшілер үйіне қалай жол табады?", "Қорықшылар мен аңшылар орманда қалай бағдарланады?", "Алдыңғы сыныптарда жергілікті жерді бағдарлаудың қандай тәсілдері зерттелді?". Осылайша, оқушылар жергілікті жерді бағдарлау бойынша өздерінің білімдерін өзектілендіре алады.
4.Ерекше маршрут. Жұмысты жалғастыра отырып, оқушыларды Бота маршрутының кезеңдерімен таныстыру және оларды әр кезеңде бағдарлаудың қандай түрі пайдалы екенін анықтау керек. Оқушылар қандай жағдайда жергілікті жердің сұлбасын, алл қандай жағдайда әлем картасын, Еуразия картасын, глобусты пайдалану тиімді екенін түсінуі керек. Тапсырма топта орындалады, оқушылар мүмкін нұсқаларды талқылап, өз таңдауын дәлелдеу керек. Неғұрлым қабілетті оқушылар тапсырманы өз бетінше орындай алады. Дайын жұмыстарды оқушылар шеңбер бойында тексеру үшін "Карусель"әдісін қолданған жөн. Егер оқушылар қате жіберсе, дұрыс жауап нұсқаларын талқылау қажет.
5.Жол табайық. Бота саяхатының бірінші кезеңі жергілікті жердің сұлбасын пайдалануды көздейді. Оқушылар картаның масштабы осы жағдайларда пайдалануға мүмкіндік бермейтінін түсінуі тиіс. Оқушылар тек негізгі ірі нысандарды көрсете отырып, жергілікті жоспар сала алады. Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру үшін оқушыларға жолды табуға көмектесетін объектілерді кезекпен атауға болады. Топтың жұмысын "сендер... түсіндіңдер", " сендер.... жақсы меңгердіңдер» т.б. комментарийлер арқылы бағалаңыз.
6.Зертте. Тапсырма сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар жеке дәптерде Нұр-Сұлтан (Астана) орталығы бойынша маршруттың шағын бөлігін сипаттайды. Олар алдын-ала фотосуреттерді зерттейді, объектілердің атауын нақтылайды. Астана бойынша виртуалды экскурсия жасайды. Әр оқушы маршрутты өзі таңдайды. Өте қабілетті оқушыларға 3-4 нысаннан маршрут құруды ұсынуға болады. Оқушылар жұмыста келесі сөздерді қолданады: сол, оң, алда, артта, алдында, артында.
7.Нөлдік меридиан. Келесі тапсырма картамен жұмыс істеу дағдысын дамытады, жұпта орындалады. Оқушылар Гринвич картасында тауып, оны тікелей Астанамен байланыстыру керек. Содан кейін Ботаның ұшып бара жатқан жолындағы барлық елдерді атау қажет. Оқушылар өздерін ел атауын санай отырып тексере алады.
8.Глобустан тап. Глобуспен жұмыс істеу дағдысын дамыта отырып, оқушылар нөлдік меридианның экватормен қиылысу орнын табады және онда көліктің қандай түрімен жетуге болатынын анықтайды. Оқушылар теңіз көлігінің кез-келген түрін атай алады, өйткені бұл нүкте мұхитта орналасқан.
9.Анықта. Келесі тапсырма оқушылардың глобуспен жұмысын жалғастырады. Сол жұптарда оқушылар қандай құрлықтар мен мұхиттар экватордың бойында жатқанын анықтап, жазып алуы керек. Оқушылар глобусты айландырып, нысандарды дәптерге жазады. Қиындық тек Индонезия мен басқа аралдардың тиесілілігін туындауы мүмкін. Бұл сұрақта оқушыларға көмектесуге болады, немесе өзін-өзі тексеру кезеңінде осы сәтті түсіндіруге болады. Оқушылар өзін-өзі тексеруді слайдпен немесе дұрыс жауаптарды дауыстап оқығанда өткізе алады.
10.Орында Топтарда оқушылар тақырып бойынша білімін жинақтап, Бота хатын оқып, жіберілген қателерді түзетеді. Хаттың дұрыс мәтінін әр топ бір сөйлемнен кезек бойынша оқиды. Өзге топтар жауаппен келіспеген жағдайда, оқушылар өз жауабын дәлелдейді. Топтың жұмысын "үш шапалақ" әдісі арқылы бағалауға болады.
11.Рефлексия Сабақтың қорытындысын шығара отырып, оқушылар стикерде географиялық объектінің атауын оқып, берілген орынға өз стикерін бекітеді. Оқушылар Жер шарының қай бөлігі туралы айтып, стикерді қайда бекітуге болатынын түсінулері қажет. Жауаптардың дұрыстығын тексеру оңай болу үшін стикерлерді түрлі түсті жасау керек, мысалы: Солтүстік полюс – ақ, ал экватор – қызыл.
Теориялық материал:
Гринвич пен экватордың қиылысу нүктесі "жердің күбі"деп аталады. Ол географиялық координаттары бар 0 ендік және 0 бойлықта орналасқан. Бұл нүкте Гвинея шығанағында, Африка жағалауында орналасқан, алайда, бұл аумақ Дүниежүзілік мұхит бөлігі болғандықтан, нөлдік меридиан мен экватордың қиылысу нүктесі Гвинея шығанағына жататын Атлант мұхитында орналасқан.
.https://znanija.com/task/27936242
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?