Бірге саяхат жасайық. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 бөлім: «Қоршаған ортаны қорғау»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірге саяхат жасайық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1. нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • нысандардың кеңістікте орналасуын анықтауды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Бота саяхатының әрбір кезеңі үшін бағдарлау әдісін дұрыс таңдай алады;

- бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің жағдайын анықтай отырып, қозғалыс бағытын құрады;

- кеңістіктегі нысандардың орнын анықтауға байланысты жіберілген қателерді түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің орналасуы туралы әңгімелеу;

Терминология:

  • Бразилия;
  • Финляндия;
  • Эквадор.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Гринвич пен экватордың қиылысатын жеріне қандай көлікпен жетесіз? Неліктен?

Жазуға арналған сұрақтар:

- Астана орталығына саяхат жоспарын құру

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа үйлесімділік – адам мен табиғат арасындағы өзара байланысты түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту

Математика: түзу сызық

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың карталар, олардың түрлері, карталарда қолданылатын шартты белгілер туралы білімдерін қамтиды.Оқушылар картамен жұмыс істеу дағдысын меңгерген: еліміздің ірі қалалары, өзендері мен көлдері, сондай-ақ өз жерлері тұратын облыстың орналасқан жерін таба және көрсете алады.

Ход урока

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

  • Сиқырлы сызықтар (топта)

-Шарикте экватор, меридиан, полюсті белгілеңдер.

- Басқа шариктермен өз шарындағы суретті салыстырыңдар. Өз білімдеріңді бағалаңдар

Оқушылар шарикті үрлеп, маркермен экватор, меридиан, Солтүстік және Оңтүстік Полюсті белгілейді. Өз жұмысын басқалармен салыстыра отырып, өз тобының жұмысын бағалайды.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-нысандардың кеңістікте орналасуын анықтауды үйрену.

Шариктер , маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақтың

ортасы

9-12

13-16

17-20

21-24

25-28

29-30

31-32

33-38

  • Есіңе түсір (ұжымда)

- Бота Жер шарын айналып шыққысы келді. Оған Жер бетіндегі кез келген нысанды тауып алуға көмектесетін қандай құралдар бар? Есіңе түсір.

Оқушылар атаған құралдар тақтада тізім түрінде тіркеледі.

  • Ерекше маршрут (топта)

 4-сынып оқушысы Ботаға жол табудың бағыт- бағдарын сызып берді. Жолды жылдам табу үшін неше кезеңнен өту керектігін жазып берді.

1-кезең. Теміржол вокзалы.

2-кезең. Еліміздің астанасы бойынша серуен

3-кезең. Нөлдік меридиан

4-кезең. Экватор мен нөлдік меридиан қиылысы

5-кезең. Экватор бойымен

6-кезең. Үйге оралу

Өз үйіңнен вокзалға дейінгі жолды есіңе түсір. Нысандардың орналасқан жерін оңай табудың қандай жолы бар?

Оқушылар топтарда маршрут кезеңі мен осы кезеңге сәйкес келетін бағдарлау әдісін сәйкестендіреді. Топтар жұмысы "Карусель"әдісімен бағаланады.

Бағалау критерий:

- Бота саяхатының әрбір кезеңі үшін бағдарлау әдісін дұрыс таңдай алады;

  • Жол табайық (жеке, топта)

Өз үйіңнен вокзалға дейінгі жолды есіңе түсір. Нысандардың орналасқан жерін оңай табудың қандай жолы бар?

- Ботаға 1 кезеңде не көмектеседі?

- Неге жергілікті жердің сұлбасын пайдалану ыңғайлы?

- Сенің үйіңнен вокзалға дейінгі қозғалыс сызбасын шартты белгілер мен масштабты пайдалана отырып жаса.

Топ оқушылары үлкен объектілерді және/немесе бағдарларды пайдалана отырып, үйден вокзалға/әуежайға/автовокзалға дейінгі жердің жоспарын схемалық түрде бейнелейді.

  • Зертте (жеке)

-Астананың орталығында маңызды нысандарды таңда.

- Бір объектіден екіншісіне дейінгі қозғалыс бағытын сипатта.

Оқушылар тапсырманы жазбаша, жеке, объектінің атауын, көкжиектің тұсын, сол-оң-алда-артта сөздерді пайдалана отырып орындайды.

Бағалау критерий:

- бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің жағдайын анықтай отырып, қозғалыс бағытын құрады;

  • Нөлдік меридиан (жұпта)

Бота ұшақпен Астанадан нөлдік меридиан бойында орналасқан қалаға ұшты. Сол қаланы картадан тауып, Астана мен оның арасын сызықпен қос. Жолда қандай елдер арқылы өтетінін анықта.

Оқушылар жұппен Астанадан Гринвичке дейін түзу сызық сызады. . Жалпы елдер санын санайды және өзара тексеру жүргізеді.

  • Глобустан тап (жұпта)

Бота экватор мен нөлдік меридиан қиылысқан жерге бармақ болды. Оның қандай көлікпен барғаны дұрыс? Неліктен?

Оқушылар жұппен қажетті нүктені табады,көлік түрін анықтайды.

  • Анықта (жеке)

Бота қайтадан жолға шықты. Ол енді экватор бойымен жылжиды. Ботаның жолында кездесетін құрлықтар мен мұхиттардың тізімін жаса. Өзіңді тексер.

Оқушылар өзбетінше тізім құрайды. Бір-бірін тексереді.

  • Орында (топта)

-Ботаның хатын оқыңдар.

-Қателерін түзеңдер.

-Хаттың дұрыс нұсқасын жазыңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді. Жұмысты тексеру фронтальды түрде, әр топтан бір ұсыныс бойынша түсініктеме бере отырып жүзеге асырылады. Топтарды бағалау "үш шапалақ әдісі арқылы жүргізіледі.

Бағалау критерий:

- кеңістіктегі нысандардың орнын анықтауға байланысты жіберілген қателерді түзетеді.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)Слайд №5

А4парағы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Нұр-Сұлтан қаласы фотосы

Виртуалды топсаяхат

http://3d.welcometoastana.kz/Tour/

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №6

Евразияның саяси картасы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

Глобустар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №8

Глобустар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №9

Таратпа беттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №10

Сабақтың аяғы

39-40

Рефлексия (жеке)

"Менің картадағы орным»

- Сипаттама оқыңдар. Бұл орынды картадан тауып, стикерді бекітіңдер.

Оқушыларға тарату беттер таратылады. Олар объектінің орналасқан жерінің сипаттамасын оқып, қажетті жерге стикерді бекітеді.

Таратпа беттер

Дүниежүзінің физикалық картасы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №11

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға жол табуға көмектесетін негізгі нысандардың толығырақ жоспарын құруды ұсыныңыз.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Менің картадағы орным" рефлексиясы сабақ мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік береді.Сабақ картамен және глобуспен жұмыс істеу дағдысын, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын дамытады. Сұрақ-жауап көмегімен картамен / глобуспен жұмыс істеу кезінде оқушылардың дағдыларын бағалаңыз:

-Не үшін параллель және меридиандар керек?

- Саған жергілікті жерді бағдарлаудың қандай тәсілдері белгілі?

- Сен жергілікті жерді бағдарлаудың қандай тәсілдерін қолданып көрдің?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу