Глобус және карта. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-тарау Қоршаған ортаны қорғау | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Глобус және карта | |||
Оқу мақсаттары | 4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу | |||
Сабақ мақсаттары | глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу | |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар
| Глобус, карта, меридиан, параллель, т.б. | |||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; - ынтымақтастық; | |||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, математика, тарих | |||
АКТ | Оқушылар суреттер мен видеолар іздестіреді. | |||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жергілікті жерді бағдарлау | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. (Ұ) Жұмбақты шеш. Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр, Өзінің кіндігінен айналып жүр. Өзіне назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. глобус Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін. Көп көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін. Карта Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Бағалау критерийлерін шығару. | презентация | ||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Т) «Топтастыру» стратегиясы «Жер» сөзіне топтастыру жасайды. Жер, Жасыл, Дөңгелек, Мекен, Тіршілік көзі т.б. - Жердің пішіні қандай? - Жердің шар тәріздес екенін қайдан білген? - Жердің шар тәріздес екенін кім анықтады?, т.б. /Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ақпаратты толықтыру үшін бейнефильм көрсетіледі/. (Ұ) (К) Ф.Магеланның Жер айналу саяхатының бейнефильмі көрсетіледі. (Ж) «Сен маған-мен саған» әдісі. Оқушылар бейнефильмді тамашалап болған соң, өзара сұрақ-жауап алмасады, кері байланыс жасалады. Мысалы: - Алғаш рет кім дүниежүзін айналып шықты? -Ф. Магеллан нені дәлелдеді? (Т) Глобуспен жұмыс Мақсаты: сыни ойлауын, есте сақтау дағдыларын (қайта жаңғырту) дамыту Оқушылар глобусты көріп өз ойларын айтады. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі - глобус деп аталатынын айтқызуға бағыт беріледі. (Т) Глобус және карта. Постер құрастыру. Мақсаты: карта мен глобустың ерекшелігін, нысандарын анықтау. 1-2 топ: Карта – жер бетiнiң шартты белгiлер арқылы жасалған кiшiрейтiлген бейнесi. Картадан құрлықтар мен мұхиттардың, елді мекендердің географияляқ жағдайы, табиғат байлықтары, шаруашылықтары, халқының даму тарихы туралы мәліметтер алуға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысы анықталады. Картаны пайдалы қазбаларды iздестiру жұмыстарында, ауылшаруашылығына қолайлы жердi анықтауда, әр түрлi құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңiнен қолданылады. Жердiң пiшiнiн оның кiшiрейтiлген үлгiсiнен — шардан көруге болады. Орта ғасырларда теңiзшiлер Еуропадан шығыстан батысқа қарай саяхаттап шыққанда, үнемi өзiнiң шыққан жерiне қайта оралған. Олар солай Жердiң шар тәрiздi екенiн дәлелдеген. 3-4 топ: Глобус – жердің дәл үлгісі. Глобуста Жер шары ондаған миллион есе кiшiрейтiлiп алынады. Немiстің географ - ғалымы Мартин Бехаймның 1492 жылы ойлап тапқан глобусы алғашқы глобус болып саналады. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Алғашқы глобуста Солтүстiк пен Оңтүстiк Америка болмаған, себебi, ол кезде бұл материктер әлi ашылмаған едi. Глобуста сулар көгiлдiр түспен, таулар қоңыр түспен, жазықтар жасыл түспен бейнеленген. Ал алты материк глобуста сарғыш түспен белгiленген. (Ж) Венн диаграмасы Оқушылар карта мен глобустың ұқсастығы мен айырмашылығын жазады, қолдану аясын атап айтады. /Оқушылар диаграммаларын жұппен ауыстырады, өзара тексереді, «+/-» арқылы бағаланып, қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/. |
Магелланның Жер айналу саяхаты бейнефильм https://www.youtube.com/watch?v=lzZD71QR9nA глобус, карта қима қағаздар Венн диаграммасы | ||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия -Не білдік? -Не үйрендік? -Не қызықты болды? Өзін - өзі бағалау «Жетістік жолы» Критерийлер бойынша бағалайды.Өз орнын баспалдақта табады. | Жетістік жолы | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?