Климат біздің өмірімізге қалай әсер етеді? Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәні бойынша қысқамерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

5-бөлім. "Табиғат құбылыстар»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Климат біздің өмірімізге қалай әсер етеді?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқыту мақсаты (оқ убағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 климаттың адамзат дамуына әсерін талдау;

4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар

- климаттың адамзат дамуына әсері туралы біледі;

- климат адамның тіршілік әрекетіне қалай әсер ететінін түсіндіреді;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- климаттың адамзат дамуына әсері туралы айта алады;

- климат адамның тіршілік әрекетіне қалай әсер ететінін түсіндіре алады;

- климаттың адамзат дамуына әсеріне мысалдар келтіреді.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

- климаттың адамның шаруашылық қызметіне әсерін талдай алады;

Терминология:

  • мұзжарғыш

Талқылау үшін сұрақтар:

- Қандай табиғат құбылыстарын білесің?

-Олар адамның өмірі мен іс-әрекеттеріне қалай әсер етеді?

Жазуға арналған сұрақтар:

- «Климаттың адамзат дамуына әсері» тақырыбында өз ойларын жабаша білдіру.

Құндылықтар

Еңбек адамына құрмет, шаруашылық қызметтің күрделілігі мен алуан түрлілігін түсіну қалыптасады. Отан аумағының көлемі мен табиғи байлықтың алуан түрлілігін білу арқылы өз елі үшін мақтанышы дамиды.

Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдысының дамуы.

Географиялық картамен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың "климат" түсінігі мен климаттың негізгі белдеулерінің ерекшеліктері туралы білімдерін қамтиды. Оқушылар табиғи жағдайларға байланысты өз өңірлерінде және Қазақстанның аймақтарындағы адамдардың шаруашылық қызметін талдай алады. Оқушылар қолайсыз ауа райы жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құруды үйренген.

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

1. "Синквейн" кіріспе тапсырма (топпен)

- "Климат"сөзіне синквейн жазыңдар.

- Синквейнді сыныпқа оқып беріңдер.

Оқушылар сыныпта отыруларына байланысты топтарға бөлінеді, бар ақпаратты жаңғырта отырып, синквейн жазады. Оқушылардың қалауы бойынша кейбір жұмыстарды оқиды.

2. Мақсатты анықтау (ұжымда)

  •  Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

Сабақтың мақсаты ұсынылады:

  •  климаттың адамзат дамуына әсері туралы білу;
  •  климат адамның тіршілік әрекетіне қалай әсер ететінін түсіну.

А4 Парағы Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

№ 2 Слайд

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

№3 Слайд

Сабақтың ортасы

9-13

14-18

19-23

24-30

31-38

3.Еске түсір (фронталь жұмыс)

- Жер шарында қандай климаттық белдеулер бар? Оларды картадан көрсетіңдер.

-Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?

- Неліктен Антарктида климаты әрдайым суық, ал экваторда әрдайым ыстық?

Оқушылар осы тақырып бойынша оқығандардың барлығын еске алады, сұрақтарға жауап береді. Бар білімді жинақтап және карта деректерін талдай отырып, соңғы сұраққа жауап береді.

4.Анықта (топпен)

- Біздің елімізде көлік қозғалысы қай уақытта қиындауы мүмкін?

-Бұл қандай аймақтарда жиі орын алады және неліктен?

-Осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылуда?

Оқушылар өз субъектілік тәжірибесіне сүйене отырып, топта жұмыс істейді. Әр топ сынып алдында бір сұраққа жауап береді.

5. Ойлан (фронталь жұмыс)

- Климат адамзаттың дамуына әсер ете ме?

-Климаттық жағдайлар адамзаттың дамуына әсер ете ме, әлде кедергі жасай ма?

Оқушылар өз пікірлерін айтып, өз ұстанымын растауға мысалдар келтіреді.

6. Қиындықтар дамуға көмектеседі (топпен)

- Оқушылар қызмет түрлері бойынша 4 топқа бөлінеді.

- Кестедегі ақпараттпен танысыңдар.

Климаттың шаруашылыққа тигізетін әсері

Ауыл

шаруашылығына

Ауыл шаруашылығының дамуына жылы климат, ауа райының ылғалдылығы, жарықтың таралуы әсер етеді. Жылы аймақтарда цитрусты өсімдіктер, ал қоңыржай белдеуде дәнді дақылдар жақсы өседі. Суық аймақтарда климат жағдайына бейімделген жануарлар өсіріледі.

Көлік қатынасына

Климаты суық аймақтарда қыс мезгілінде теңіздерде кеме қатынасына, әуеде ұшақтардың қозғалысына қолайсыздық туындайды. Теңізде кемелер еркін қозғалу үшін салмағы ауыр, арнайы мұзжарғыштарды қолданады. Ал қатты суықтарда ұшақтардың сыртына мұз қатып қалмас үшін арнайы жабдықпен қаптап қояды.

Құрылыс ісіне

Климаты суық аймақтарда үйлердің қабырғалары қалың, жылу сақтайтын материалдардан салынады. Ал жылы аймақтарда үйлердің қабыр- ғасы жұқа, жеңіл материалдардан салынады.

Күнделікті

тұрмыста

Климаты жылы аймақтарда адамдар жұқа, жеңіл киім киеді де, азыққа көбінесе жеміс-жидекті қолданады. Суық аймақтарда теріден жасалған тон мен жүннен жасалған етік, бас киім, қолғап киеді де, көбінесе құрамында ағуызы бар тағамдарды пайдаланады.

- Келтірілген мысалдан ең қолайсыз климаттық жағдайды таңда. Бұл жағдай адамдардың шаруашылығына қалай әсер ететінін түсіндіріңдер.

-Өз қорытындыларыңды сыныпқа айтып беріңдер.

  • Оқушылар топта жұмыс істейді, кестенің тиісті бағанын оқиды. Деректерді талдай отырып, оқушылар күрделі климаттық жағдайлардың мысалдарын анықтайды. Адамдар бұл мәселені қалай шешкеніне мысалдар келтіреді. Әр топ сыныпты өзінің қорытындыларымен таныстырады.
  • Бағалаукритерийлері:
  • -климаттың адамзат дамуына әсері туралы білді;
  • -климат адамның тіршілік әрекетіне қалай әсер ететінін түсіндіреді;

7. Байқап көр (топпен)

- Фотосуреттердің бірін таңдаңдар.

- Осы аймақта туризмді дамыту жобасын ұсыныңдар.

- Өз жұмыстарыңды сыныпқа таныстырыңдар.

Топта оқушылар жоспар сұрақтарын пайдалана отырып, өңірлердің бірі үшін туризмді дамыту жобасын әзірлейді.

Дүниежүзінің Климаттық картасы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз) №4-5 Слайд

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Топтарға бөлуге арналған карточкалар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

Түрлі аймақтардың фотосуреттері

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №8

Сабақтың соңы

39-40

«Ауа райының көңіл-күйі»

- Сабақтағы көңіл-күйіңе сәйкес келетін суретті таңда.

Оқушылар суретті таңдайды, оны тақтаға жабыстырып, ой бөліседі.

Карточкалар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №9

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға сабақтың кіріспе тапсырмасын орындау кезінде синквейннің үлгісін ұсыну. Қабілеті жоғары оқушыларға туризмді дамыту жобасын әзірлеу бойынша жеке тапсырманы орындауды, бизнес-жобаны ресімдеуді ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Смайлик" тәсілі сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардың эмоционалдық жағдайын, олардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сабақ аймақтың табиғи жағдайларына байланысты адамның шаруашылық қызметін талдай білуді, себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді дамытады.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

-Қазақстанда мұзжарғышты көруге бола ма?

-Елімізде құрылыс нысанын салғанда қандай табиғи жағдайлар ескеріледі?

- Климат пен адамдардың тіршілігі арасында байланыс бар ма?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу