Өз қауіпсіздігіңді қалай жоспарлайсың? Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында тақырып бойынша білімді жаңғырту қажет. Ол үшін оқушылар жұпта анықтамалар құрастыру бойынша тапсырманы орындауы тиіс. Алдыңғы сабақтарда оқушыларға дайын анықтамалар берілген жоқ. Сондықтан олар тақырып бойынша білетін барлық нәрселерді жинақтап, анықтама түрінде тұжырымдау керек. Қабілеті төмен оқушылар осы ұсыныстарды аяқтай алады. Әрбір жұп бір анықтаманы дауыстап оқиды, сынып қажет болған жағдайда оны толықтырады. Осылайша, әрбір ұғымның толық анықтамасы беріледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалай алады
- Мақсатты анықтау.Орындалған тапсырма негізінде оқушылар сабақ тақырыбын анықтап, оның мақсаттарын болжай алады.
- Есіңе түсір.Келесі тапсырманы оқушылар топта орындайды. Оқушылар топтарына сыныптағы орындары бойынша бөлуге болады. Өткен сабақтардан табиғи апат түрлері бар карточкаларды пайдалануға болады. Алдымен оқушылар Қазақстанда табиғи апаттарлдың қандай түрлері болуы мүмкін екенін еске алады. Тапсырманы орындау кезінде кең тараған апат түрлері ретінде жер сілкіністері мен су тасқыны/топан суға тоқталу қажет. Оқушылар төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін еске алады, тізім жасайды. Қабілеті төмен оқушыларға төтенше жағдайларда әрекет ететін карточкаларды ұсынуға болады, оларды табиғи апатқа байланыстыекі бағанға бөлу қажет. Топтар өз ережелерін сыныпта оқиды. Сондай-ақ, тексеруді слайдпен ұйымдастыруға болады, онда осы ережелерді түсіндірме бағандарға бөлуге болады. Осылайша оқушылар сабақ мақсатына, табиғи апаттар кезінде өз қауіпсіздігін жоспарлауға тартылады.
- Талқыла.Тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулықтың суреттерін немесе ұқсас мазмұны бар суреттерді пайдалана алады. Оқушылар суретті талдайды, қорытынды жасайды: балалар осы суреттерде қандай қателіктер жіберді? Содан кейін оқушылар мұндай жағдайларға тап болмау үшін не істеу керектігін түсінуі, қауіпсіз өзін өзі ұстау ережелерін ұсынуы тиіс. Бір сурет/бейне бойынша сыныпқа толық жауап береді. Топтың жұмысын "үш шапалақ" әдісі арқылы бағалауға болады.
- Байқап көр.Келесі тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. Алдыңғы тапсырмадан бір суретті таңдап, олар жасанды ортадағы нақты жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін құрайды. Ережелер мәтінде, шартты белгілер түрінде жасалуы мүмкін. Топтың дайын жұмысын сыныпқа таныстырады. Осылайша, тапсырма алдыңғы тапсырманы нақтылайды, талдау және болжау іскерлігін дамытады. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар жасанды ортада өз қауіпсіздігін жоспарлай алады және осы сабақтың мақсатын іске асыра алады. Топтың жұмысын мына түсініктеме арқылы бағалауға болады: "Сен істей алдың... Сенің қолыңнан келді...»
- Ойлан (фронтальды жұмыс).Фронтальды әңгіме барысында оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Балалардың ойындары қауіпті болып, аса қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін бе?
Оқушылар өз мысалдарын дәлелдеп немесе жоққа шығарады. Егер олар өмірден мысал келтіре алмаса, оларға сіздің елді мекеніңізде болған жағдайды ұсыныңыз. Немесе бейнені көрсетіңіз. Содан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды, оқығаннан кейін сұрақтарға жауап береді:
- Балалардың қандай әрекеттері өртке тосқауыл болды?
- Балалар қандай ережелерді бұзды?
-Қауіпті зардаптардан қалай құтылды?
Оқушылар себеп-салдар байланысын орната білуді дамытады, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуді қалыптастырады. Оқушылар олардың іс әрекеттері ауыр оқиғаларға себеп болуы, ауыр зардаптарға және тіпті адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсінуі тиіс.
- Орында.Сабақта жұмыс қорытындысын шығара отырып, оқушылар нақты жағдайда қауіпсіздік ережелері туралы жаднаманы құрастыру бойынша тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар алған білімдерін жалпылау, оларды жүйелеу және мынадай қорытынды жасаулары керек: өз қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қалай жоспарлауға үйретуге болады. Жағдайды оқушылар оқулықтағы кестені пайдалана отырып өз бетінше таңдайды. Оқулықта ұсынылған барлық жағдайлардың қамтылуы жақсырақ. Кейбір жағдайларды бөлуге болады: мысалы, жаяу жүргіншілер үшін жолдағы қауіпсіздік және жүргізушілер үшін жолдағы қауіпсіздік. Жаднаманы жасау тәсілін оқушылар өздері анықтайды: мәтін, мәтін және суреттер, тек суреттер және т.б. егер оқушыларға қиын болса, тапсырманың соңғы түрін білу үшін жаднаманың үлгінұсқаларын көрсетіңіз. Жұмыс істеу үшін оқушылар алдын ала дайындалған сюжеттік суреттерді немесе жеке фигураларды/заттарды кесуді пайдалана алады. Қабілеті төмен оқушыларға жұпта немесе үлгі бойынша жұмыс ұсынуға болады. Оқушыларға ЖАДНАМА жарқын, эстетикалық, ақпараттық болуы керектігін ескертіңіз. Дайын жұмыстарды тақтаға бекітеді.
- «Рұқсаттама» әдісі.Алдыңғы тапсырмаларды бағалауды оқушылар "Рұқсаттама" әдісін пайдалана отырып, өзара бағалау форматында өткізеді. Әрбір оқушы ұсынылған жаднамалармен танысады және өзінің стикерін ең сәтті деген жаднамаға бекітеді. Кейбір оқушылардан жасаған таңдауларына қысқаша түсініктеме беруді сұрауға болады.
Теориялық материал:
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апатсалдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
http://flatik.ru/i-ttenshe-jadajlardi-trleri-men-sipattamalari-ttenshe-jadaj
Қосымша ақпараттар
Төтенше жағдайлардағы өзін – өзі ұстау ережелерінің алгоритмі
- Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу;
- Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау;
- Газ, су және жарықты сөндіру;
- Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу;
- Үш күнге жететін тамақ пен су алу;
- Жылжымалы электр фонарды салу;
- Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу;
- Жылы киім мен аяқ киім алу;
- Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту.
Пайдалы сілтемелер
- Қауіпсіздік әліппесі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=5sLJO6RBTE0
- «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8
- Баланы қоршаған қауіп-қатер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?