Кеңістікте жол таба аламын. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Нысанды тап» ойыны. Сабақтың басында оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау қажет. Ол үшін "Нысанды тап" ойынын өткізіңіз. Алдымен оқушылардың отырған орны бойынша топтарға бөліп алыңыз. Мысалы: "1 топ – бірінші партада отырғандардың барлығы". Оқушылар алдымен өз айналасындағы кабинеттен көрген нысандарды атайды. Бұл оқушыларға нақты нысандарға ойларын жинақтауға, аталған сабақ контекстіндегі "нысан" терминінің түсінулеріне мүмкіндік береді. Содан кейін әрбір топ қандай нысан жасырынғанын анықтайды және оның сипаттамасын 3-4 сөйлемнен дайындайды. Мысалы: "Бұл тақтаның үстінде. Алфавиттің оң жағында. Сол жақта сағат ілініп тұр". Оқушылар нысандарды табады, нақтылайтын сұрақтар қоя алады, бірақ тек нысанның орнына байланысты. Оқушылар барлық нысандарды тапқан соң, олар "үш шапалақ" әдісін пайдалана отырып бағалап, жұмыстары үшін бір-біріне алғыс білдіре алады.
  • Мақсатты анықтау.Оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдайды және оның мақсатын болжайды.
  • Достардың кездесуі (фронтальды жұмыс). Келесі тапсырма фронтальды сұрау түрінде орындалады. Оқушылар көп адамдар арасында жоғалса немесе адасып қалса, жеке тәжірибелерімен бөлісе алады. Олар өздерінің жанындағы адамды табуға кім көмектескенін немесе өздері қалай тапқандарын айта алады. Егер мұндай жағдайлар болмаса, онда тапсырманы орындауды оқулықтағы мәтіннен бастау керек. Содан кейін балалар көп адамдар арасында бір-бірін қалай табуға болатынын талқылаңыз. Балалар қайда жоғалуы/адасуы мүмкін: супермаркетте, үлкен мерекелерде, базарда және т. б. Оқушылар осындай жағдайлардағы іс – әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыруы тиіс: орнында қалу, кетпеу, осы супермаркеттің қызметкерлеріне немесе телефон болса, арнайы формадағы адамдарға көмек көрсетуің сұрау керек. Егер оқушылар халық көп жиналатын орындарға баруды жоспарлап отырса, олар алдын ала келісіп, біреу жоғалса/адасса қайда кездесетіндерін келісулері керек. Бұл тапсырма оқушыларды кеңістікте және жергілікті жерде бағдарлай білу қажеттілігін түсіндіреді.
  • Талқыла (топпен). Тапсырманы орындау үшін оқушыларды топтарға бөлу қажет. Сабақтың басында бөләнген топтарды пайдалануға болады, немесе басқа әдіспен қайта бөлуге болады. Мысалы, көкжиектің жақтары көрсетілген карточкалар: Солтүстік тобы, Оңтүстік тобы, Батыс тобы, Шығыс тобы, Солтүстік-Батыс тобы және т.б. оқушылар топтарда сұрақтарға жауаптарды талқылап, бағдарды түсінуді қалыптастырады. Оқушылар қалада адам көше атаулары, көрсеткіш-табличкалар бойынша, ал табиғатта тек көкжиек жағы және жергілікті белгілері бойынша бағдарлануы мүмкін екенін түсінуі тиіс. Адамға бағдар жасауға көмектесетін аспаптар: компас және GPS-навигатор. Компасты пайдалану ережелерін қайталауға, навигаторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауға болады. Барлық сұрақтарды талқылағаннан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, топта жауаптар дұрыс болды ма деген қорытынды жасайды. Топтың жұмысын олар қимыл немесе сигналдық бағдаршамның көмегімен бағалай алады: қызыл-дұрыс емес, сары-ішінара дұрыс, жасыл-барлығы дұрыс.
  • Анықта (топпен). Оқушылар жергілікті жерде бағдарлау және нысанның орналасқан жерін анықтай білуді дамыта отырып, "Ботаның кеңесі" айдарын оқиды, оқулықтағы суреттерді қарастырады. Содан кейін сурет пен сипаттаманы пайдалана отырып, ауылдың схемалық жоспарын жасайды. Жұмыста шартты белгілерді пайдаланады, көкжиек жақтарын көрсетеді. Дайын жұмыстарды басқа топқа сағат тілі бойынша тексеруге береді. Жұмыстарды өзара тексеру қарапайым қарындашпен жүргізіледі. Әрбір түзету түсіндіріледі.
  • Тәжірибеңмен бөліс (жеке). Келесі тапсырма ақпаратпен жұмыс істей білуді дамытады. Оқулықтағы мәтінді оқып, оқушылар өз бетінше кестені толтырады, табиғи және жасанды нысандарды жазады. Материалды түсіну мен меңгеруді тексеру үшін оқушыларға кестені өз мысалдарымен толықтырыңыз, әр бағанада 1-2-ден. Оқушылар өз жұмыстарын үлгі бойынша өз бетінше тексереді. Табиғи және жасанды нысандардың мысалдарын фронтальды, тізбек бойынша тексеруге болады, бір нұсқа тек табиғи нысандарға, ал екіншісі-тек жасанды нысандарға.
  • Байқап көр (топпен). Жұмысты жалғастыра отырып, топтарда оқушылар мектеп айналасында орналасқан табиғи және жасанды нысандардың тізімін құрайды. Қабілеті төмен оқушылар үшінтізім жазбаша, қабілеті жоғары оқушылар үшін ауызшажасалуы мүмкін. Содан кейін компастың немесе күн бойынша бағдардың көмегімен көкжиек жақтарына қатысты мектеп орнын анықтап, оқушылар мектеп ауласының жоспарын жасайды. Олар жергілікті жердің жоспары үшін жалпы қабылданған шартты белгілерді пайдаланады немесе қажеттілігіне қарай өздері ойлап табады. Жоспар-бұл жоғарыдан көрініс, ал нысанның белгіленуі оның нақты түріне ұқсауы тиіс. Оқушылар сызбада тек үлкен көрнекті нысандарды белгілейді, олардың өлшемдерінің нақты арақатынасын сақтай отырып (масштаб туралы еске салыңыз). Төменде, схеманың астында жұмыста қолданылған шартты белгілер орналасады. Дайын схемаларды жалпы танысу үшін тақтаға орналастырады. Әр жұмыстың қандай артықшылықтары бар екенін талқылауға болады.
  • Рефлексия (жеке): «Сыныптағы менің орным». Қорытынды тапсырма оқушылардың кеңістіктегі нысанның орнын анықтай білуін бағалауға, жоспарды оқуға мүмкіндік береді және олардың эмоционалдық жағдайын көрсетеді. Оқушылар кабинет схемасында өз орнын тауып, бір түспен немесе шартты белгімен белгілейді. Оқушылар партаға өзінің нақты орнын ғана емес, кабинеттегі қалаған орнын көрсете алатынын ескерту керек. Жанындағы оқушылар көкжиек жағын көрсетеді, бұл бөлменің қай бөлігі: мысалысолтүстік немесе оңтүстік.

Теориялық материал:

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді. Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті жердің сұлбасы деп атайды.

Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерінтопографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты белгілері(сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык).

Жергілікті жерді бағдарлау –бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдарлау тұсбағдар немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, астрономиялық белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап жүргізіледі.

Көкжиек дегеніміз – біздің төңірегіміздегі көзіміз жеткен жерге дейінгі кеңістік. Көкжиектің негізгі төрт тұсы ажыратылады. Олар: солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс.

Бағдарлау әдістерінің бірі көкжиек тұстарын бағдарлай білу, оның тәсілдерін меңгеру. Көкжиек тұсы жергілікті жерде тұсбағдарға немесе жұлдыздарға қарау арқылы және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Күн, Ай, Темірқазық жұлдызы бойынша көкжиек тұстарын анықтауға болады, бірақ оның дәлдігі 20-25 градустан аспайды.Астрономиялық белгілер арқылы да бағдарлауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта көрінетін Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

https://kk.wikipedia

Шартты белгілер

Пайдалы сілтемелер

  • Бағдарлау әдістері (орыс тілінде)

http://www.13min.ru/otdyx/sposoby-orientacii-na-mestnosti/

https://www.youtube.com/watch?v=UbLNM1eFdFc

  • Мульфильм Күн сағаты

https://www.youtube.com/watch?v=R12xgz3qCyE

 

БАЛА ЖОҒАЛЫП КЕТСЕ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК: БАРЛЫҚ БАЛАЛАР БІЛУІ ТИІС ҚАҒИДАЛАР

Бала білуі тиіс негізгі ереже:

· өзінің және ата-анасының есімдері;

· ата-анасының телефон нөмірі;

· үйінің мекен-жайы.

Балаңызды тексеріп көріңіз: мысалы, ол үй телефонынан сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, есімдеріңізді және телефон нөмірлеріңізді айтады.

Бала білуі тиіс тағы бір нөмір – 112. Бұл құтқару қызметінің нөмірі және оған үй телефонынан да, ұялы телефоннан да хабарласуға болады.

Бала қалада жоғалып кетсе не істеуі керек?

1. Бала тұрған орнында тұруы тиіс. Ешқайда барудың, қашудың қажеті жоқ. Тек екеуіңіз бірге болған жерден тапжылмауы керек (дүкен, кинотеатр, кафе, ойын-сауық орталығы, сауда орталығы). Сонда оны табу оңайға соғады.

2. Балаңызға формадағы адамнан, яғни полиция қызметкерінен, күзетшіден, бекеттегі кезекшіден немесе сол жерде жұмыс істейтін адамдардан (сатушы, даяшы, әкімші) көмек сұрауына болатынын түсіндіріңіз. Сонымен қатар балалы әйелдің де көмегіне жүгінуге болады.

Назар аударыңыздар!

· Еш күмәнсіз тек полиция қызметкеріне ғана сенуге болады. Бала оны білуі және түсінуі тиіс. Басқа ересек адамдармен араласқанда сақтық таныту керек.

· Танымайтын адаммен ешқайда кетуге болмайды. Тіпті ол анасына алып баруды уәде етсе де.

· Тек отбасы мүшелері ғана білуі тиіс құпия сөз ойластырыңыздар. Ол бөтен адам балаңыз айтқан нөмірге қоңырау шалған уақытта қажет болады. Балаңыз: «Анашым, құпия сөз», – дейді. Сіз оны атағанда, бала телефонның арғы жағында сөйлесіп тұрған анасы, әкесі екендігіне көз жеткізеді.

Бала жол жүру кезінде жоғалып кетсе не істеуі керек?

1. Бала автобустан не метродан уақытынан бұрын түсіп қалып, сіз әрі қарай кете бардыңыз делік. Балаңызға әрі-сәріге күйге түсудің қажет еместігін түсіндіріңіз. Ол түсіп қалған бекетте сіздің қайтып келгеніңізді күтуі керек.

Егер сізді қуып жету үшін басқа автобусқа не келесі метро вагонына отырып кетсе, кездесулеріңіз анағұрлым қиынға соғады.

2. Ал анасы түсіп қалып, бала автобуста қалып қалса не істеуі керек? Онда оған келесі аялдамадан түсіп, анасын күтуі тиіс.

Назар аударыңыз!

Егер бала жоғалып кеткенін түсінсе, ең алдымен оған бар дауысымен айғайлап анасын шақыруы керек. Екеуіңіздің таяқ тастам жерде тұрып, бір-біріңізді көрмей қалатын жағдайлар жиі болып тұрады. Қатты айғайлаудан ұялмауы керегін ұғындырыңыз. http://stan.kz/bala-zhogalyp-ketse-ne-isteui-kerek-bar/

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу