Әр мамандықтың өз мерекесі бар. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: «Мамандықтар әлемі»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әр мамандықтың өз мерекесі бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау

4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогрестің анықтау

4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- әрбір мамандықтың өзінің кәсіби мерекесі болатынын біледі;

- отбасы мүшелерінің мамандықтары қоғам үшін маңызды екенін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- оқушылар бір кәсіби мереке туралы хабарлама жасай алады;

- оқушылар мамандықтардың жойылу себептерін түсінеді;

-оқушылар жойылып кеткен мамандық туралы басқаларға айтып береді;

- техникалық прогресс нәтижесінде мамандықтардың жойылу және пайда болу себебін түсіндіре алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- кәсіби мерекелер тарихын әңгімелей алады;

- өз отбасы мүшелерінің кәсібі туралы айта алады.

Терминология:

  • кәсіби мереке
  • әулет
  • робототехник

Талқылау үшін сұрақтар:

-Сен қандай кәсіби мерекені білесің?

-Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет?

Жазуға арналған тапсырма:

- "Менің болашақ мамандығым" тақырыбындағы эссе жазу.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек адамдарына және олардың қызметінің нәтижелеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қажетті мамандық алуға ұмтылысын дамыту, айналасындағы адамдарға пайда әкелуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша тілді дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың отбасылық қажеттіліктері мен отбасылық бюджетті толықтыру тәсілдері, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы білімдерін қамтиды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

1.Кіріспе тапсырма «Сөзді түсіндір»

- Өз тобыңды тап.

Мамандық

Кәсіби мереке

Отбасы

Мемлекеттік мереке

- Сөздің мағынасын топт түсіндір.

Оқушылар өз топтарын тауып, сөздің мағынасын түсіндіреді.

2.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақтың мақсаты ұсынылады:

- әрбір мамандықтың өзінің кәсіби мерекесі болатынын білу;

- отбасы мүшелерінің мамандықтары қоғам үшін неге маңызды екенін түсіну.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-14

15-21

22-27

28-33

34-37

1.Ойлан (ұжымда)

  • Сенің ата-анаңның мамандығы қоғамда қандай рөл атқарады?
  • Олардың мамандықтары бойынша кәсіби мерекелер белгіленген бе? Қай кезде аталып өтеді?
  • Тағы қандай кәсіби мерекелерді білесіңдер?

Оқушылар өз отбасы мүшелерінің мамандықтарын атайды, тізім тақтада тіркеледі. Содан кейін сұрақтарға жауап береді.

2.Анықта (топпен)

- Кәсіби мереке туралы хабарлама дайындаңдар. Сыныпқа айтып беріңдер.

- Кәсіби мерекелер не үшін керек?

Оқушылар ақпаратпен танысады, әңгіме құрастырады, содан кейін сыныпқа айтып береді.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар бір кәсіби мереке туралы хабарлама жасай алады.

3. Дәлелде (топпен)

- Үйде толтырыған кестеде қамтылған ақпаратпен танысыңдар.

-Бір мамандық иелері бар отбасылар бар ма?

- Әулет дегеніміз не?

-Сендерге өз ата-аналарыңның кәсібі ұнайды ма? Сол мамандықты таңдағыларың келе ме?

Оқушылар кестелерді зерттейді, сыныптастар отбасыларындағы әулет туралы қорытынды жасайды, оқулықтың мәтінін оқиды, "әулет" терминіне тұжырым жасайды.

6.Жойылып кеткен мамандықтар(топпен)

- Карточкадағы ақпаратты оқыңдар.

- Мамандықтың жоғалу себебін түсіндіріңдер.

- Осы мамандық туралы хабарлама дайындаңдар.

-Басқа топтарға айтыңдар.

Топтарда оқушылар ұсынылған ақпаратпен танысады,кәсіптің жоғалу себебін анықтайды, қысқа хабарлама дайындайды және оны басқа топтарға түсіндіреді.

Бағалаукритерийлері:

- оқушылар мамандықтардың жойылу себептерін түсінеді;

-оқушылар жойылып кеткен мамандық туралы басқаларға айтып береді.

7. Зертте (жеке)

- Жаңа мамандық туралы оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

- Оның пайда болу себебін атаңдар.

-Қазіргі уақытта қандай жаңа мамандықтар пайда болды?

Адамдардың өмірі үнемі өзгеріп тұрады. Ғылым мен техника дамыған сайын жаңа өндіріс орындары ашылып, жаңа мамандықтар пайда болады. Сондай мамандықтардың бірі – робототехник. Ол роботтарды құрастырып, жабдықтаумен айналысады. Роботтар адам өміріне қауіпті немесе ауыр жұмыстарды істейді. Уақыт өте келе робототехниктердің де кәсіби мерекелері пайда болуы мүмкін.

Оқушылар жақында пайда болған мамандық туралы ақпаратпен танысады. Осы мамандықтың шығу тарихы жайлы таныстырылым жасайды. Қорытынды жасайды.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №6

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №6

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

38-40

Ойын «Жұбыңды тап»

- Мамандық атауын кәсіби мерекемен байланыстырыңдар.

Оқушылар сабақ қорытындысын шығара отырып, таратпа парақта тапсырма орындайды.

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

Дифференциация-сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоясыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

"Менің болашақ мамандығым" тақырыбында эссе жазуға қабілеті жоғары оқушыларға ұсыныс жасауға болады.

Бағалау және кері байланыс сабақ бойы жүргізіледі.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Жұбыңды тап"ойыны оқушыларға алған білімдерін жүйелеуге, сабақ қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді. Сабақ еңбек адамдарына құрмет, кәсіби мерекелердің мәнін түсінуге бағытталған.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

- Сіздің отбасыңызда қандай мамандық өкілдері бар?

-Сіз қандай кәсіби мерекеге бардыңыз?

- Неге мамандықтар пайда болады және жоғалады?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу