Спорт мамандық ретінде. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.


Өз ісінің шебері

Кез келген спорт түрінде үлкен биіктікті бағындыру үшін арнайы спорт мамандарының көмегі қажет. Спорттық мамандықтарға: жаттықтырушы, спорттық комментатор, спорт журналисі, спорт дәрігері, менеджер және т. б. мамандар кіреді.

Спорттық жаттықтырушының басты міндеті – спортшының қабілетін анықтау, жетістікке жету үшін спортшыға өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын үйрету. Ол үшін жаттықтырушы жаттығу режимін сауатты түрде жасайды, әр спортшыға жекелей тиімді жаттығуларды іріктейді.

Спорт тілшісінің қызметі – спорт жаңалықтарын халыққа жеткізу. Спорт жаңалықтарына жанкүйерлердің сұранысы өте жоғары. Сондықтан тілші өзі жазатын спорттың ережелерінен хабардар болып, жарыста спортшының неге жеңіліп қалғанына, төрешінің неге ондай шешім шығарғанына жауап бере білуі тиісті.

Спорттық дәрігер – спортшылардың жеңіске жетіп, биіктен көрінуіне үлкен үлес қосатын маман. Әр спортшыға дене жаттығулары және спортпен айналысудың тәртібі жайлы нұсқаулар мен кеңестер береді. Жарыстар және жаттығу кезінде жарақат алған жағдайда шұғыл көмек көрсетеді.

Спорттық менеджер – бүгінгі күні біздің еліміз үшін өте қажетті мамандықтың бірі. Спорттық менеджер спорттық клубтар мен спортшылардың іс-әрекетін ұйымдастырады, спорт журналистерімен жұмыс істейді, спортшылардың басқа клубтарға ауысуы және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

  • Әрбір спортшы дәрігерлік бақылаудан жиі-жиі өтіп тұрады. (........)
  • Жаттығуға, жарысқа дәрігердің рұқсатынсыз қатысуға болмайды. (......)
  • Сырқат спортшы бойға көп күш түсірсе денсаулықты бұрынғыдан да әлсіретеді, ал жаттығу жүйесін сақтамауы – ол да спортшы үшін қауіпті. (.........)
  • Жаттығу немесе спорттық ойын кезінде жарақат алмас үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

1.Жаттықтырушының немесе мұғалімнің нұсқауын мұқият тыңда;

2. Ойын ережесін сақта;

3.Ойын кезінде баспен, аяқпен соқтығысып қалудан сақтан.

4.Денеге түрлі жарақат алудан сақтан. (......)

FILA кестесін толтыру:

F - фактілер

I - негізгі ой

L - қажетті ақпарат

A - шешу жолдары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу