Спорт мамандық ретінде. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 07.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С.

Сынып: 4 С

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Спорт мамандық ретінде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.1.4.1 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу

4.1.4.2 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Спорт мамандары туралы әңгімелеу;
  • спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу;
  • спорт түрлеріндегі жарақаттану қауіпін азайту және алдын-алу әдістерін ұсыну

 Бағалау критерилері

Спорт саласындағы мамандардың қызметімен танысу;

спортпен шұғылданған кезде қауіпсіздік ережелерін анықтау және ұсыну

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауіпін алдын алу әдістерін ұсынады

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • мамандықтар, дәрігер, құрылысшы, мұғалім, экономист, заңгер, геолог, эколог, құтқарушы;
  • спорт түрлері, спорт мамандары;
  • спорт түрлеріндегі жарақаттарды алдын алу;
  • қауіпсіздік ережердің тізімі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Спорт мамандық иелерінің бойында қандай білім, дағды икемділік болуы керек?
  • Неліктен спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауіпін алдын алу әдістерін білу маңызды?

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, спорт мамандарының қызметтеріне қызығушылықтары оянып, құрметпен қарауға тәрбиеленеді;

«Өз ісінің шебері» кестесін толтыру барысында оқушы бойында проблеманың шешімін табу дағдысы және өзіндік ой-пікірі қалыптасады

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өткен сабақта мерекелердің шығу тарихымен танысты, кәсіби мерекелер туралы түсінік қалыптасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

  • (Ұ) Өткен сабақты қайталау.

- Ежелгі уақытта мерекелер болғанын қайдан білеміз? (ежелгі жазулардаң, көне ыдыстардан, жәдігерлерден)

- Мерекелер адамға не үшін қажет? Мерекенің басты қасиеті неде?

- Өткен сабақта қандай мерекелермен таңыстық?

(ұлттық, мемлекеттік, кәсіби)

2. Уақыт тізбегіне мерекелерді орналастыру.

Пеш тазалаушы, құдықшы, робототехник, геолог, әнші, жазушы

Ертеде Қазір Болашақта

- Қандай атақты тұлғаларды білеміз? (Қаныш Сатпаев, Қарақат Әбілдина, Абай Құнанбаев)

- Олар қандай салада жұмыс істеген? (ғылым, білім, мәдениет)

-Қай күні біз спорт күнін мерекелейміз?

Бүгінгі сабақта кәсіби мерекелер туралы әңгімені жалғастырамыз. Спорт саласында қандай мамандықтар болады, олардың қызметімен танысамыз және спортпен шұғылданған кезде қандай қауіпсіздік ережелерді сақтау керек екенің анықтаймыз.

Тірек сөздер:

Пеш тазалаушы, құдықшы, шам жағушы, геолог, робототехник

Сабақ ортасы

4 мин

5 мин

5 мин

  • мин

8 мин

  • (Ұ) «Өз ісінің шебері» мәтіннен ақпарат іздеу.

Тапсырманың мақсаты: спорт саласында қандай мамандықтар қызмет ететінің анықтау.

  • Спорт саласында қандай мамандықтар жұмыс атқарады?
  • (Ж) Кластер бойынша жұмыс: «Әңгімеле» (оқулық, 44 б.)

Тапсырма «Тірек сөздер» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады. Тақтаға «спорт», «мамандық», «қызмет етеді» деген тірек сөздерді жазады. Осы сөздерді қатыстырып, спорт мамандықтары туралы сөйлемдер құрастырады. Оқушылар сөйлемдерді жұпта талқылайды. Өздері білетін спорт мамандықтарымен бөліседі. Оқулықтағы спорт мамандықтарының сызбасын оқып, мамандардың қызметі, қажеттілігі туралы пікір алмасады.

Спорт мамандарының қызметтеріне қызығушылықтары оянып, құрметпен қарауға тәрбиеленеді.

Мұғалім:

- Сызбада берілген мамандықтар туралы не білдің?

- Бұл мамандық иелері қандай болуы тиіс?

(Жауаптары:

Оқушылар сызбада көрсетілмеген спорт мамандарын да атауы мүмкін. Мысалы: спорт дәрігері, психологі, спорт менеджері және т. б. Спорт мамандары спорт түрінің ережесін, өтілу формасын жақсы білуі керек. Бұл мамандардың бойында мына дағдылар болу керек: табандылық, болжағыштық, мейірімділік, шешендік, сыпайылық және т. б.).

Дескриптор:

  • спорт саласындағы мамандарды атайды;
  • олардың қызметін анықтайды.
  • (Т) «Ойлан» ойыны. Бұл тапсырма оқушылар спортпен шұғылданудың пайдалы және зиянды жақтары туралы ойлануға берілген. Бұл ойын арқылы оқушылар өз көзқарасын дәлелдеп, қорғап шығуды үйренеді. Бір топ «Спортпен шұғылданған пайдалы» деген көзқарасты жақтаса, екінші топ «Спортпен шұғылданған қауіпті» деген пікірді жақтайды. Нәтижесінде өміріне қауіп төндірмес қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет деген қорытындыға келеді.

Дескриптор:

  • оқушылар спортпен шұғылданудың пайдалы жақтары туралы ойларын айтады;
  • оқушылар спортпен шұғылданудың зиянды жақтары туралы ойларын айтады.

6. (Ө) FILA кестесін толтыру.

«FILA» кестесімен жұмыс. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу. Кесте 4 бағаннан тұрады:

F

фактілер

I

негізгі ой

L

қажетті

ақпарат

A

шешу жолдары

  • Әрбір спортшы дәрігерлік бақылаудан жиі-жиі өтіп тұрады. (жауап: F)
  • Жаттығуға, жарысқа дәрігердің рұқсатынсыз қатысуға болмайды. (жауап: I)
  • Сырқат спортшы бойға көп күш түсірсе денсаулықты бұрынғыдан да әлсіретеді, ал жаттығу жүйесін сақтамауы – ол да спортшы үшін қауіпті. ( жауап: L)
  • Жаттығу немесе спорттық ойын кезінде жарақат алмас үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

1. Жаттықтырушының немесе мұғалімнің нұсқауын мұқият тыңда;

2. Ойын ережесін сақта;

3.Ойын кезінде баспен, аяқпен соқтығысып қалудан сақтан.

4.Денеге түрлі жарақат алудан сақтан. (жауап: A)

Дескриптор:

- мәтіннен түйінді сөздерді теріп жазады.

7. Жұмыс дәптермен жұмыс.

№31 жұмыс парағы: «Өз ісінің шебері».

Тапсырма: бағыттаушы сызықтар арқылы кестені толтыру.

Дескриптор:

- спорттың түрін атайды;

- спортшылардың аты-жөндерін жазады;

- тиісті тірек сөздерді қолданады;

- жарақаттың алдын-алу жолдарын жазады.

Мәтін

оқулық (44 б.)

спорт, мамандық, қызмет етеді,

болжағыштық, мейрімді, әділ, сенімді, салмақты

 

 

Презентация (кластер, сұрақтар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тірек сөздер:

дене шынықтыру, жаттығу жасау, мықты денсалулық;

 жығылу, құлап түсу, соққы алу, жарақат алу, қауіпсіздік ережелері

 

 

 

 

 

 

 Кесте, мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Суреттер,

 Тірек сөздер:

нұсқаулық, жүгіру, жаттықтырушы, қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек, тыңдау, дәрігерлік кеңес, ыңғайлы киім, жаттығу тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, дем алу, жүктемелерді мөлшерлеу.

Сабақтың соңы

6 мин

Қорытынды:

8. «Еңбек туралы» бейнефильм.

-Болашақта жақсы мамандыққа ие болуы үшін біз қандай болуымыз керек?

(еңбекқор, қиындықтарды женетін, өзіне сенімді, адал, т.б)

https://imektep.kz/kz/enbek

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар ақпаратты анықтағанда күрделі сөздерді қолданады, FILA кестесін өз бетімен толтырады, дифференциация ресурстар көмегімен жүргізіледі.

Оқушылардың зерттеулерін олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық жұмыстар барысында бақылау және әрекеттестік арқылы жүзеге асады.

Белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу