Менің ежелгі ата-бабаларым. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • Кіріспе тапсырма.Сабақтың басында оқушыларға бірнеше сөз беріледі. Осы сөздерді оқып, оқушылар бар білімдеріне сүйене отырып, қазақтың ата-бабалары туралы әңгіме болып жатқанын түсінуі тиіс. Олар бір сөзбен "қазақтар", "ата-баба", "адамдар"деп атай алады. Барлық нұсқаларды тыңдаңыз, оларды тақтаға жазыңыз. Бұл сөздерді өзара қалай байланысты екенін талқылаңыз.
  • Сабақ мақсатын анықтау. Егер сабақ басында осындай сөздер пайда болса, оқушылармен сабақ не жайында болатындығы туралы әңгімелесіңіз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын тұжырымдауға алып келіңіз.
  • Қола дәуірі. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топтарда жұмыс істеп, жауап жоспарын пайдалана отырып, андронов адамы туралы әңгіме құрайды. Бір топ әңгімесін сыныпқа ұсынады, қалғандары толықтырулар енгізеді.
  • Анықта.Оқулық материалын, таратпа материалын, интернет ресурстарын, энциклопедияны және басқа да материалдарды пайдалана отырып, оқушылар андронов адамдарының сырт келбетінің сипаттамасын құрайды. Жұмыс жеке жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бірнеше оқушыны тыңдаңыз. Андронов тайпасы адамының портретін көрсетіңіз. Олардың суреттеулері осы портреттің сипаттамасы сәйкес келе ме, оқушылармен талқылаңыз. Бұл тапсырма ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған, сондықтан оқушылар өз мақсаттарынан алшақтамай, алаңдамай, тақырыпқа қатысы жоқ ақпаратты пайдаланбауларына назар аударыңыз.
  • Тарихи фактіні келтір.Оқушылар алдын ала келісіп, жұптасып жұмыс істейді. Табылған ақпараттыпостер түрінде рәсімдейді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өткен екітапсырманыорындау кезінде алған дағдыларын пайдаланады, яғни халықтардың қызметі, өмір сүру және сыртқы келбеті туралы ақпаратты біріктіреді. Содан кейін барлық ақпараттан ең қызықты фактіні таңдап, оны сыныбына хабарлайды. Нәтижесінде әрбір халық үшін ортақ постер жасалады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сақтар мен ғұндар қазіргі қазақтардың ортақ ата-бабалары болып табылады деген қорытындыға келеді.
  • Сипатта.Оқушылар картамен жұмыс істейді, оқулықтағы мәтінді оқиды. Картада халықтардың тұратын орындарын табады, көрші тайпалар мен халықтарды атайды. Жұмыс топта жасалады. Түркі қағанатының құрамына назар аударту қажет: бұл халықтардың барлығы қазақ ұлтының негізі болды. Оқушылар қасқырдың неліктен түркі халықтарындағы аса қастерлі екенін түсініп, қасқырдың қандай қасиеттерін түріктер ерекше бағалағанын ұғынулары қажет.
  • Қорытынды тапсырманы орындай отырып, оқушылар тарихи оқиғалардың тәртібі туралы білімдерін жүйелендіре алады. Жұмыс жеке орындалады. Тексеру жұпта жүргізіледі.

Теориялық материал:

 Ерте заманда қазақ жерін мекендеген тайпалар қоладан түрлі бұйымдар жасауды үйренді. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталады. Ал оның тұрғындарын андронов тайпалары деп атайды. 1914 жылы Ресейдің Ачинск қаласының жанындағы Андронов ауылының маңынан табылуына байланысты ескерткіштерді осылай атаған. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен егіншілік болған. Металдан еңбек құралдарын, қаружарақтар, зергерлік бұйым дар жасаған. Андронов тайпаларында үй шаруа шылығы, тоқыма ісі, қыштан ыдыстар жасау ісі жақсы дамыған. Адамдардың темірді қолдана бастаған кезеңі темір дәуірі деп аталады. Сақ, үйсін, қаңлы, сармат тайпалары Қазақстан аумағын ежелден мекендеп, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді құрды. Олардың бетпішіндері андронов тайпалары мүшелеріне ұқсас болды. Қазақстан жеріне шығыстан келген ғұндар жергілікті тайпалармен араласып, осылайша түркі тілдес халықтар қалыптасты. Жазба деректерде түркі тілдес тайпаларды жалпы атаумен «теле», «тиректер» деп атаған. Анықта

 Тарихта «Халықтар шайқасы» деген атпен қалған Атилланың ғұн-германдықтары мен Аэций басқарған Батыс Рим мен вестготтар арасындағы ұлы шайқас әлі күнге қызу талқыларға негіз. Кейбір деректерде 20 маусым, енді бір деректерде 20-шы маусымнан кейін өтті деп келетін Каталун даласындағы ұрыста ажал құшқан аламан санына қатысты пікірлер де сан алуан. «Алды 165 мыңды атаса, соңы 300 мың адам қарап болды» дейді тарихшылар. Қалай десе де, өркениеттер дамуында зор ықпалын тигізген ұлы көштің басты себепшісі – ғұндардың Каталун даласына дейінгі және кейінгі шежіресінің және сол дәуірдегі халықаралық жағдайдың талайды қызықтырары анық.

 https://e-history.kz/kz/publications/view/3251

 

 Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда,

 Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялык материалдар да көрсете алмады. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D2%B1%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80

 

 Басты бет Қазақстан тарихы Ежелгі Қазақстан Қазақстан аумағындағы тайпалар одағы және ежелгі мемлекеттер Сақтардың тайпалық одақтары Сақтардың тайпалық одақтары 29 Шілде 2013 52165 0 Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш — мемлекет. Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн. Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің

 «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған». Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген. 1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген 2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген. 3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген. Сақтардың шаруашылығы. Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты.

https://e-history.kz/kz/contents/view/258



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу