Менің ежелгі ата-бабаларым. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Мәдени мұра» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Менің ежелгі ата-бабаларым | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.2.1 түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу тарихын түсіндіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - қазақ халқының шығу тегін әр түрлі деректерден ақпарат ала отырып түсіндіреді; -сақтардың, ғұн және түріктердің қазақтармен байланысын анықтайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -сақтарды, ғұндарды, андроновтарды сипаттайды; - қазақтар және олардың ата-бабалары арасындағы байланысты табады; -бірнеше көздерден алынған деректерді пайдаланады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - қазақ халқының шығу тегін әр түрлі деректерден алынған ақпаратты пайдалана отырып түсіндіру; - сақтар, ғұндар, түріктер және қазақтар арасындағы байланыс туралы пайымдайды; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Сақтар мен ғұндар деген кім? -Қазақ халқы қалай қалыптасты? Жазуға арналған сұрақтар:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизмді дамыту, өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың өмір салты, тұрмыс-тіршілігі, ежелгі адамдардың дәстүрлері, сақтар мен ғұндардың ежелгі тайпаларының жетекшілері туралы білімдерін қамтиды. Оқушылардың еліміздің тарихи оқиғаларының хронологиясы туралы түсініктері бар. Картаны оқи алады, шартты белгілермен таныс. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-2 3-6 |
- Бір сөзбен атаңдар: сақтар, ғұндар, сарматтар, үйсіндер, түріктер. Оқушылар өздерінің білімдеріне сүйене отырып, идеялар айтады. Жұмыс фронтальды жүреді.
- қазақ халқының шығу тегін әр түрлі деректерден ақпарат ала отырып түсіндіреді; -сақтардың, ғұн және түріктердің қазақтармен байланысын анықтайды. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 7-13 14-23 24-32 33-37 |
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар. -Жоспарды пайдалана отырып, андроновшылар туралы айтып беріңдер. Оқушылар мәтінді оқиды, жоспар бойынша сұрақтарға жауап табады, Андронов тайпалары туралы ауызша әңгіме құрастырады.
-Андроновшылардың сыртқы сипатын баяндаңдар. - Андронов адамдары қазақ ұлтының өкілдеріне ұқсай ма? Оқушылар портреттік мінездеме жасай отырып, қажетті мәліметтерді жазып, өз бетінше жұмыс істейді. Бағалау критерийлері: - оқушылар андронов тайпасын сипаттайды; - бірнеше көздерден деректерді пайдаланады; - алынған ақпаратты жинақтап, сұраққа жауап бере алады.
-Бірнеше ақпарат көздерін қолдана отырып, сақтар мен ғұндар туралы айтып беріңдер. Оқушылар халықтардың бірі туралы әңгіме құрастыра отырып, жұппен жұмыс істейді. Алынған ақпаратты постер түрінде рәсімдейді. Бағалау критерийлері: -оқушылар сақтар мен ғұндарды сипаттай алады; -қазақтар және олардың ата-бабалары арасындағы байланысты таба алады.
-Картаны зерделеңдер. -Сақтар, ғұндар, түріктер және қазақтар арасында ортақ не? - Неліктен түріктер көк бөріні құрметтеген? - Көк бөрінің қандай қасиеттерін бағалаған? Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, сұрақтарға жауап табады. Топпен жұмыс істей отырып, түріктердің қасқырды құдірет тұтуын түсіндіреді. | Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №4 Интернет желісіне шығуға арналған компьютер. Энциклопедиялар, таратпа материал (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 https://www.youtube.com/watch?v=4AlHjjUPTas – сақтар https://www.youtube.com/watch?v=YEoKnW3TWpY - ғұндар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6 | |||
Сабақтың соңы 38-40 | «Уақыт сызығы» әдісі(жеке) -Халықтар мен тайпалардың пайда болу ретін анықтаңдар. Оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте отырып, кезеңдерді ретімен қойып шығады. Бағалау критерийлері: - оқушылар тарихи кезеңдерді дұрыс анықтай алады. | (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №7 | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға ақпаратты іздеу үшін көптеген дереккөздерді ұсыну. Сабақтағы тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушылар үлгі жауаптарға сүйенеді. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Уақыт сызығы" стратегиясы сабақ бойынша қорытынды жасауға, алған білімдерін жинақтауға және жүйелеуге мүмкіндік береді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Сақтар мен ғұндар туарлы не білесің? - Андронов тайпалары қандай ғасырда өмір сүрді? -Олардың қазақ халқына қандай қатысы бар? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау, жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде иықты тік ұстауды бақылау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды