Қазақ жері – еңбек пен шығармашылық бесігі. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Мәдени мұра» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ жері – еңбек пен шығармашылық бесігі | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.4.1 шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан шығармашыл тұлғалар және еңбек ардагерлері туралы біледі; - іс-шараға билет немесе афиша дайындайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - еңбек саласындағы қызметкерлердің бір өкілі туралы айтып бере алады; - қоғамның өркендеуі үшін әрбір адамның еңбегінің маңыздылығы туралы қорытынды жасай алады; - кіру билеті немесе афиша іс-шара мазмұнын ашады; | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Шығармашыл тұлғалар және еңбек саласындағы көрнекті қайраткерлер туралы айтады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - «Қазақ жері – еңбек пен шығармашылық бесігі» дегенді қалай түсінесің? Жазуға арналған сұрақтар: -шығармашыл тұлғалар және еңбек саласындағы қызметкерлер туралы ойларыңды жазыңдар | ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек (шығармашылық) саласындағы қызметкерлері және олардың қызметінің нәтижелеріне деген құрметті қалыптастыру, өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту. Көркем еңбек: кіру билетін/афиша безендіру | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың Қазақстанның көрнекті тұлғалары, елдің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін қамтиды. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-7 8-10 |
Оқушылар оқулықтағы ақпаратты оқиды, бір ұғымға синквейнді жазады.
- мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан шығармашыл тұлғалар және еңбек ардагерлері туралы біледі; - іс-шараға билет немесе афиша дайындайды. | А4 парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 11-14 15-24 25-29 30-38 |
Оқушылар Абай туралы не білетіндерін және есте сақтағандарын айтады. Содан кейін жазушының сөзін қалай түсінгенін түсіндіреді.
хабарлама дайындаңдар.
Оқушылар ақпаратпен танысады, әңгіме құрастырады, содан кейін ақпаратты бір-біріне қайта жібереді. Бағалау критерийлері: - еңбек саласындағы қызметкерлердің бір өкілі туралы хабарлама жасайды; - қоғамның өркендеуі үшін әрбір адамның еңбегінің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды;
-Біздің қаламыздың еңбек адамы туралы әңгіме құрыңдар. - Неге тап осы мамандық иесін таңдадыңдар? Оқушылар еңбек адамын өздері таңдайды. Шағын әңгіме құрап, оны сыныпқа айтып береді.
-Оқулықтағы ақпаратты оқыңдар. - Әр түрлі іс-шараларға арналған афишалар мен билеттерді қарастырыңдар. Онда қандай ақпарат бар? - Сендердің кез келген іс-шараға, қойылымға немесе концертке кіруге мүмкіндіктерің бар екенін елестетіңдер. Осы іс-шараға афишаны немесе билетті жасаңдар. Топта оқушылар афишаның немесе билеттің мазмұнын анықтайды, тапсырманы орындайды. Дайын жұмысты тақтаға орналастырады. Бағалау критерийлері: - кіру билеті немесе афиша іс-шара мазмұнын ашады; | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №4 Таратпа парақтар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Газеттер мен журналдардан кесінділер, Ғаламторға қосылған компьютер А4, А3 парақтар Фотосуреттер, желім, қайшы, маркерлер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6 | |||
Сабақтың соңы 39-40 | «Қорытынды жаса» -«Қазақ жері – еңбек пен шығармашылық бесігі» дегенді қалай түсінесің? Талқылау -Барлық афишалар мен билеттерді қарастырыңдар. Үздік жұмысқа дауыс беріңдер. Оқушылар топтардың барлық жұмыстарымен танысады, ұнаған жұмысты таңдап, оған стикерді бекітеді. | Стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға өңірдің еңбек және шығармашылық мамандықтарының көрнекті өкілдері туралы жеке әңгіме жазуды ұсынуға болады. Қабілеті төмен оқушыларға афишаны немесе кіру билетін жасау бойынша жадынаманы ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Қорытынды жаса" тапсырмасы оқушыларға алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сабақ еңбек адамдарына және шығармаылық тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастырады, мамандық алуға ұмтылысын арттырады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Сабақта қандай көрнекті адамдар туралы білдің? Олар немен танымал болды? - Өскенде қандай мамандық иесі болғың келеді? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?