Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Адами құндылықтар» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау. 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. | |||||
Бағалау критерийлері | Өз құқықтары мен міндеттерін ажыратады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылардың сөздік қоры құқық, міндет, бостандық сөздерін үш тілде атап үйренумен толығады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге жетелеу. | |||||
Мектеп миссиясы, пайымдау, ғаламдық азаматтылық | Адами қасиеті жоғары тұлға тәрбиелеуге ықпал ету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | АКТ-да ҚР Конституциясы туралы ақпараттар іздейді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы білімі бар. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Т) (Дифф) Ой қозғау. Әр топқа оқушылар білмейтін ойын (бұл ойын ережесін мұғалім түсіндірмейді) түрі ұсынылады. Бірақ ережесін түсіндірмеу керек.(Оқушылардан ойын ережесі бойынша сұрақ туады) | Тоғызқұмалақ, Қара құлақ, алақан соқпақ, Түлкі мен балапандар т.б. | ||||
Сабақ ортасы 32 минут
| (МК) Оқушылар ойынды ережесіз ойнай алмайды. - Неге сендер ережесіз ойынды ойнай алмадыңдар? - Ережесіз ойын бола ма? - Ережесіз ойындардың жеңімпазы бола ма? - Өмірде де белгілі ережелер мен заңдар болмаса қалай болар еді? - Ереже мен заңдар не үшін қажет? - ҚР Конституциясы деген не? (МК) Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы қысқаша түсінік беру. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. (МК) ҚР Конституциясынан оқушыларға түсінікті бірнеше тарауды көрсету. Мысалы, 1- тараудың 7-бабының 1-тармағы: 7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 12-бап 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 15-бап 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. 34-бап 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. (МК) Оқушыларға құқық пен міндеттің арасындағы айырмашылық туралы түсіндіру. Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы.Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап. (Ж) (ҚБ) Әр жұпқа төменде берілген құқықтары мен міндеттерін араластырып беру. Оқушыларға екі бағанға бөліп қағазға жабыстыруға тапсырма беру. Құқық Міндет 1. Мектептің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтау... 2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындау... 3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру...4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге... 5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуы... 6. Сабаққа 15 минут ерте келуге... 7. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтау... 1. Әр бала өз ата-тегін алуға ...2. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге ...3. Тегін ауруханада емделуге... 4. Тегін білім алуға, демалуға, ойнауға... 5. Өз ана тілінде сөйлеуге... (Ұ) АКТ да ҚР Конституциясы туралы ақпараттар табу. Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісуге болады. Ол үшін «Жеті жарғы» туралы алған білімді еске түсіру. Үйге тапсырма. Өз міндеттері туралы жазу, әңгімелеу. | Слайд, суреттер
Флипчарт, А4 форматты қағазы, желім | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. «Сұрақтар сатысы» Оқушыларға сатының суреті беріледі. Сатының әр басқышында тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған. Қай сұрақтың жауабын біледі, соны бояп көрсетеді. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. Әр топқа қабілетіне қарай ойын түрлері беріледі. | Құқықтары мен міндеттерін ажыратып, екі бағанға топтастыруы бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Ақпарат іздеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?