Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады? Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Кірубилеті» деп аталатын белсенді оқыту тәсілі арқылы ұйымдастырылады. Бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы сыныптарда өткен материалдарын (кіріс, шығыс, жинақ) еске түсіруге, оқу үдерісінде белсенділігін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Сыныптағы оқушылар санына сәйкес үлестірме қағаз дайындалуы тиіс. Әр оқушыға «кіру билеті», яғни бір сөйлем жазылған үлестірме қағаз таратылады. Оқушылар қолындағы үлестірме қағаздың мазмұнына қарай топтастырылады. Олар тақтада ілінген есіктерге сәйкесінше өз үлестірме қағаздарын жабыстырады. Қандай белгі бойынша топ құралғанын негіздеп таныстыру керек. Оқушылар материалдарды «міндетті қажеттілік», «қалаулы қажеттілік», «жомарттық», «ысырап» категорияларына бөліп, талдайды.

Отбасының жетістігіне байланысты оқушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін екенін ескеру қажет.

  • Оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдап, орындалған тапсырмаға сүйене отырып оның мақсаттарын болжай алады.
  • Ойлан. Оқушылармен бірге әдетте ақшаны қайда жұмсайтынын талқылаңыз? Және олар ақшаны өз шығындарына қайдан алады? Содан кейін оқушылар Олжастың бюджетінің мәліметтері ұсынылған оқулықтағы кестені талдайды, сұрақтарға жауап береді. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өздерінің табыстары және/немесе шығындары туралы тәжірибесінен мысалдар келтіре алады. Оқушылар қаражатты жұмсауға ұқыпты қарау қажеттігін түсінуі қажет. Сонымен бірге, олармен бірге ұқыптылық пен сараңдық – бұл әр түрлі қасиеттер екенін талқылаңыз,сараң және тар болмай, ұқыпты және үнемді болу керек. Түсіндірме сөздіктерден осы сөздердің мағынасын табуды ұсыныңыз. Қабілеті жоғары оқушылар Ы. Алтынсариннің «Ұқыптылық пен сараңдық» әңгімесін айтып бере алады.
  • Анықта. Сабақтың тақырыбын дамыта отырып, оқушылар "Олжастың әңгімесі" мәтінін оқып, отбасылық бюджеттің құрамын анықтайды. Бюджеттің шығыс бөлігінде оқушылардың назарын "коммуналдық қызметтер" ұғымына аудартыңыз, терминнің мағынасын түсіндіруді және коммуналдық төлемдерде үнемдеуге болатынын ойлауды сұраңыз. Оқушылар су мен электр энергиясына ұқыпты қарау, есептеу құралдарын орнату отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік беретінін түсінуі тиіс. Мәтіннің мәліметтері бойынша оқушылар топтарда кестені толтырады, мәліметтерді тиісті ұяшықтарға енгізеді, содан кейін математикалық білім мен дағдыларға сүйене отырып, бір ай және бір жыл ішінде қорытынды шығарады. Бұл тапсырма оқушылардың экономикалық сауаттылығы мен жоспарлау дағдыларын қалыптастырады. Олжастың бюджеті мысалында, олар бюджет шығынының отбасы табысының артпайтынын көреді.
  • Миға шабуыл «Ойыңмен бөліс». Отбасы бюджетін талқылай отырып, отбасының барлық мүшелерінің өз қалауы мен мұқтаждығы бар екенін түсінуді қалыптастыру қажет. Отбасы бюджетін жұмсау дәл осыған бағытталған. Оқушылар бюджетті дұрыс жоспарлау есебінен отбасы мүшелерінің армандарын жүзеге асыруға болатынын түсіне алады. Оқушылар отбасылық бюджетті үнемдеуге балалар да өз үлесін қоса алатынын түсінеді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар "депозит" ұғымымен отбасы табысын арттыру тәсілдерінің бірі ретінде танысады. Отбасы бюджетін ұлғайтудың және оны үнемдеудің ықтимал тәсілдері бойынша барлық идеяларды А3 форматтағы параққа сызба немесе кесте түрінде ресімдейді. Дайын сызбаларды оқушылар "Карусель"әдісін пайдалана отырып, өзара тексеру үшін шеңбер бойынша береді.
  • Рефлексия кезеңінде "Сөйлемді аяқта" стратегиясын қолдану оқушылардың назарын сабақтың негізгі аспектілеріне аударуға мүмкіндік береді-ақылға қонымды қаражат жұмсау, отбасы мүшелерінің тілектерін іске асыру үшін құралдарды пайдалану.

Теориялықматериал:

  • Негізгіұғымдар:

Отбасылық бюджет - отбасытабысыныңбелгілібіруақыттағыкірісі мен шығысы.

Кіріс – бұлеңбегіңеқарайтөленгенайлықтабыснемесежинақталғанматериалдыққұндылық.

Шығыс – күнделіктіқажеттіліккежұмсалғанқаражат.

Үнемделген ақшаны көбейтуге болады. Бұл үшін банктен есепшот ашып, оған үнемделген ақшаны салып отыру қажет. Банк сенім білдіргені үшін жеке тұлғаға белгілі бір мөлшерде ай сайын сый ақы беріп отырады. Осылайша ақша салымы біртіндеп көбейе береді. Банкте ақша неғұрлым ұзақ уақыт сақталса, соғұрлым шотқа үлкен сомада сыйақы береді. Осылай ақша жинау депозит деп аталады.

Депозит (банк салымы) -ақша қаражатымен қандай да бір қаржы операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болатын табыс алу мақсатында қандай да бір тұлғаның кредиттік мекемеге беретін ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасы.https://fin-journal.ru/chto-takoe-depozit-prostymi-slovami/

Коммуналдық төлемдер-бұл тұрғын үйдің меншік иелері мен жалдаушылары мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге ақы төлеу. Коммуналдық қызметтерді төлеу бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады. Коммуналдық төлемдерді төмендету мақсатында жеке есептегіштерді орнату және жеткізуші кәсіпорындар ұсынатын ресурстарды ұқыпты жұмсау қажет.

https://zakon.wiki/zkh/kommunalnye-platezhi/kommunalnye-uslugi.html

 Жомарттыққақарама-қарсыұғым – сараңдық.

 Сараңдық: көзқимаушылық, бергісікелмейді, қызғаныш.

  • Пайдалы сілтемелер:
  • Жеке жәнеотбасылыққаражаттыжоспарлау

https://www.youtube.com/watch?v=QdLtQ1XBjHo

  • Электр энергиясынүнемдеужолдары

https://www.youtube.com/watch?v=8axNMPxhI8k

  • Қаржылық IQ - Отбасылық бюджет

https://www.youtube.com/watch?v=YGThDq_D0nU

  • Бүгін - Халықаралықүнемдеукүні

https://www.youtube.com/watch?v=tW1JOjLf7FE

https://www.google.kz/search?q=%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B1%D1%8E%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82&rlz=1C1GGGE

http://www.fingramota.kz/video/detail.php?ELEMENT_ID=613

Ы. Алтынсарин «Сараңдық пен жинақылық»

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жимыз деп, әр үйге қыдырып барып жүріп бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсын деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады:- Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес,-деп. Мұны есітіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті: «Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық». Ішінде біреуі айтты:- Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік. Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі өсе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын керіп жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің далада байды сараңға қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты:

- Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті; жинақтылық - сараңдыққа қосылмайды,- деді дейді.

https://reader.bookmate.com/UekYVlsc

  • Қосымша:

Отбасылық бюджет құруды білесіз бе?

 Қазіргі нарықтық кезеңде адами капиталдың дамуы үшін отбасы бюджетін дұрыс жоспарлаудың да жауапкершілігі зор. Қандай да бір ұйым алға қарай ілгерілеуі үшін әр түрлі шешімдер қабылдап отырады. Үй шаруашылығын  басқару да сол секілді. 

Отбасылық бюджет – бұл әдетте бір ай мерзіміне жасалатын, отбасының ақшалай табыстары мен  шығындарын реттеу жоспары. Бюджетті жүргізудің басты мақсаты – бұл шығындарды бақылау. Кейбір ерлі-зайыптылар бюджетті жүргізуді қызықсыз және езбе шаруа деп санайды. Одан бөлек, қанша ақша жұмсалып жатқаны шамамен онсыз да белгілі деп ойлайды. Демек, мәселенің мәнісі  осында – біз шығындарды нақты емес, шамалап білеміз! Табыс пен шығындардың бір қарапайым есебінің өзі шығындардың 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ай сайынғы шығындар жылына қаншалықты соманы құрайтынын елестете беріңіз. Бюджетті құру кезінде басшылыққа алудың ең басты қағидасы – бұл есеп және бақылау. Бұл жағдайдың өзгеруін дер кезінде аңдап, қосымша шығынсыз ету үшін қажет. Бір жағынан бұл қажетті қаражаттар мөлшерін көруге, енді бір жағынан ақшалай қаражаттар қашан шығындалғанын жоспарлау үшін керек.

Әдетте жанұялық бюджеттің ең кең таралғаны – бірлескен әдісі. Мұнда әкесі мен шешесі (атасы, әжесі сонымен қоса ересек балалары) тапқанын ортаға салып, белгілі уақыт аралығында (әдетте бір айға) алынған соманы қалай бөлу қажет екенін шешеді. Мұндай әдістің ең басты артықшылығы – бірлікті сезінуде. Бюджеттің мұндай әдісінде балалар отбасы ісіне қатысуда  жауапкершілікті ерте сезіне бастайды.

Отбасылықбюджетке бала да үлесқосаалады

.

Авторы: Т.ҚАСЫМ.  «Шымкент келбеті»

 http://oknews.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу