Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады? Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: «Құндылықтар»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау;

4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдайды;

- отбасылық бюджетті оңтайландыру жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-"коммуналдық төлемдер", "депозит" ұғымдарына анықтама бере алады;

- бюджеттің шығыс және кіріс баптарын анықтай алады;

- бюджетті үнемдеу тәсілдерін анықтай алады;

- кірісті ұлғайту тәсілдерін атай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-отбасылық бюджеттің кірісі мен шығысын оңтайландыру жолдарын ұсына отырып талдай алады.

Терминология:

  • коммуналдық төлемдер
  • депозит

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Балалар бюджетті үнемдеуге қандай үлес қоса алады?

- Депозит дегеніміз не?

Жазуға арналған сұрақтар:

  • Қаражатты үнемдеу үшін....
  • Ақшаны жинау үшін....

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелерінің еңбегіне және оның еңбегінің жемісіне деген құрмет қалыптасады, экономикалық сауаттылықтың негізі қаланады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдысыларын дамыту; сөз-синонимдер, түсіндірме сөздіктермен жұмыс.

Математика: бюджетті есептеу.

Әдебиеттік оқу: Ы.Алтынсарин әңгімелері

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың «табыстар мен шығындар, үнемдеу, отбасылық бюджет, отбасы мүшелерінің міндеттері, отбасының қоғамның дамуына қосқан үлесі» туралы білімдерін қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-6

  • Кіріспе тапсырма «Кіру билеті»

-Сенің "кіру билетіңде"не жазылған?

-Осы билетпен қандай "есікке" кіруге болады: міндетті қажеттілік, қалаулы қажеттілік, жомарттық, ысырап?

Оқушылар билетте не жазылғанын оқиды. Ұсынысты талдайды және өз билетін есіктің суреті бар суреттердің біріне орналастырады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

Сабақ мақсаты ұсынылады:

- отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау;

- отбасылық бюджетті оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Оқушылар саны бойынша тарату парақтары, 4 есік суреті бар суреттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №2

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-13

14-24

25-36

  • Ойлан (топпен)

- Күнделікті жұмсайтын ақшаны қайдан аласың?

Оны қайда жұмсайсың?

- Оқулықтағы кестені оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

- Айдың басы мен аяғындағы бюджетті салыстырыңдар. Неге айдың соңында табыс артты?

- Қандай қосымша табыс көздері пайда болды?

- Ақшаны үнемдеу үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?

- Үнемділіктің артықшылығы неде?

-Қалай ойлайсыз, сараңдық пен жинақылық-бұл синонимдер ме? Сөздіктен қарап тексеріңдер.

Оқушылар топпен жұмыс істейді, кесте мәліметтерін талдайды және сұрақтарға жауап табады.Әдеби шығармалардан және өз өмірлерінен мысалдар келтіреді.

  • Анықта (топпен)

- "Олжастың әңгімесі"мәтінін оқыңдар.

- Отбасы кірісі неден тұрады?

- "Коммуналдық төлемдер"деген не?

- Отбасында тағы қандай шығындар бар?

- Кестедегі мәтін мәліметтерін рәсімдеңдер.

Отбасының жылдық бюджетін есептеңдер.

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар "коммуналдық төлемдер" ұғымына анықтама береді;

- бюджеттің шығыс және кіріс баптарын анықтайды;

- кестедегі мәтіндерді рәсімдейді;

- жылдық отбасы бюджетін есептейді.

5. Миға шабуыл «Ойыңмен бөліс» (топпен)

- Отбасы мүшелерінің біреуінің арманын орындау үшін бірінші кезекте ақша жинау керек пе?

- Неден үнемдеуге болады?

- Жинаған ақшаны қалай арттыруға болады? Депозит дегеніміз не?

- Балалар бюджетті үнемдеуге қандай үлес қоса алады?

Оқушылар топпен жұмыс істейді, сұрақтарды талқылайды. Параққа бюджетті көбейту және қаражатты үнемдеу тәсілдерін түсіреді. Орындалған тапсырмалар өзара бағалау үшін топтан топқа беріледі.

Бағалау критерийлері

- оқушылар бюджетті үнемдеу тәсілдерін анықтайды;

- оқушылар табысты арттыру тәсілдерін атайды;

-олар да отбасылық бюджетті үнемдеуге үлес қоса алатынын түсінеді.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Түсіндірме сөздік

«Сараңдық пен жинақылық» әңгімесіне сілтеме:https://reader.bookmate.com/UekYVlsc

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №4

А3 парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №5

Сабақтың соңы

37-40

«Сөйлемді аяқта» стратегиясы

Оқушылар келесі сөйлемді аяқтаулары қажет:

Қаражатты үнемдеу үшін....

Ақшаны жинау үшін....

Оқушылар сабақта алған білімдерін жинақтап, тапсырмаларды жеке карточкада орындайды.

Карточкалар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №6

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға топ жұмысын бағалау, түсініктеме беруді ұсынуға болады. Рефлексия кезеңінде шығармашылық тапсырма «Үнемдеудің сараңдықтан айырмашылығы неде?» тақырыпқа эссе жазуды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Сөйлемді аяқта" стратегиясы сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақ бюджетті бөлу, себеп-салдарлық байланысты орнату қабілетін дамытады.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

- Отбасылық бюджет қалай қалыптасады?

- Бюджетті үнемдеуге қалай көмектесе аласың?

- Депозит дегеніміз не?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу