Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- Сабақтың басталуы. Сабақты оқушыларды тақырыпқа тартудан бастау керек. Ол үшін ассоциацияны "өзін-өзі басқару" және "көшбасшы" сөздеріне нұсқалар бойынша жазуды ұсыныңыз. Оқушылар кезек бойынша, кезекпен тақтаға шығып, өз ассоциациясын тиісті бағанға жазады. Бір бағанадағы сөздердің қайталанбауын қадағалау керек. Барлық оқушылар бірінші тапсырманы орындап болған соң, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға өтіңіз.
- Байқап көр (топпен)
Тапсырманы орындау үшін оқушыларды топтарға деңгейлерімен бірдей болатындай етіп бөліңіз. Оқушылар топта ересектердің көмегінсіз, өз бетінше қандай сұрақтарды шеше алатынын талқылайды. Содан кейін тізім жасайды. Топтарда тапсырма орындалса, оқушыларға бір-бірін қайталамай, кезек бойынша тізімнің бір тармағы бойынша атауды ұсыныңыз. Барлық айтылған идеялар кластерді құрастыра отырып, тақтаға жазылады. Идеяларды жазу кезінде оқушыларға кейбір сұрақтарды өздері шеше алмайтынын және мұндай жағдайларда ересектерге жүгіну қажет екенін еске салу керек.
- Оқушылар оқулықтың мәтінімен танысады. Содан кейін әрбір топ дайындалуы қажет іс-шара атауы бар карточка алады. Карточканы таңдауды жеребе тастау арқылы ұйымдастыруға болады. Топта оқушылар іс-шараға дайындық жоспарын жасап, талқылау нәтижелерін кестеге енгізу қажет. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрбір топ өз жұмысын таныстырады. Не нәрсе қиын болғанын талқылаңыз-жұмыс кезеңдерін анықтау немесе топта ортақ тілді табу, басқаларды шешімнің дұрыстығына сендіру?
- Болжап көр (жұппен)
Тапсырманы орындауға кірісе отырып, фронтальды әңгіме жүргізіңіз: сабақ басталған ассоциация қатарларын салыстырыңыз. Оқушылар көшбасшының өзін – өзі басқару қатарына енудің қажетті шарты екенін түсінуі тиіс. Содан кейін оқушылар өз бетімен оқулықтағы мәтінді оқиды, мектептің өзін-өзі басқару сызбасын қарайдыы. Содан кейін жұп өзін-өзі басқарудың әрбір құрылымдық бірлігі немен айналысатынын талқылайды. Оқушылардың "Әділет министрі" терминін түсінуін нақтылаңыз, өйткені бұл терминнің түсіндірмесі сабақ материалында жоқ. Әр топ 3-4 министрлікке арналған кестені өз таңдауы бойынша толтырады.
- «Өзін өзі басқару орталығы» жобасы
Өзін-өзі басқару орталығының жобасын әзірлей отырып, оқушылар топтарда жалпы идеяларды іздейді, өз идеяларын қағаз парағына жазады, ақпаратты құрастырады. Әр топ өз жобасын сыныпқа таныстырады. Топтар "Сандвич" әдісін қолдана отырып, бір-бірінің бағалайды. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өзін-өзі басқару көшбасшылардан, үздік оқушылардан тұрады деген түсінігін бекітеді.
- Тапсырманы орындай отырып, оқушылар алған білімдерін жинақтап сабақ қорытындысын шығарады. Оқушылар көшбасшы болу үшін қандай қасиетті дамыту керектігін және олардың өздерінің бойында сол көшбасшылық қасиеттері бар ма екенін түсіне алады.
- Ассоциациялар сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Шақыру кезеңінде бұл әдіс оқушыларды сабақ тақырыбын болжауға, олардың тақырып бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте оқушылар қателесуден қорықпайды, себебі бұл жағдайда жауап беру қаупі жоқ, өйткені әр адамның өз ассоциациялары бар. http://pedsovet.su/publ/205-1-0-5762
- "2 минуттық эссе" сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдеріне жатады. Бұл оқушылардың не ойлайтынын түсінуге бағытталған еркін хат. Эссе проблеманы талқылағаннан кейін сыныпта жазылады. Тәуелсіздікті, даралықты, аргумент келтіруді бағалайды. https://multiurok.ru/blog/mietody-i-priiemy-razvitiia-kritichieskogho-myshlieniia-na-urokakh-russkogho-iazyka-i-litieratury.html
Теориялық материал:
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы -оқушылардың білім беру мекемелерінің басқару жүйесіне араласу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын, ерікті, қоғамдық бірлестік.
С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігі "көшбасшы" анықтамасына мынадай анықтама береді: "Қандай да бір ұжымда бедел мен әсерге ие адам".
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, қызметті жоспарлауға және оның салдарын болжауға алғашқы қадам болып табылады. Өзін-өзі басқаруда оқушылар өздерінің басқару және көшбасшылық дағдыларын жүзеге асырады, айналасындағылармен ортақ тіл табуды, олардың пікірлері мен тілектерін ескеруді үйренеді.
Қосымша
«Өзін-өзі басқару» ұйымы Президентін ұлықтау. https://www.youtube.com/watch?v=Ffmh1crk5nA
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?