Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: «Құндылықтар» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Жауапкершілікті өз мойныма аламын | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру 4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсінеді; - оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - мектептің өзін-өзі басқару құрылымында әрбір министрлік немен айналысатынын анықтай алады; - өзін-өзі басқару ұйымының қатарына кіру үшін қажет шарттарды анықтай алады; - көшбасшының жеке қасиеттерін анықтай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - мектептегі өзін-өзі басқарудың рөлі туралы айтады; - мектептің өзін-өзі басқару мүшесі болу жолдарын түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? - Өзін-өзібасқару не үшін қажет? Жазуға арналған сұрақтар:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді азаматтық ұстанымды түсіну қалыптасады, өзбеттілік пен жауаптылыққа ұмтылады, көшбасшылық дағдылары дамиды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | оқушылардың мектеп, қоғам, мемлекет басқарудағы Президенттің рөлі туралы білімдерді қамтиды. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 6-8 |
Оқушылар өз бетімен ұсынылған сөздерге ассоциацияларды тақтаға, кезекпен шығып (нұсқалар бойынша) жазады. Өз жұмыстарын, "үш шапалақ" әдісімен бағалайды.
-мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіну; - оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4 | |||
Сабақ ортасы 9-13 14-20 21-26 27-37 |
Оқушылар топпен жұмыс істейді, сұрақтар мен істер тізімін жасайды. Содан кейін топтар кезек бойынша өз идеяларын оқиды, оларды тақтада көрсетеді.
- Оқулықтағы мәтінді оқыңыз. - Іс-шара дайындау бойынша әр топ – штаб болып саналады. Іс-шара сәтті өту үшін не істеу керек екенін талқылаңдар. - Кестеге негізгі қадамдарды жазыңдар. -Не туралы келісу қиын болды? - Өз жұмыстарыңды бағалаңдар. Оқушылар топпен жұмыс істейді. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін іс-шараны дайындау бойынша тапсырманы орындайды. Бағалау "Бас бармақ" әдісімен жүргізіледі. 5. Болжап көр (жұппен) -"Көшбасшы" және "өзін-өзі басқару"сөздеріне ассоциативті қатарларды салыстырыңдар. Ортақ белгі бар ма? - Осы сөздер арасындағы байланысты түсіндіріңдер. - Оқулықтағы мәтінді оқыңдар. - Мектептің өзін-өзі басқару сызбасын қарастырыңдар. - Мектептегі өзін-өзі басқарудың әрбір құрылымдық бірлігі немен айналысатынын айтып беріңдер. - Мектептің өзін-өзі басқару мүшесі қалай болуға болады? Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, сұрақтарды талқылайды. Кестеде өз идеяларын көрсетеді. Бағалау критерийлері: -оқушылар көшбасшының жеке қасиеттерін анықтайды; - оқушылар мектептің өзін-өзі басқару құрылымында әр министрлік немен айналысатынын анықтайды; - өзін-өзі басқару ұйымының қатарына кіру үшін қажетті шарттарды анықтайды.
-Өзін-өзі басқару орталығының жобасын дайындаңдар: атауы, қызметтері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар, жұмыс кестесі Оқушылар топта оқулықтағы кестені қолдана отырып, жоба әзірлейді. Дайын болған жобалар сыныпқа таныстырылады. Топтар "Сэндвич" әдісін пайдалана отырып, бір-бірін бағалайды. | А4 парақтар, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Іс шаралар атаулары бар карточкалар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №5 А3 парағы, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6 | |||
Сабақтың соңы 38-40 | 2 минуттық эссе «Қалай көшбасшы болуға болады?» Оқушылар тапсырманы жеке, дәптерде орындайды. Кейбір оқушылар өз эсселерін сыныпқа оқи алады. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №7 | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға топ жұмысын бағалауды, пікір беруді ұсынуға болады. Берілген министрліктерге арналған Өзін-өзі басқару құрылымы бойынша кестені толтыру. Рефлексия кезеңінде шығармашылық тапсырма – "Мен қандай көшбасшымын"тақырыбында эссе ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "2 минуттық эссе" стратегиясы сабақта алған білімдерін жинақтауға, өзінің көшбасшылық қасиеттеріне баға беруге мүмкіндік береді.Сабақ өзін-өзі басқару және көшбасшылық туралы түсініктерді дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз. - Мектептің өзін-өзі басқару ұйымын кім басқарады? - Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?