Мен елімнің кішкентай азаматымын. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- Кіріспе тапсырма «Аталмаған тақырып». Сабақты бастап тақтаға "сабақ тақырыбы" деп жазып тоқтаңыз. Оқушыларға төмендегідей атйып, талқылауды ұсыныңыз: "сабақтың тақырыбын жариялау керек"немесе"сабақтың тақырыбын жариялаудың қажеті жоқ". Сыныпты 2 топқа бөліңіз және әрбір топқа ұсынылған ұстанымдардың бірін дәлелдеуді ұсыныңыз. Оқушыларға талқылау мүмкіндігін беріңіз. Оларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау олардың жұмысын аса мағыналы, мақсатты етіп жасайтынын түсіну керектігіне әкелу керек.
- Қандай жағдай болуы мүмкін? Оқушылар топта ұсынылған жағдайларды талқылайды. Осы тапсырманы орындау үшін оқушыларды партаға отырғызу арқылы топтарға бөлуге болады. Әр топ өз жағдайын талқылайды, қорытынды жасайды, өз қорытындысын шығарады. Оқушылар жалпы шешімге келуі керек, бүкіл қоғамның игілігі үшін белгілі бір ережелерді сақтау және өз міндеттерін орындау қажет.
- Ойлан.Оқушылар ұсынылған суретті қарастырады. Парақта жалпыпостер жасайды: құқықтар мен міндеттер. Содан кейін постерлер топтан топқа беріледі. Әрбір топ постермен танысады, қажет болған жағдайда өз толықтыруларын немесе өзгертулерін енгізеді. Барлық постерлер бастапқы топқа қайта оралғанда: қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, неге екендігін талқылауды ұйымдастыру қажет. Оқушылар біздің елімізде барлық адамдардың өздері пайдалана алатын құқықтары бар екенін түсінуі тиіс. Сондай-ақ, орындауға тиіс міндеттер бар екенін түсіну керек. Топтың жұмысын "үш шапалақ"әдісін қолдана отырып бағалауға болады.
Жұмысты аяқтай отырып, оқушылар азаматтардың барлық құқықтары мен міндеттері баяндалған құжатты атауға тиіс. Содан кейін Конституция туралы оқулықтағы мәтінді оқыңыз.
- Конституцияда қалай айтылған?Оқушылар жұптарымен берілген тұжырымдарға сай Конституция баптарын іздейді. Ол үшін оқушылар ҚР Конституциясын, "Адам және азамат"бөлімін пайдаланады. Содан кейін кері тапсырманы орындайды – Конституцияның баптарына тұжырымдарды сәйкестендіреді. "Бас бармақ"әдісін қолдана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.
- Шетелдік досыңа түсіндір.Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар сабақта алған білімдерін жинақтайды. Әр оқушы өз бетімен жұмыс істейді. Тапсырма «Шетелдік досына түсіндір» деп аталатынын естен шығармау керек. Яғни, жауап беру кезінде ескеру керек.
- «Сөйлемді қалпына келтір».Топтарда оқушылар жекелеген сөздерденсөйлем құрастырады. Осылайша, олар бүкіл сабаққа қорытынды жасай алады.
Конституция баптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
http://www.akorda.kz/kz/official_documents/constitution
Бұл сабақтың контекстінде ел Конституциясында белгіленген азаматтың құқықтары туралы сөз болып отыр. Азаматтың құқықтары адам құқықтарына бірдей емес, адам құқықтары-бұл адамның тууына байланысты ие және оның мемлекетке тиесілігіне тәуелді емес өмір сүру, еркіндік және жеке қол сұғылмаушылық құқығы сияқты табиғи және бөлінбейтін құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы. Азаматтың құқықтары-бұл адамға оның мемлекетке тиесілігіне қарай ғана бекітіліп берілетін құқықтар мен бостандықтар. Бұл жағдайда әрбір азамат адам болып табылады, бірақ әрбір адам азамат емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?