Мен елімнің кішкентай азаматымын. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: «Құндылықтар» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Мен елімнің кішкентай азаматымын | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау; 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары және міндеттерінен мысалдар келтіру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды; - Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіреді. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерін анықтайды; - Конституция бабын дұрыс таңдайды; -ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіреді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіреді; -Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Еліміздің азаматтары қандай құқықтарды пайдаланады? - Конституцияның қандай баптарын білесіңдер? Жазуға арналған сұрақтар:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді азаматтық ұстаным туралы түсінік, өз елінің заңдарын құрметтеу қалыптасады,көшбасшылық дағдылар дамиды. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | оқушылардың Конституция, адам құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қамтиды. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-4 5-7 |
«Аталмаған тақырып»
Оқушылар әр позицияға идеяларын дәлелдей отырып, тақырыпқа пікір талас жүргізеді. Жұмыс фронтальды өтеді.
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау; - Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттеріне мысал келтіру. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №2 | |||||
Сабақ ортасы 8-12 13-23 24-30 31-38 |
- Мұндай жағдайларда не болуы мүмкін деп ойлайсыңдар. - Қорытынды жасаңдар. Оқушылар топта жұмыс істейді, ұсынылған жағдайды талқылайды. Әр топ өз пікірін сыныпқа хабарлайды. Жалпы әңгіме барысында оқушылар заңдарды сақтау қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
- Суреттерді қарастырыңдар. -Осы жағдайларда адамдар қандай құқықтарды пайдаланады? -Бұл адамдардың міндеттері қандай? Оқушылар топта жұмыс істейді. Өз суреттері бойынша құқықтары мен міндеттерін көрсете отырыпр, постер құрайды,. Постерлер шеңбер бойынша беріледі, қажет болған жағдайда толықтырулар жасайды. Бағалау критерийлері: -оқушылар азаматтардың құқығын анықтай алады; - оқушылар азаматтардың міндеттерін атай алады.
-Тұжырымдарды оқыңдар және оларды Конституцияның баптарымен салыстырыңдар. - Конституцияның баптарына тұжырымдарды сәйкестендіріңдер.
Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, Конституцияның тиісті баптарын табады. Конституцияның К 2-3 баптарына қарай тұжырымдарды өз беттерімен таңдайды. «Бас бармақ» әдісімен өзара бағалайды. Бағалау критерийлері: -оқушылар азаматтардың құқығын дұрыс анықтай алады; - оқушылар Конституцияның тиісті баптарын таба алады; - оқушылар дұрыс тұжырымдарды таңдап, Конституция баптарына мысалдар келтіре алады.
-4-сынып оқушысының жазған әңгімесін оқыңдар. Конституция баптарының қайсысы балаға көмектесті? Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды, байланысты мәтінді құрастыра отырып, сұрақтарға жазбаша жауап береді. | Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №3 Таратпа парақтар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4 Суреттер Таратпа парақтар ҚР Конституциясы Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 | |||||
Сабақтың соңы 39-40 | «Сөйлемді қалпына келтір»(топпен) -Сөйлемді қалпына келтіріңдер. Оны оқыңдар. Топта оқушылар сөйлемдерді құрайды. Жауаптарын дауыстап оқиды. | (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6 | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Конституция баптарымен байланысты тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға баптардың қысқаша тізімін ұсыну (тарату парағы). Сабақ тапсырмаларын орындау кезінде қабілеті жоғары оқушылар әдебиеттен мысалдар келтіреді. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Сөйлемді қалпына келтіріңіз" стратегиясында сабақ бойынша қорытынды жасайды. ҚР азаматының құқықтары мен міндеттерін түсінуге мүмкіндік береді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттерін қандай құжат анықтайды? -Сен қандай құқықтарды пайдаланасың? Сендерде қандай міндеттер бар? -Қазақстан азаматтары қай жастан бастап өз құқықтарын пайдалана алады? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?