Отбасы бюджетін оңтайландыру жолы. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар

Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С.

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы бюджетін оңтайландыру жолы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау

4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдайды

4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар отбасының маңыздылығын тусінеді, мүшелерінің функционалдық рөлін, отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдайды, «Жоспар», «Бюджет» ұғымдары туралы түсініктерін әңгімелейді

 Бағалау критерилері

Оқушылар отбасының маңыздылығын тусінеді, мүшелерінің функционалдық рөлін, отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдейді;
  • отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығысын талдайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • отбасылық бюджет;
  • кіріс
  • шығыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасылық бюджет деген не?

Неліктен екенін айта аласың ба?

  • «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық - отбасы құндылықтарын сипаттау барысында жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Экономика, қазақ тілі пәндерімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда отбасы, достық туралы түсініктері бар. Өз отбасындағы мектептегі әдеп нормаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.(Ұ) Шаттық шеңбер

Өткенді қайталау.

  • 1 бөлім бойынша қандай мәлімет алдық?

(Оқушылардың мүмкіндігіне қарай еліміздің түрлі дәрежедегі аумақтарын білгендерінше аттарын айтқызу)

Бүгін біз жаңа тарауды бастаймыз «Адами құндылықтар» -деп аталады.

«Құндылықтар» деген сөзді қалдай түсінесіздер?

«Бұл өмірде адам үшін құнды нәрсе не екен деп ойлайсыздар?»

Адам үшін –отбасы ең құнды және маңызды орта. Бұл ортада адам өмірге келген соң өседі, дамиды және тәрбие алады.

Оқушыларға «отбасы» сөзіндегі әріптерге ассоциация сөздерің құруды ұсыну.

Мысалы: О ошақ қасы, Т тәуелсіз. Б бақытты, А арманшыл, С сүйікті, Ы ынтымағы жарасқан.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттармен таңыстыру.

Карта,

Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар(оқушылардың жұмыстары)

Сабақ ортасы

4 мин

6 мин

7 мин

8 мин

7 мин

3 мин

2. Қызығушылықты ояту кезеңі: Қалай ойлайсыңдар бұл не?

Жауап: Бұл-отбасы бюджетінің жоспары.

3.(Ж) Ассоциация құру:

1 – топ «Жоспар» сөзіне, 2 топ – «Бюджет» сөзіне ассоциацияларыңды жазыңдар. (жеке, жұппен пікір алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салады.)

4.Мағынаны ашу кезеңі.

Сөздердің мағынасын ашу:

«Қазақ түсіндірмелі сөздігінен» осы ұғымдардың түсініктерін қарап шығайық:

Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын  ала жасалған жобасы.

Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.

Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.

Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.

Мәтінмен жұмыс.

«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен.Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың бәрін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз. Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша. Кірістерге шәкіртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы.т.б жатады.Шығыстарға –салық,азық –түлікке жұмсалатын қаржы,киім- кешек,жиһазға жететін қаржы.5. «Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.

Осы сөздер қайсысы кірістерге, қайсысы шығыстарға жатады?

1.Отбасының айлық жалақысы2.Көлік үшін жұмсалатын қаржы3.Тамаққа жұмсалатын қаржы4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы5.Құнды қағаз6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.8.Сыйақы9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие.10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)13.Үнемдеу,жинақ соммалары14.Жоспарланбаған шығындар.

Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер2,3,7,9,10,12,14 – шығыстар.

6. Қосымша тапсырма: ТЕСТ сұрақтарына жауап беру.

1.Отбасылық бюджет ол- А)Белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.Ә)ақшалай немесе заттай құндылықБ)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.2.Табыс дегеніміз-А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктерБ)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.3.Болжам жасалынбаған шығыстар:А) тамаққаӘ)коммуналдық қызметБ) тұрмыстық мәдени шығын

4.негізгі сатып алу ережесі:А)кездейсоқ сауда жасау.Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көруБ)ыңғайлылығы, қолайлылығыВ) сапасы,ерекшелігі5.Зат қандай талаптарға жауап береді?А)құны,бағалыӘ)ыңғайлы,қолайлыБ)ерекше,сапалы6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржыӘ)білімге,қоғаммен араласуғаБ)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы7. Қорытынды.

-«Табыс» деген сөз нені білдіреді?- Отбасы табысы дегеніміз не?-Жоспарлау дегеніміз не?-Үй экономикасының маңызы неде?-Үй бюджеті дегеніміз не?

  Флипчарт, нұсқау, фотосуреттер

Сабақтың соңы

5 мин

8. ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Дифференциация ресурстар мен нәтижелер көмегімен жүргізіледі.

Қабілетті оқушылар өз топтарындағы жетекші рольдер және проблемаларды шешу бойынша іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмалар алады. Мәтінді, тірек сөздерді пайдаланып отбасылық бюджетіне анықтама береді.

Оқушылардың зерттеулерін олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен топтық жұмыстар барысында бақылау және әрекеттестік арқылы жүзеге асады.

Белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу