Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру.

3.1.1.2 Әулет шежіресін құру.

 Сабақ мақсаттары

Туыстық атауларды білу және туыстық қатынасты анықтау.

 Бағалау критерийлері

Туыстық атауларды біледі және туыстық қатынасты анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылардың сөздік қоры туыстық атауларды үш тілде атап үйренумен толығады.

 Құндылықтарды дарыту

Отбасының шежіресін құру арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, математика пәндерімен байланысады.

 АКТ

Әулет шежіресіне таныстырылым жасайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда климаттық белдеулер туралы білім қалыптасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар уақыт өлшемдері туралы әңгімелеседі.

Уақыттың маңыздылығы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады.

(Ұ) Оқушылар уақыттың ерекшелігі туралы талдайды.

Ойын «Уақыт кестесі»

Уақыт ерекшеліктері:

Тез өтеді, қайтып келмейді және орны толмайды, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты жүйелеу.

Сабақ ортасы

33 минут

 

(Ұ) «Өрмек» ойыны. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне иірілген жіпті береді де туыстық терминдерін айтады. Оқушылардан не көріп тұрғанын сұрау. Олар өрмек шықты деп айтуы мүмкін. Туыстық байланыстар осы жіп сияқты нәзік, сондықтан туыстық қатынасты бағалау керекпіз деген қорытындыға келеді.

(Ұ) Оқушылардан күн, жыл немесе бірнеше жылдағы уақыттық кесінділерді бөліп атау үшін қандай сөздерді қолданатынын сұрау. Жауаптарды тақтаға жазу. Бұл сөздердің арасында келесілер болуы мүмкін:

• секунд, минут, сағат, таңертең, түс, кеш, түн, күндіз;

• апта, ай, жыл, көктем, қыс, күз, жаз.

(Қ) Оқушыларға келесі тапсырма ұсыну:

әртүрлі әдіспен уақыт пен отбасын байланысын көрсету.

Оқушылар «уақыт сызығына» отбасы мүшелерінің туған күндеріне, туған айларына, жасына қарай орналастыра алады.

(Ж) «Уақыт қадамына» орналастыру. Таңертең кім барлығынан ерте тұрады? Жұмыстан ең кеш келетін кім?

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар адамның өмірі уақытқа тәуелді деген қорытындыға келеді.

(Ө,Қ) Оқушылар шежіре ағашына өз отбасының мүшелерін жазады. Таныстырылым жасайды.

Отбасы құндылықтары туралы айтады.

Уақыт терминдері, жыл мезгілдері, туыстық терминдері жазылған карточкалар, «уақыт сызығы» немесе «уақыт қадамы», иірілген жіп.

Флипчарт қағаздары, фломастерлер, қарындаштар.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

-Уақытты неге бағалау керекпіз?

-Сендерге уақыт жеткілікті ме?

Оқушылар отбасы мүшелерінің санына орай сапқа тұрып, шеңбер құрады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.

Оқушылар «уақыт сызығына» отбасы мүшелерінің туған күндеріне, туған айларына, жасына қарай орналастыра алуы бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да таныстырылым 2 минутқа жоспарланды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу