Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Менің Отаным - Қазақстан» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату. | |||||
Сабақ мақсаттары | Әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажырату. | |||||
Бағалау критерийлері | Әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажырата алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылардың сөздік қоры әкімшілік, аумақ, округ, облыс, аудан, қала, ауыл сөздерін үш тілде атап үйренумен толығады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Туған жерге деген құрмет сезімдерін дамыту. | |||||
Мектеп миссиясы, пайымдау, ғаламдық азаматтылық | Туған жерін мақтан етуге, барша әлемге танытуға жетелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, география пәндерімен байланыс жүзеге асады. | |||||
АКТ | АКТ-да Қазақстан картасынан облыстар туралы жинаған ақпараттарын айтады. Қазақстан облыстары туралы бейнекөріністі көреді. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушыларда Қазақстанның облыстары туралы түсініктері бар. Картадан өзінің тұратын аймағын тауып, сипаттай біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) (ОТ) Талқылауға арналған сұрақтар: Оқушылардың мүмкіндігіне қарай еліміздің түрлі дәрежедегі аумақтарын білгендерінше аттарын айтқызуға болады. 3 сыныпта өткен қала, елді мекендер бойынша еске түсіріп, бүгінгі оқу мақсатына бағытталған, сұрақтарға жауап береді. - Сендер қай өлкеде тұрасыңдар? - Сендер тұратын облыс қалай аталады? - Сендер қай қалада/ауылда/кентте тұрасыңдар? | Карталар, қазақстанның облыс және аймақтарының картасы. | ||||
Сабақ ортасы 33 минут
| (МК) Әкімшілік аумақ деген не? Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi. Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер; ауылдарға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады. Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. -Өз қалаларыңның немесе елді мекендеріңнің көлемі қандай? -Неліктен аймақтар облыс, қала, аудан, елді мекен деп бөлінеді? -Сендер қандай облыста тұрасыңдар? Аталмай қалған өз өлкелері болса қосымша ақпарат беру арқылы аталған жерлердің округ, аудан, облыстарға ажырата білулеріне мумкіндік жасау. (Ж) Картамен жұмыс Еліміздің облыстары туралы бейнеролик көрсету. Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Астана қаласы — Қазақстанның елордасы. Алматы қаласы — республикалық маңызы бар қала. Байқоңыр — республикалық маңызы бар қала, Байқоңыр космодромымен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген. 86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар. (Ж) Оқушыларға Қазақстан картасындағы 14 облыстарды қиып беру. Әр топ облыстарды біріктіріп (мозайка) әдісімен облыстарды дұрыс орналастыру қажет. (Т) Оқушылардың таныстырылымына арналған деректерді табу көздеріне бағыт бағдар беру. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. 1-топ Батыс Қазақстан экономикалық аймағы; 2-топ Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы; 3-топ Солтүстік Қазақстан экономикалық аймағы; 4-топ Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағы; 5-топ Орталық Қазақстан экономикалық аймағы. (ҚБ) Әр оқушы берілген аймақ бойынша таныстырылым жасайды.
бөлінген аймақтар бойынша жарнама жасау. (Дифф) А тобы. Таныстырылым жасап болған соң әр топ бір сұрақтан дайындап өзара сұрақ алмасады. Б тобы. Қазақстан картасын пайдаланып, облыс, қалалардың орналасуын анықтау. В тобы. Белгілі бір аудан, аймақ, ауыл карталарын пайдалану арқылы мысалдар келтіріп атауларын атау. Үйге тапсырма. Әр топ өз қорғаған аймақтары туралы тың деректер алып келіп, жасаған жарнамаларын кеңейтуді тапсыру. | «Менің Отаным-Қазақстан» балаларға арналған энциклопедия.
https://www.youtube.com/watch?v=grpXqGhXcQ4 https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI Флипчарт қағаздары, фломастерлер, қарындаштар. | ||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Сэндвич» әдісін қолдану. (-, нені жақсарту керек, +). |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. А тобы. Таныстырылым жасап болған соң әр топ бір сұрақтан дайындап өзара сұрақ алмасады. | Әр топ бір аймақ бойынша таныстырылым жасайды. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Ақпарат іздеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?