Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-тарау Менің Отаным – Қазақстан

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік – аумақтық бірліктерді ажырату

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Менің атамекенім

4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажыратуды үйрете, атамекен туралы ұғымдарын толықтыру.

 Жетістік критерийлері

түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажырата алады

 Тілдік мақсаттар

 

Карта, өзен-көл, қала, жол, облыс,аудан,округ,ауыл,село,кент

 Құндылықтарды дарыту

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен құрмет сезімі қалыптасады. Бос уақытты тиімді ұйымдастыра біледі.

 Пәнаралық байланыстар

«Менің өлкем» тақырыбында әңгімелеу кезінде қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланысады. Өнер пәні кіріктіріледі.

 АКТ

Оқушылар өз таныстырылымдарын PowerPoint бағдарламасында қорғайды;

Қаламыздың көрнекті жерлері туралы бейнебаяндар, суреттер көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар Қазақстанның облыстары, еліміздің көрікті жерлері туралы біледі. Оқушылар елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырата алады (тип, көлемі, қызметі). Картамен жұмыс жасай алады: өзінің облысын, ірі қалалар, өзен-көлдерді, тұрғылықты жерін таба біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Облыс орталығы және ондағы көрнекті орындар бейнеленген суреттермен жұмыс ұйымдастыра сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу.

(Ұ)Жұмбақтар жасыру.

Шаттық шеңбері

Жұмбақ шешкізу

Елдерi мен қаласы,

Ойпаты мен даласы.

Теп-тегiс тақтай-ды,

Өзенi де ақпайды,

Тоғайы мен тауы бар,

Бұл не, өзiң тауып ал.   (Карта)

Қаласы бар, елi жоқ,

Даласы бар, шөбi жоқ.

Мұхиты бар, суы жоқ,

Орманы бар, нуы жоқ.

Шыңдары да теп-тегiс,

Кең жазықтан әр түстi,

Шығыс пенен батысты –

Бар әлемдi табасың,

Өзiң таң боп қаласың!   (Географиялық карта)

Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

Сабақ ортасы

30 минут

 

Карта түрлері

Физикалық табиғат әкімшілік

Пайдалы қазбалар

(ҰЖ) «Сұраққа жауап» әдісі

-Еліміздің түрлі дәрежедегі аумақтарын атаңдар?

-Өз қалаларыңның немесе елді мекендеріңнің көлемі қандай?

-Неліктен аймақтар облыс, қала, аудан, елді мекен деп бөлінеді?

-Сендер қай облыста тұрасыңдар?

Оқушылар 3-сыныпта өткен елді мекендер (қала, ауыл) тақырыбы бойынша бүгінгі оқу мақсатына бағытталған, сұрақтарға жауап береді.

(МК) Аталмай қалған өлкелер туралы қосымша ақпараттар беріп аталған жерлерді аудан, облыстарға ажырата білулеріне мүмкіндік жасайды.

(Ж) Картамен жұмыс

Жұпқа карта таратылады. Жұптың біреуі облыстың немесе қаланың атауын айтады, екіншісі картадан тауып көрсетеді. Мысалы: Талдықорған десе, картадан Алматы облысын көрсетеді, көлемін айтады.

(Ж) «Хабарлама жасау» әдісі

Әр топқа бір облыс бойынша үлестірме материал таратылады. Оқушылар материалды оқып зерттеп, бір аудан бойынша хабарлама дайындайды (көлемі, климаты, шаруашылық іс әрекеті, көрікті жерлері)

Үлгі:

Облыс атауы (Алматы облысы)

  • Орталығы (Талдықорған қаласы)
  • Ауданы (Үшарал)
  • Көлемі (картадағы көлемін салыстыру үлкен, кіші, орта)

(ҰЖ) «Сен маған, мен саған» әдісі

Хабарлама жасап болған соң, топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

(Ж)(Қ) Кескін картамен жұмыс. Кескін картадан Қазақстанның облыстарын тауып, шекарасын сызып, орталық қалаларының атын жазады.

Облыстар құрамы аудандардан тұрады. Аудандарда орталық қалалар болады. Онда хaлық caны 10 мыңнaн acaды. Бұл қaлaлapдa кішігіpім өнеpкәciп оpындapы, коммунaлдық шapуaшылық, мемлекеттiк тұpғын үй қоpы, оқу және мәдени-aғapту, емдеу мен caудa нысандары бap. Аудандар саны облыстың халық саны және көлеміне байланысты болады. Мысалы халық саны көп облыстарда 10нан аса аудандар болады.

Аудандар поcелкелеp мен ауылдардан құралады. Поcелкелеp теміp жол cтaнcaлapының және бacқa экономикaлық ныcaндapдың жaнындaғы, кемiнде 3 мың aдaмы бap елдімекен. Ал ауылдарда егін және мaл шapуaшылығы дамыған. Кейбіp aуыл халқы оpмaн және aңшылық, бaл apacы мен бaлық өcipу, бaлық aулaумен айналысады. Ауыл халқының саны кемінде 50 адамнан тұрады.

Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы облыс, аудан, aуылдық (cелолық) окpугтер болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.

86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.

(Қ)

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Мен өз елімнің әкімшілік – аумақтық бірліктерін ажырата білемін»- деген оқушылар ортаға шығады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу