Табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің Отаным - Қазақстан» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар | |||||
Сабақ тақырыбы | Табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларды түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама бере алуға үйрету | |||||
Жетістік критерийлері | Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама береді | |||||
Тілдік мақсаттар
| экономикалық қызмет атқаратын субъектілер | |||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары | |||||
Пәнаралық байланыстар | әңгімелеу кезінде қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланысады. Өнер пәні кіріктіріледі. | |||||
АКТ | Оқушылар өз таныстырылымдарын PowerPoint бағдарламасында қорғайды; | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын туралы түсінді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) «Қапшықтағы фасоль» стратегиясы. Мақсаты: Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім қолындағы қапшықты бір оқушыға лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы жауап бергеннен кейін, келесі оқушыға лақтырып, өз сұрағын қояды. -Ортақ тақырып қандай ? -Әкімшілік аумақтық бірліктерді ата -Балалар қандай еңбек әрекетін атқара алады? -Балалар атқарған істер айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді? -Бізде не өндіреді? |
| ||||
Сабақ ортасы 30 минут
| «Дұрыс,бұрыс» ойынын ойнату (ҰЖ) «Атауларға түсініктеме» әдісі Мақсаты: оқушыны тұжырым жасай алуға үйрету. Мұғалім екі сөз айтады. Мысалы, қала – ауыл, автобус - трамвай, зауыт – ферма, балық – күріш, өзен - көл т.б. Оқушылар бір сөзді тандап алып, неліктен тандағанын түсіндіреді. (Т) «Сипатта» Оқушыларға жергілікті жердің (өз қалалары, ауылға жақын орналасқан немесе облыс аумағында) экономикалық қызмет атқаратын субъектілерін (зауыт, фабрика, ферма және т.б.) сипаттайтын қысқаша мәтіндер таратылады. Мәтінді оқи отырып экономикалық нысандар туралы тың деректер алады. Экономикалық қызмет атқаратын субъектілер елдің экономикасының ең басты дамытушы көздері болып саналады. Қазақстан минералды ресурстарға бай болуы ауыр өнеркәсіпті жетекші дамытуға басты әсер ететін фактор. Қазақстанның барлық аймағында өндіріс орындары жұмыс жасайды. Өндіріс орындары атқаратын жұмыстары мен қызметіне байланысты ауыр және жеңіл өнеркәсіп болып бөлінеді. Ауыр өнеркәсіп ең басты салаларының бірі – металлургия саласы. Оның ішінде қара және түсті металлургия салалары. Ал машина жасау саласы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуге бағытталған техникалар шығарады. Ауыр өнеркәсіптің негізгі бөлігі ретінде ауыл шаруашылық техникаларын шығару жоспарланды. Зауыттар ауыл шаруашылық машиналардың құрамдас бөліктерін, жаңа машиналар мен жабдықтарды шығарды. Олардың арқасында егіншілік пен шаруашылық салаларындағы механикаландыру басталды. Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы жағынан аса қымбат. Себебі, кейбір техниканың жетіспеуінен шет елдерге жіберу арқылы өңдеу мәселелері көтеріліп отыр. Бұл кәсіпкер үшін де тиімсіз болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды, отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Біздің елімізде аталған екі талап та қарастырылмаған. Тек кейбір облыс орталықтарында орналасқан зауыттарда ғана мұндай мүмкіндік бар. Ал, ауыл шаруашылығы, киім, көлік саласында үлкен мәселеге айналып отыр. Осындай мәселелердің көтерілуі нәтижесінде Елбасымыз отандық кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасап отырғаны мәлім. (Т) «Фишбоун» әдісі Оқушылар берілген жоспар бойынша фишбоун кестесін толтырады (таңдау бойынша) Экономикалық нысан: зауыт Қызметі: мұнай өңдейді Қажеттілігі: автокөліктерге бензин шығарады (Ұ) Әр топ сипаттаған экономикалық нысанды ұжыммен талдайды, білетіндерін ортаға салады. (Т) Бір облыстың шаруашылық әрекетін дамыту жоспары: 1.Облыстың атауы. 2.Табиғи жағдайлары (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) 3.Табиғи ресурстары (пайдалы қазбалары, табиғат аймақтары, топырағы) 4.Өсімдік және жануарлар әлемі. 5.Халық шаруашылығы. (Ұ) ҚБ) «Кім көп біледі?» ойыны. Мақсаты: оқушыларды бірін бірі тыңдай алуға үйрету. Мұғалім оқушыларға аймақтарындағы экономикалық нысандардың атауы жазылған парақтар таратады, оқушылар екі сөзбен сипаттама жасайды. Бірінің айтқанын бірі түртіп жазып отырады. Ең көп сипаттама айтқан оқушы жеңімпаз болып саналады. Берілетін сөздер: Ферма Сүт зауыты Тауық фермасы Нан зауыты Шаштараз Тіс емханасы (Ж)(Қ) Бір облыстың шаруашылық әрекетін дамыту жоспарын жасау. | Әр мекенді жер оқушылардың шамасына сай етіп қарапайым тілде өз аймақтары туралы дереккөздер дайындайды. | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?