Менің елімнің аймақтары. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • Оқушылар өткен сыныптың материалдарын қайталайды. Мұғалім оқушылардың білімін жаңғырта отырып, сұрақтар қояды.
  • Білімдерін жаңғырту кезінде қойылған сұрақтар негізінде оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын болжайды.
  • Оқушылардан өз елді мекендерін картадан көрсетуді сұраңыз (алдымен жұппен, кейін тақтада). Егер оқушылар картада өз елді мекендерін таба алмаса, себебін сұраңыз. "Миға шабуыл" стратегиясын пайдалана отырып, неге барлық елді мекендерді картаға салуға болмайтынын, саяси-әкімшілік картаға салу үшін елді мекендерді қандай белгілері бойынша таңдауға болатынын түсіндіруді ұсыныңыз. Осылайша, оқушылар картада тек ірі елді мекендерді белгілеуге болатынын түсінеді: облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалалар.
  • Оқулықтағы мәтінмен жұмыс: мәтінді оқып шығып оқушылар олардың өсу ретімен әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбегін құрауы тиіс. Бұл тапсырма оқушылардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санының өзгеруі туралы білімін жүйелендіруге мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау алдында оқушыларға топта жұмыс істеу ережелерін еске салу қажет.
  • Кестемен жұмыс. Оқушылар сұрақтарды жоспар ретінде қолдана отырып, кестені талдайды. Қажет болған жағдайда сұрақтарға жауаптарын жазуларына болады. Әр топтан бір оқушы дайындаған әңгімелерін айтады. Алдыңғы жауаптың кесте мәліметтері мен логикасын пайдалана отырып, қабілетті оқушыларға өз облысы туралы айтуларын ұсынуға болады.
  • Эйлер-Венн диаграммасымен жұмыс оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, ұсынылған ақпаратты талдай білуге бағытталған. Дөңгелектер қиылысында оқушылар 1959 жылдан бастап өз атауын және шекарасын өзгерткен облыстарды жазып алуы тиіс. Таза жолға 1959 жылы ғана болған және 2018 жылы пайда болған облыстарды көрсетеді. Алынған деректер негізінде оқушылар Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруі туралы қорытынды жасауы және осындай өзгерістердің себептерін болжауы тиіс.
  • "Конверттегі мекен-жай" рефлексиясы оқушыларға сабақта алған білімдерін жинақтап, өзінің тұрғылықты мекен-жайына қатысты қолдануға көмектеседі.

Теориялық материал:

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы жүйесіне әкімшілік-аумақтық бірліктер кіреді: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Республика аумағының бірнеше елді мекендері бар бөлігін қамтитын "өңір" ұғымы бар. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы 17 аумақтық бірліктен тұрады: 14 облыс және 3 Республикалық маңызы бар қала.

https://kz.wikipedia.org/wiki/

2018 жылғы облыс пен облыс орталықтары

облыс

облыс орталығы

1

Ақмолаоблысы

Көкшетау

2

Ақтөбеоблысы

Ақтөбе

3

Алматы облысы

Талдықорған

4

Атырау облысы

Атырау

5

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен

6

Жамбыл облысы

Тараз

7

БатысҚазақстаноблысы

Орал

8

Қарағандыоблысы

Қарағанды

9

Қостанайоблысы

Қостанай

10

Қызылордаоблысы

Қызылорда

11

Маңғыстауоблысы

Ақтау

12

Павлодар облысы

Павлодар

13

СолтүстікҚазақстан облысы

Петропавл

14

Түркістаноблысы

Түркістан

Республикалық маңызы бар қалаларға Астана, Алматы, Шымкент жатады. Мұндай мәртебе қаланың экономикалық дамуына ықпал етеді,оның дамуына байланысты шешім қабылдау рәсімін тездетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу