Менің елімнің аймақтары. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 бөлім:«Менің Отаным Қазақстан»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің елімнің аймақтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-әр түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажыратады

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- облыс, аудан, ауылдық округ ұғымдарын ажыратады;

- "әкімшілік-аумақтық құрылым" терминін түсінеді;

- саяси-әкімшілік картаны пайдалана отырып, Қазақстан облыстарының санын анықтайды;

- облыс картасына сәйкес облыс орталықтарын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-аудан, облыс, округ ұғымдарын түсіндіреді;

Терминология:

  • әкімшілік аумақ;
  • округ;
  • аудан;
  • облыс;
  • республикалық маңызы бар қалалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінуі қалай өзгерді?

Жазуға арналған сұрақтар:

-тапсырма «Конверттегі мекен-жай»

Құндылықтарды дарыту

Қарсы пікірді талқылау кезінде бір-біріне деген құрмет мейірімділік қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Патриоттық сезім өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу арқылы дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту;

Картамен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар ауыл мен қала қызметтерін ажыратады. Астана мен Алматы қалалары туралы кең ақпарат алған. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасымен таныс. Облыс атауларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-9

  • Білімді жаңғырту (сұрақ - жауап)

-Қазақстанда қанша облыс бар? Оларды атай аласыңдар ма?

-Сен қандай қалалар мен ауылдарда болдың?

-Ал бұл қалалар қандай облыстарға жатады?

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

әр түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажырату

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд №2

Сабақ ортасы 10-13

14-20

20-27

28-35

  • Тақырыпқа кіріспе

-Картадан елді мекендеріңді көрсетіңдер.

"Миға шабуыл":

Картада барлық елді мекендерді белгілеуге болады ма? Неліктен?

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, жұптың пікірі тыңдалады, барлық оқушылар жалпы бір қорытындыға келеді.

Оқулықтағы мәтінімен жұмыс

-Оқулықтағы мәтінді оқы. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің сызбасын ең кішісінен ең үлкенге қарай жасаңдар.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары бар ұсынылған карточкаларды пайдалана отырып, сызбаны құрайды. Тапсырманы орындау нәтижесі басқа жұппен бағаланады.

Бағалау критерииі:

  • Ауыл-ауылдық округ-аудан-қала-облыс-аймақ ұғымдарын ажыратады;
  • Дұрыс ретін құра алады.

4. Кестені талдау

  • Кестені қарастыру. Сұрақтарға жауаптарды табыңдар (сұрақ жоспары).
  • "Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі"туралы әңгіме құру
  • Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, өз облыс туралы айтып беру.

Оқушылар топта жұмыс істейді, сұрақтарға жауап табады және жазады, әңгіме құрайды.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар кесте мәліметтерін талдай алады;

-оқушылар сұрақтарға сүйеніп монологты мәтін жасай алады;

-"әкімшілік-аумақтық құрылым" терминін саналы түрде пайдалана алады;

-кейбір оқушылар жауап логикасын пайдалана отырып, өз облысы туралы айтып бере алады.

5. Картамен жұмыс: картаны талдау

Картаны зерделеп, салыстырыңдар.

Эйлер-Венн диаграммасын пайдалана отырып, оқушылар топтарда екі әкімшілік картаны салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің өзгеруі туралы қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

-саяси-әкімшілік картаны пайдалана отырып, Қазақстан облыстарының санын анықтайды;

- облыс орталықтарын көрсетеді;

- Қазақстанның саяси-әкімшілік бөлінісінің өзгеруі туралы қорытынды жасайды;

- өзгерту себептерін болжай алады.

Слайд №3

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд №4

Атаулары бар карточкалар

дидактикалық материалға қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд №5

Кестені талдауға арналған сұрақтары бар карточка

дидактикалық материалға қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд №6

1959 және 2018жж.Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы

Эйлер-Венн диаграммасы бар парақтар

дидактикалық материалға қараңыз

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Конверттегі мекен-жай»

Оқушыларға таратпа парақтары беріледі. Сабақтың жаңа сөздерін қолдана отырып, бос орындарды толтыру ұсынылады: облыс, аудан, округ, қала немесе ауыл.

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кесте талдау негізінде қабілеті жоғары оқушыларға өз ойларын айтуды ұсыну.

Шығармашылық тапсырма: кесте талдауының сұрақтары мен мәліметтерін пайдалана отырып, өз облысың туралы айтып беріңдер.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара және өзіндік бағалау әдістері қолданылады.

"Конверттегі мекенжай" стратегиясы сабақ мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік береді.Сабақ әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажыратуда білімдерін дамытады. Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша білімдерін сауалнама түрінде бағалаңыз:

- Сендер жұмыс істеген карта қалай аталды?

- Карталардың тағы қандай түрлерін білесің?

-Қала мен ауыл атауларын оңай таба алдың ба? Неге?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу