Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар

  • Оқушылар өткен сыныпта алған білімдерін жаңғыртады. Ұсынылған сызбаны пайдалана отырып, оқушылар негізгі табиғи жағдайларды: климат, жер бедері, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар әлемін атап өтуге тиіс. Аяқталған жұмысты оқушылар сағат тілі бойынша тексеру үшін басқа топқа береді. Әр топ белгілі түсті маркерлермен жұмыс істейді. Жұмыстарды тексергеннен кейін бір оқушыны тыңдау қажет.
  • Орындалған тапсырма негізінде оқушылар сабақтың тақырыбын анықтауға және мақсатын болжауға шақырылады.
  • Картамен жұмыс. Оқушылар екі картаны салыстырады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жұмысты оқушылар тұратын аймақтан бастау қажет. Оқушыларға қолда бар субъектілік тәжірибеге сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру оңай болады. Бұдан кейін басқа салалардағы шаруашылық іс әрекетті талқылауға көшу керек.
  • Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Алынған ақпаратты жүйелендіре отырып, олар жаңа терминдерді пайдаланып, логикалық тізбек құрайды. Тізбектің соңғы нұсқасы келесідей болуы керек: бидай - жоғары өнім –экспорт – экспорттық өнім. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды орната алады, әлемдік саудадағы Қазақстанның жаһандық маңызын түсінеді.
  • Зерттеу барысында оқушылар оқулықтың мәтінін және карта ақпаратын пайдаланады. Алдымен олар бір-бір жануардан өз қалауларымен таңдап, жұпта талқылап, ақпаратты кестеге енгізеді. Содан кейін түйе және марал шаруашылығына арналған үшін тапсырма орындайды.
  • "Жарнама агенттігі" ойынында топтар қызмет түрін өз қалауларымен таңдайды. Сыныпта екі жарнама түрі таңдалғаны жөн: мал шаруашылығы өнімдері, өсімдік шаруашылығы өнімдері. Өсімдік шаруашылығы өнімінің жарнамасы коллаж түрінде жасалады. Оқушылар коллаждың ашық, әдемі, жақсы көңіл-күй туғызатын болуы керек екенін түсінуі керек. Мал шаруашылығы өнімдерін жарнамалау үшін оқушылар нақты өнімді таңдайды және оның жарнамалық плакатын жасайды. Барлық оқушылар табиғи азық-түліктердің, дәрумендердің пайдасы туралы еске салып өту керек. Дайын постерлер тақтаға немесе көруге ыңғайлы жерге ілінеді.
  • Сабақ соңындағы «Шығу рұқсаттамасы» рефлексиясы оқушыларға берілген плакаттарды талдауға, жарнаманың ең сәтті нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдері туралы білімдерін жинақтайды. Сабақ материалдарын түсінгендерін анықтау үшін кейбір оқушыларға сұрақтар қоюға болады.

Теориялық материал:

Қазақстанның табиғи жағдайлары

Қазақстан негізінен жазық бет болып келеді. Елдің орталық бөлігі Қазақұсақ шоқысы, Қазақстанның шығыс шетінде (10%) — Кенді Алтай, Тар-бағатай, ЖоңғарАлатауыжәнеТянь-ШаньдіңСолтүстікжоталарыорналасқан. Қазақстанның климаты күртконтинентальдыжәнеелдіңкөпбөлігіүшінқуаң. Қазақстанныңкөпөзендері — Ертіс, Орал, Сырдария, Іле, Тобылжәнет.б. оныңшетіненағады. Елде тұздыкөлдеркөп (Балқаш, Алакөл, Теңізжәнет.б.). Тұщыкөлдер — Зайсан, Марқакөл. Суменқамтамасызетупроблемасы бар. ҚазақстанныңСолтүстігіқаратопырақты дала (қайыңтоғайыаралдарымен), оңтүстіккеқарайолқоңыртопырағы бар құрғақдалағаөтеді. Орталықжолақ-қоңыртопырағы бар жартылайшөлейт, оңтүстіккеқарай-құмдышөлдер, сазды, тастытопырақтар.

https://geographyofrussia.com/prirodnye-usloviya-kazaxstana/

Қазақстанныңөсімдіктер мен жануарларәлеміәртүрлі. Тек өсімдікқоры 6 мыңнанастамтүрдіқұрайды. Қазақстанныңаумағынсолтүстіктеноңтүстіккеқарайкесіпөтіп, түрліклиматтықаймақтарғажәнеөзініңфлорасы мен фаунасы бар әртүрліаумақтарғакіругеболады.

https://studwood.ru/1243850/geografiya/prirodnye_usloviya_resursy

Қазақстандағыауылшаруашылығыныңнегізгісаласымал шаруашылығыболыптабылады. ОлҚазақстандакең, әртүрлі. Мал шаруашылығынарығыназық-түлікпенғанаемес, шикізатпен де қамтамасызетеді.

http://startinfo.kz/buisness/sofremennoe/

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының негізі бидай мен арпа болып табылады. 2017 жылы бұл дақылдардың экспортынан түскен жиынтық табыс 650 миллион долларды құрады. Ұн экспорты шамамен 240 миллион доллар берді. Ұнды негізгі сатып алушылар-Орталық Азия елдері.https://365info.kz/2018/10/eksport-kazahstanskoj-selhozproduktsii-bet-rekordy/

Қазақстан сондай-ақ мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы өнімдерін: сүт өнімдері, ет, жұмыртқа экспорттайды. Экспортқа аграриялардыңеңбектерінің жемісі: қарбыз, алма, шие, мақта кетеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жарнамасын жасай отырып, оқушылар жарнаманың негізгі мақсаты – өнімді есте сақтау және сату екенін түсінуі тиіс. Сондықтан эстетикалық жағы өте маңызды. Сонымен қатар, жарнама қысқа, кең, ақпараттық болуы керек. Жұмысқа кірісе отырып, оқушылар өздерінің ойларын бейнелеу керек. Содан кейін топ мүшелері арасында рөлдерді бөлу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу