Аймақтардағы шаруашылық түрлері. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Менің Отаным Қазақстан» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатсыпағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Аймақтардағы шаруашылық түрлері | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар -шаруашылықтың дамуына табиғи жағдайлардың әсерін талдайды. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -картада автомобиль жолдарын көрсету және жолдарды салу кезінде рельефті есепке алу қажеттілігін біледі; - қолайлы және қолайсыз табиғи жағдайларды дұрыс анықтай отырып, табиғи жағдайларды ескере отырып, өз өңірінің шаруашылық қызмет түрлерін атайды; - облыста туризмнің қандай түрін дамытуға болатындығын болжайды. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -шаруашылық іс-әрекеттің табиғи жағдайларға тәуелділігін түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Біздің облыста туризмнің қандай түрлерін дамытуға болады? Бұған не ықпал етеді? Жазуға арналған сұрақтар: -Біздің облыста туризм дамуда, себебі... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек адамына құрмет, ауыл шаруашылығы еңбегінің күрделілігі мен маңыздылығын түсіну қалыптасады. Еліміздің әлемдік экономикалық мәселелерді шешуге жаһандық қатысын түсінуі дамиды. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі: сөйлеу дағдысын дамыту; Картамен жұмыс. | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың физикалық карта және картографияда қолданылатын шартты белгілер туралы, Ұлы Жібек жолы туралы білімдері бар. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-3 4-6 |
Оқушылар таңдаған 4 суреттің біріне байланысты топтарға бөлінеді. Топтарға атаулар береді.
| Сыныптағы оқушылар саны бойынша суреттер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||||||
Сабақ ортасы 10-15 16-23 23-27 28-37 |
-Шаруашылықты дамыту үшін табиғи жағдайлар қандай маңызға ие? - Су электр станциялары қайда салынады? Бұл шаруашылықтың дамуына қалай әсер етеді? Топта оқушылар таңдаған суреттеріне сәйкес жұмыс істейді. Бірінші тұлғадан хабарлама дайындайды. Әр топ өз жауабын айтады.
-Бұл картада көк түсті қою сызықтармен не көрсетілген? -Картадан Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолының бағытын көрсетіңіз. Бұл жол қандай облыстардың аумағынан өтеді? -Бұл жолды қандай географиялық нысандар кесіп өтеді? - Жол салу кезінде қандай табиғи жағдайларды ескеру қажет? Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолының мысалдарын келтіріңіз. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Тапсырманы орындау кезінде олар ақпаратты картаны және оның шартты белгілерін оқып, алуы тиіс. Бағалау критерийлері: -оқушылар картада автокөлік жолдарын көрсетеді; - жол құрылысы кезінде жер бедерін есепке алу қажеттігін түсіндіреді. 5.Миға шабуыл «Немен айналысуға болады?» -Біздің облыста айналысуға болатын шаруашылық қызмет түрлерін атаңыз. Бұған қандай жағдайлар ықпал ететінін түсіндіріңіз. Оқушылар топпен жұмыс істейді. Әрбір топ шаруашылық қызмет түрін атайды және өз жауаптарын дәлелдейді. Барлық идеялар тақтада сызбада жазып белгілейді. Бағалау критерийлері -оқушылар өз аймағының шаруашылық қызмет түрлерін атайды; - өңірдің табиғи жағдайларын ескере отырып, өз жауаптарын дәлелдейді. 6. Байқап көр (топта) - Аймақтың қолайлы және қолайсыз табиғи жағдайларын анықтаңдар.
- Біздің өңірде туризмнің қандай түрін дамытқан дұрыс екенін анықтауға тырысыңдар. - Туризмнің бұл түрін жарнамалаңдар. Оқушылар топпен жұмыс істейді, өз идеяларын кестеге енгізеді. Осы кестелерді талдай отырып, туризмнің ықтимал түрлерін тұжырымдайды. Жарнама тұжырымдамасын ойластырады. Бағалау критерийлері:
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4 ҚР физикалық картасы ҚР автомобиль жолдары картасы (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 Слайд №6 А4 форматты қағаз парақтары; түрлі туристік бағдарлар, желім, қайшылар,маркерлер, журналдардан суреттер қималары немесе фотосуреттер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №7 | |||||||
Сабақтың соңы 38-40 | «Сөйлемді аяқта» стратегиясы Оқушылар келесі сөйлемді аяқтауы қажет: "Біздің облыста туризм дамуда, өйткені...» Оқушылар сабақта алған білімдерін жинақтап, тапсырмаларды жеке карточкада орындайды. | Карточкалар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №8 | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Аса қабілетті оқушыларға гидроэлеқұрылыс станциялары мен облыс шаруашылығының дамуы арасында байланысты табуды ұсыну. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Сөйлемді аяқта" стратегиясы сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақ аймақтың табиғи жағдайларына байланысты адамның шаруашылық қызметін талдай білуді, себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Біздің облыста туризмді дамытуға қандай қолайлы табиғи жағдайлар ықпал етеді? - Су электр станциялары қайда салынады? - Өңірдің дамуы мен Су электр станцияларының болуы арасында байланыс бар ма? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында, қайшымен және желіммен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?