Менің өлкемдегі өндіріс орындары. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Жұпқа бөлу Оқушыларға карточканың екі түрін ұсыныңыз: біреуі – кәсіпорын түрлері, екіншісі – осы кәсіпорындар өндіретін өнімдер. Оқушылар ұсынылған карточкалардың бірін таңдайды, содан кейін кәсіпорын – кәсіпорын өнімі байланысын белгілей отырып, оған жұп табады. Алынған жұп сөздер тақтаға екі бағанға орналастырылады: не өндіреді - қайда өндіреді. Карточкалар саны сыныптағы оқушылар санына сәйкес келуі тиіс.
2. «Елдің шаруашылық кешені» тапсырмасы Оқушылар кәсіпорындардың және олардың өнімдерінің тізімімен танысуы керек. Өткен сабақтардың материалына және тақтадағы мәліметтерге сүйене отырып, оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдайды және оның мақсатын болжайды. Осы тапсырманы орындау үшін оқушылар 1 тапсырмада болған кәсіпорындарды пайдалануы керек. Олар тізімдегі екі кәсіпорынды дербес таңдайды және жоспарды пайдалана отырып, оларға сипаттама береді. Әр топ таңдап алынған екі кәсіпорынның бірін сыныпқа таныстырады. Кәсіпорындардың атаулары бар карточкалар біртіндеп тақтаға, бір баған - тауар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, басқа баған – қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындар орналастырылады. Барлық топтар өз жұмысын таныстырған кезде алынған ақпаратты жинақтап, "шаруашылық кешені" ұғымына анықтама беру қажет.
- Қайта өңдеу өнеркәсібі (топпен) Оқушылар табиғи материалдар дайын өнім алу үшін кәсіпорындарда әртүрлі өңдеуден өтетінін түсінуі керек. Субъектілік тәжірибеге және тақтадағы ақпаратқа сүйене отырып, оқушылар табиғи материалдарды жүйелі түрде өңдеу сызбасын құруы тиіс. Тапсырманы орындау үшін оқушылар өз бетінше табиғи материалды таңдай алады немесе мұғалім әр топқа өзінің табиғи материалын ұсына алады. Тізбек 3-4 буыннан тұруы тиіс. Қабілеті жоғары оқушылар тізбектерді ұзынырақ жасай алады. Дайын жұмыстар тақтаға орналастырылады. Топ жұмысы барысында мұғалім ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қадағалауы қажет.
5. Анықта тапсырмасы Осы тапсырманы орындау кезінде өңір кәсіпорындарына назар аударту қажет. Қажет болса-аймақтық кәсіпорындардың иллюстрациясын қосу. Оқушылар оқулықтың суреттерін қарайды және ұсынылған кәсіпорындардың бірі бойынша сұрақтарға жазбаша жауап береді.
Жұмыс жеке жүргізіледі, ол бар білімді бекітуге бағытталған. Егер мүмкіндік болса, оқушылар кәсіпорындар мен өндірілетін өнімдер туралы ақпаратты нақтылау үшін Интернет ресурстарын пайдалана алады. Соңында оқушылар бір-бірінің жауаптарын жұпта бағалап, "Үш шапалақ" немесе "Бас бармақ" стратегиясын пайдалануға болады.
6. Жобалау жұмыстарын орындау үшін оқушылар жұптарға, топтарға бөлінуі немесе жеке жұмысты таңдай алады. Қабілеті жоғары оқушыларға жұмысты жеке ұсынуға болады. Алдыңғы тапсырмалар жоспарына сүйене отырып, оқушылар болашақ кәсіпорынның бизнес-жоспарын жеке парақта жасайды. Ақпаратты жинақтау тәсілі оқушылар өз бетінше таңдай алады: постер, сызба, кесте, мәтін, логикалық реттілк және т.б. жұмыстың ұқыпты, эстетикалық орындалуы тиіс екендігін, мәтін нақты және түсінікті болуы тиіс екендігін айтып өтіңіз. Дайын жұмыстар сыныпта оқушылар сабақ материалдарын бекіту үшін олардың мазмұнымен таныса алатындай етіп орналастырады.
7. Рефлексия кезеңінде оқушылар ұсыныстарды аяқтай отырып, тапсырманы жеке орындайды. Бұл тапсырма мұғалімге сабақтың күшті және әлсіз жақтарын талдауға көмектеседі, ал оқушыларға сабақ шеңберінде жасалған жұмысты жүйелендіруге және алынған ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді.
Теориялық материал:
Елдің шаруашылық кешені екі сала кәсіпорындарынан тұрады: тауар өндіру саласы және қызмет көрсету саласы. Тауар өндіру саласы өнеркәсіпті, ауыл және орман шаруашылығын, құрылысты қамтиды. Қызмет көрсету саласы - бұл көлік және байланыс, сауда, қоғамдық тамақтану, ғылым, денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, басқару. Қазақстанның өнеркәсібі өндіруші сала, қара және түсті металлургия, машина жасау, автомобиль жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы және дәнді дақылдар өндірісі кеңінен ұсынылған. Қазақстанда су электр станцияларының тармақталған желісінің арқасында электр энергиясының өндірісі жақсы дамыған. https://ru.wikipedia.org/, https://articlekz.com/article/8087
Қазақстанның әр өңірінде түрлі сала кәсіпорындарының жұмысы жолға қойылған. Кәсіпорындардың және олар өндіретін өнімдердің түрі өңірдің ерекшелігіне байланысты. https://kazdata.kz/04/katalog-kazakhstan.html
Географиялық жағдай біздің еліміздің табиғи ресурстарының байлығына себеп болды. Олардың қорлары мен әртүрлілігі бойынша Қазақстан әлемде көшбасшы орынға ие. Ел пайдалы қазбаларға да, ауыл шаруашылығы ресурстарына да бай. Табиғи ресурстардың бір бөлігі ел ішінде түпкілікті өнімге қайта өңделеді, ал бір бөлігі экспортқа шығарылады. https://www.kazportal.kz/prirodnyie-resursyi-kazahstana/
Мысалы, Республиканың мұнай өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындары мұнай өндіруден бастап оны айдауға және пластмассалар мен синтетикалық талшықтарды өндіруге дейінгі толық циклді қамтамасыз етеді. Сондай – ақ шикізат – шикі мұнай мен одан алынатын өнімдер-бензин, керосин, дизель отыны экспортын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?