Халқым менің қонақжай. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- Starter «4Т ережесі»
Оқушылар «Т» әріпінен басталатын сөздерді ғана пайдалану арқылы сабақ ережелерін ұсынады. Тапсырма оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлай отыра, сыни ойлаудың дамуына ықпал етеді.
Мысалы:тәртіп,талап,тазалық,татулық.
- «Мақал-мәтелдердің мағынасын анықта» тапсырмасы
Әр жұпқа отбасы, достық, қонақжайлық, ақша туралы мақал-мәтелдер таратып беріңіз. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашу үшін бір-бірлеріне сұрақтар қою арқылы талқылауға болады. Берілген мақал-мәтелдердің бір-бірімен байланысын анықтатып көріңіз. Тек қабілетті оқушылар ғана жауап бермей, барлық оқушылардың ойлануына уақыт беріңіз.
- «Қонақ күтеміз» ойыны
Қонақ күту кезінде отбасылық құндылықтарға назар аударып, соларды дәріптеулеріне ықпал етіңіз.
Қонақ күтудің ең қарапайым алгоритмін ұсыныңыз:- қонақпен амандасу;
- үйге кіргізу;- төрге шығару;- дастархан жайып, қонақ күту;
-шығарып салу.
- «Рөлдік ойын» стратегиясы
Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасына қарай топтарға бөлінеді. Үш топ бойынша қойылым қоюды ұсыныңыз. Оқушыларға (ата-аналарына) шараға алдын-ала костюмдерді алып келулерін тапсыруға болады.
- Рефлексия «Жемісті ағаш»
Оқушыларға жемістің қима суреттері таратыңыз. Олар сабақ бойынша өз ойларын білдіріп, ағашқа сәйкесінше жемісті жабыстырады. Мысалы, жасыл алмаға жақсы пікірлерін, қызыл алмаға мүлдем түсінбегенін, сары алмаға түсінбеген сәттерін жазып ілсе болады. Екінші нұсқасы сабақ көрсетілімінде (презентацияда) берілген. Ағашқа жабыстырылған алмалардың түсіне қарап, сабақтың қаншалықты жемісті болғанын айтуға болады.
- Теориялық материалдар
Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет.
Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отырғызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады.
Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі.
Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді.
Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді.
Сондай- ақ, әйел адам қонақ келген кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі, қонақ отырғанда баласына ұрыспайды немесе дауысын көтеріп сойлемейді. «Қонағын сүймеген, баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақал осыған қатысты айтылған.
Ертеде әйелдер ат тергеу мәселесіне өте абай болған, егер қайын ата, қайын аға, қайын ене, қайынапасымен аттас, көрші-қолаң, әріптес, таныс адамдары болса, олардың атын атамай аттеріс көрші, аттеріс бала, аттеріс аға, аттеріс апа деген атауларды жиі пайдаланады. Осыған қатысты қазақтар арасында аттеріс ұғымы кең қолданысқа ие.
https://kopilkaurokov.ru/literatura/uroki/k_onak_zhailylyk_babamyzdan_k_alg_an_diet_g_u_ryp
Қонақжайлылық – адамның келген қонаққа деген ілтипат пен ізетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет-ғұрыппен сипатталады Қазақ халқының бойындағы кеңдік пен дархандық, жомарттық қасиеттер елден ерекше қонақжайлық дәстүрінен айқын көрінеді. Қонаққа лайықты құрмет көрсету, қабақ шытпай қарсы алып, үйіндегі барын дастарқанға қойып күту – ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл тұрғыда «Қонақты құдайындай күту» әр шаңырақтың парызы саналады.
Қонақжайлық қазақтардың ежелгі қасиеті. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет». «Қырықтың бірі - Қыдыр» деген сөз жолаушылап келген кез-келген адамды үйге кіргізіп дәм таттыру, керек болса қондыру қажет, өйткені қонақтың бірі болмаса бірінің батасы қабыл болады, үй иесінің тілегі оңғарылады, шаңырағына құт-береке дариды деген сенімнен шыққан. Бұрынғы кездері жолаушылап жүрген адамдар ел ішіндегі соңғы жаңалықтарды таратып, туысқандары мен таныстарының хабарын айтып, ауыл мен ауылдың арасына байланыс орнатып отырған. Үй иесі қонақты бар ықыласымен жақсылап шығарып салып, жақсы тілектер айтып, жолына сарқыт беріп жіберетін болған. Қонақты сыйлау әрі құрметтеу дала дәстүріндегі жоғары мәдениетті көрсетеді. Бұрынғы кездегі салт-дәстүр бойынша үйге беттеп келе жатқан қонақты байқаған үй иесі жолаушының жас шамасы мен орнына қарай алдынан өзі шыққан немесе үлкен балаларын шығарған. Олар киіз үйге жетпей ат байлар белдеу қасында қонақты күтіп аттан түсуіне көмектесіп, үйге ертіп кірген. Сонымен қатар ауылға жақындағанда-ақ жолаушы, әдетте өзінің кім екендігін әрі кімнің үйіне түсетінін алдын-ала білдіріп аттан түсіп, жетектеп келетін болған. Көшпенді жұрттың қонақ күту салты мен заңы ел ішіндегі байланыстың берік болуының, әлеуметтік тұтастық сақталуының негізгі діңгегі қызметін атқарды. © e-history.kz
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтемелер |
1 |
| https://www.youtube.com/watch?v=t3lLtr75d_c |
2 |
| https://www.youtube.com/watch?v=0ki35TBL0LM |
4 |
| https://www.youtube.com/watch?v=7VVXy6-MnNA |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?