Халқым менің қонақжай. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» | ||||||||
Мерзімі: 4-тоқсан |
| |||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Халқым менің қонақжай | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.3 Отбасылық құндылықтарды анықтау 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу 3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - Қонақжайлықты отбасы құндылығы ретінде анықтайды; - Өз шығындарын жоспарлайды, негіздейді және үнемдеу жолдарын ұсынады. | |||||||
Бағалау критерийлері |
- қонақжайлықты келген қонаққа таныта алады; -шараға қажетті шығындарды жоспарлайды және негіздейді; - шығынды үнемдеу жолдарын ұсынады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - отбасылық құндылықтар жөнінде әңгімелейді; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қонақжайлық деген не? - Қонақта өзіңді қалай ұстау керек? -Қонақ күту қазақ халқы үшін аса маңызды. Неге? Жазуға берілетін тапсырма: - демалыста немесе мерекеде өтетін шаралардың жоспарын құр. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Қонақжайлық дәстүрлерін құрметтеу. «Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу: мақал-мәтелердің мағынасын талдау. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар туралы «Мен және менің отбасым» тарауында оқып танысқан. Әдептілік нормаларын біледі, өз шығындарын тиімді жоспарлай алады | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-4 5-6 |
Оқушылар сыныптың бос алаңына шығып, бір-бірлеріне тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды. Барлығы бірге бүгінгі сабаққа сынып ережесін құрады. Мысалы: тәртіп, талап, тазалық, татулық.
- Қонақжайлықты отбасы құндылығы ретінде анықтайды; - Өз шығындарын жоспарлайды, негіздейді және үнемдеу жолдарын ұсынады. | Ақ парақ маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||||
Сабақ ортасы 7-10 11-15 16-32 33-35 |
Әр жұпқа отбасы, достық, қонақжайлық, ақша туралы мақал-мәтелдер таратылады. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын сұрақтар қою арқылы талқылайды. Талқылау сұрақтары: -Мақал – мәтелдердің мағынасы неде? -Мақалдардың бір-бірімен байланысы бар ма? Бағалау критерийлері:
Оқушылар екі топқа бөлінеді: бірінші топ - «Қонақтар», екінші топ -«Үй иелері». Ойын түрінде қонақты қалай күту керек екендігін көрсету ұсынылады. - қонақпен амандасу; - үйге кіргізу;- төрге шығару;- дастархан жайып, қонақ күту; -шығарып салу. Бағалау критерийлері: - қонақжайлықты келген қонаққа таныта алады;
Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасына қарай топтарға бөлінеді. Тақырып бойынша қойылым дайындайды. 1-топ: «Досымның туған күні» 2-топ: «Қонақтарды қарсы алуға дайындық» 3-топ: «Балаларды қорғау күнін тойлау»
Қойылымды бағалау критерийлері: -тақырыптың ашылуы -актерлік шеберлік -уақытты тиімді пайдалану -өзіндік ерекшелігі -барлық топ мүшелерінің қамтылуы. Топта қойылым көрсетіледі. Критерийлер бойынша бағаланады. Бағалау критерийлері: -шараға қажетті шығындарды жоспарлайды және негіздейді; - шығынды үнемдеу жолдарын ұсынады.
Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылар синквейн құрайды. 1-топ: «Отбасы» 2-топ: «Бюджет» 3-топ: «Қонақжайлық» Тапсырманы стикерлер арқылы бағалайды. Бағалау критерийлері:
| Таратпа қағаздар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Дастарханға арналған әр түрлі тамақтың қималары (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз
Таратпа тапсырма Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Маркерлер, А3 парағы, қарындаштар Костюмдер безендірулер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | ||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия «Жемісті ағаш» (жеке) Оқушыларға жемістің қима суреттері таратылады. Олар сабақ бойынша өз ойларын білдіріп, ағашқа сәйкесінше жемісті жабыстырады. | Таратпа парақ | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Қабілеті жоғары оқушылар «Мақал-мәтелдердің мағынасын анықта» тапсырмасында мағынасы терең мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіруді ұсыныңыз. Сонымен қатар ғаламтоды қолданып, қонақтың түрлерін зерттеуді тапсыруға болады. (арнайы, құдайы, қыдырма, қылғыма) Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Синквейн» стратегиясына үлгі мысал синквейндер ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Рөлдік ойын» стратегиясында оқушылардың білімі алдын-ала берілген бағалау критерийлері арқылы бағалайды. «Синквейн» стратегиясында оқушылар бірін-бірі бағалайды. Оқушылардың оқу мақсатарына жету деңгейлерін осы тапсырмадан байқауға болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?