Менің мектебімнің қағидаттары. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Starter «Ортадағы ой».

Шеңбер құрып оқушыларды тұрғызып алыңыз. «Үздік мектеп» қандай болу керек деген сұрақ қойып, шеңбер бойымен кезектеп өз пікірлерін айтуды сұраңыз. Өз мектептерін үздік деп айтуға бола ма екенін сұраңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына алып келіңіз.

«Түрлі-түсті пішіндерді» тарату арқылы сыныпты 4 топқа бөліп отырғызыңыз.

  • «Үздік мектеп» моделін құрау тапсырмасы

Тапсырмаға кіріспес бұрын оқушылар сабақ тақырыбы бойынша ағаштың қай тұсында тұрғанын бояп белгілетіңіз. Олар алғашқы білімдеріне сүйене отырып бояп белгілейді. Бұл «ағашпен» сабақ соңына дейін жұмыс жасатыңыз. Сонда сіз олардың сабақ басында, ортасында, аяғында қандай деңгейде отырғанын көре аласыз.

Мектептің жақсы жақтарын мен ұсынысын жазатын кестені таратып беріңіз. Кестені оқушы жеке орындап, жұбымен талдайды. Кейіннен ұжымда талқылап, жалпы сынып бойынша «Үздік мектеп» моделін жасайды. Оқушылар барлығы бірін-бірі тыңдап, сыйлап, бірге ұжым болып шешім қабылдауына әрекет жасауларына ықпал етіңіз.

«Үздік мектеп» моделін жасағанда мектептің ішкі тәртібінің сақталуын қадағалаңыз.

  • «Мектеп және спорт» тақырыбында пікірлесу

Спорт түрлері суретін таратып беріңіз. Оқушылар өздеріне ұнайтын спорт түрін қабілетіне қарай таңдап, белгілеп қояды. Талқылау жұпта өтеді. Аралап оқушылардың жауаптарын тыңдап жүріңіз. Оқушылардың спорт түрін дұрыс атап, өзіне сай келетін спорт түрін дәлелді негіздей білулерін бақылаңыз.

  • « Идеялар кілемі» стратегиясы

«Менің ұсынысым..» тапсырмасы өткен екі тапсырманы қамтиды. Берілген «кілемнің» (фигураның) ұяшықтарына оқушылар барып өз ұсыныстарын жазады. Бұл тапсырмада негізінде оқушылардың итеріп алдыға ұмтылмай, кезекпен жазулары арқылы ынтымақтастыққа, бір-бірін құрметтеуге үйрету жатыр.

  • «Смарт жоспарлау»

Берілген тақырыптар бойынша мерекелік іс – шара жоспарланады. Дайын кестені (дид.материалда) таратып беріңіз де, ол кестеге өз қалаулары бойынша алып-қосуларына болатынын ескертіп қойыңыз. Әр мерекелік шараны өткізуде тәртіп пен әдеп ережелерінің сақталуы маңызды екендігін айтыңыз. Қоғамда өздерін қалай ұстау керектігін әңгімелегенде мектеп қағидаттарына сай болуын қадағалаңыз.

6. «Аялдама» стратегиясы

Әр топ өз мерекелік жоспарларын қорғап болғаннан кейін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұмысты бағалайды (жоспардың екі жақсы жағын көрсетеді және бір ұсыныс береді).

  • Рефлексия

Рефлексияда оқушыларға «ағаштарын» тақтаға ілулерін сұраңыз. Сол «ағаштарға» қарап оқушыларға кері байланыс беріңіз. Кім ағаштың биігіне «жетті», кім «ортада», кім етегінде «отыр». Соңғы екі жағдайдың себебін біліп, кері байланыс арқылы сұрақ қоя отырып сол оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Қосымша сілтемелер:

  • Қысқы спорт түрлері

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=RxJw-GRzchY

Сілтеме: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/253757-ys-y-olimpiada-ojyndaryna-sportty-zha-a-t-rleri-osylady

  • «Спорт түрлері» суреттері:

http://cdn1.pri.org/sites/default/files/story/gallery/RTX1540B.jpg

http://s2.thingpic.com/images/rt/o18LQFK3p6rg7HQUoLgeJ5Xf.jpeg,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу