Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар

  • Сабақтың алдында оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Допты бір-бірлеріне лақтыру арқылы өздері білетін елімізде аталып өтілетін мерекелердің барлығын атап шығады. Әсіресе халықтар бірлігін насихаттайтын мерекелерге көңіл аудартыңыз. Оларды тақтаға жазып отырыңыз. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы туралы әңгімеге тартыңыз. Доппен ойналатын спорттық ойындарды атап өтуді сұрауға болады.
  • «Мен қай мерекемін?» ойыны

Оқушыларға «Мен кіммін?» ойыны желісімен «Мен қай мерекемін?» ойынын ойнау ұсыныңыз. Оқушылардың бастарына бірнеше мереке атауы жазылған тәждер дайындаңыз. Берілген карточка бойынша тәжді киген оқушы қандай карта тағылып тұрғанын көре алмайды. Ойын шарты бойынша оқушы өзі сұрақтар қоя отырып, қандай мереке екенін табуы тиіс. Басқа оқушылар тек «ия» немесе «жоқ» деп қана жауап бере алады.

  • «Екі сандық» стратегиясы

Тақтада жазылған мерекелерде қандай спорттық ойындар өтетін талдауға тапсырма беріңіз.

Таңдалған спорттық ойындарды топтау үшін әрбір топқа екі сандықтан (жәшіктен) таратыңыз. Топта оқушылар берілген спорт түрлері тізімінен алуға және өздері де жазуларына болады. Спорт түрлерін топтап болғаннан кейін, әр топтан бір көшбасшы шығып (немесе барлық топ мүшелері), өз жәшіктерінің тақырыбына сай спорт түрлеріне сипаттама беріп, олардың маңыздылығын айтып береді.

  • «Ойлан! Тап!» тапсырмасы

Оқушылар өз жәшіктерінен 4 спорт түрін алады да ұжым алдында сұраққа жауап береді (әр жәшіктен екі екіден спорт түрін алу керек). Әр спортқа қатысты қандай дағдылар дамитынын айтады.

Мысалы: футбол ойынына - аяқ күші, шахматқа – интеллектуалдық қасиет, воллейболға – қолдың күші, жеңіл атлетикаға – аяқ күші және т.б.

Басқа топ мүшелері көмектесіп, толықтырып, қолдау көрсетулеріне болатындығын ескертіңіз.

  • Менің сүйікті мерекем» тақырыбына эссе жазу

Ой толғау жазар алдында бағалау критерийлері таныстырыңыз. Сабақ мақсатын да естеріне салып қойыңыз. Бұл ескерту тақырыптан ауытқымауға септігін тигізеді.

  • Теориялық материалдар

Қазақстандағы танымал спорт түрлері:

-Қазақстандағы олимпиада шыңын бағындырған көшбасшы спорт түрлері (бокс, ауыр атлетика, күрес)

- Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.

-Ұлттық спорт түрлері («Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Көкпар», «Қазақша күрес», «Қыз қуу», «Жорға», « Жаяу жарыс»

  • Теориялық ақпарат: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.

http://kzdocs.docdat.com

http://ulttyqsport.kz/?cat=15 сайтында барлық ойын түрлерінен ақпарат ала аласыз.

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтеме

ұзақтығы

1

Біз біргеміз

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/biz-birgemiz

5.54

2

Әлемдегі ерекше спорт түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=ZCAT4lpuOMQ

1:16

3

Ұлттық ойын түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=WaCQvXPoat0

6:17

4

18 МАМЫР - ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР КҮНІ

https://www.youtube.com/watch?v=8lvac2wjT8o

2:13

«Спорттың түрлері» туралы суреттер: http://cdn1.pri.org/sites/default/files/story/gallery/RTX1540B.jpg

http://s2.thingpic.com/images/rt/o18LQFK3p6rg7HQUoLgeJ5Xf.jpeg,

  • Қысқы спорт түрлері

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=RxJw-GRzchY

Сілтеме: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/253757-ys-y-olimpiada-ojyndaryna-sportty-zha-a-t-rleri-osylady



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу