Қазақстан халықтарының мейрамдары. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)
- Бейнерепортаж
Тақырыбы: Бірлік күні
Сілтеме: https://kaztrk.kz/news/qogam/birlik-kuni-elimizde-1996-zhyldan-beri-toilanyp-keledi-112247
Ұзақтығы: 48 сек
- Қосымша: Бейнеорепортаж
Тақырыбы: Алғыс айту күні
Сілтеме: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/224491-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni
Ұзақтығы: 50 сек
- «Ойланып, бірге жасайық» тапсырмасына ашық хаттар мысалдары
- Рефлексия таратпа материалы:
«ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН 3 СӘТ» Аты-жөнім:____________________________________________ Сынып | |
1 | |
2 | |
3 |
- Бағалау айдарына арналған тапсырмалар:
Қазақстандағы мерекелер тізіміндегі қателерді жөнде: |
1-2 қаңтар – Наурыз мерекесі 1 наурыз – Балаларды қорғау күні 8 наурыз – Жеңіс күні 21,22,23 наурыз – Отан қорғаушылыр күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 7 мамыр – Жаңа жыл 9 мамыр – Қазақстанның Тәуелсіздік күні) 1 маусым – Алғыс айту күні 6 шілде – Конституция күні 30 тамыз – Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсан – Астана күні 16 желтоқсан – Халықаралық әйелдер күні |
Мемлекеттік және Ұлттық мерекелерді салыстыр |
|
Қосымша:
Құрбан айт – ұлттық мереке
Құрбандық шалуҚұрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда “Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым” (“Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені, “Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес”, “Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың”, “Мұсылмандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа мүшелерінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады” деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.
http://asyldin.kz/sacredtime/view/id/24.html
Рождество Христово мерекесі
Григориан күнтізбесін қолданатын католиктер мен протестанттар және де жаңа юлиан күнтізбесін ұстанатын әлемнің православ шіркеулері желтоқсанның 24-інен 25-іне қараған түні Рождество Христова мерекесін қарсы алады. Рождество Христово мерекесі - христиандықтардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтілетін бұл мерекенің күні юлиандық және григориандық күнтізбеге байланысты ерекшеленеді. Ұлы Константиннің жеңісінен кейін Рим шіркеуі 25 желтоқсан күнін Рождество Христова мерекесі деп белгіледі. IV ғасырдың аяғында бүкіл христиан әлемі Рождество мерекесін дәл осы күні тойлайтын болды (тек шығыс шіркеулері ғана бұл мерекені 6 қаңтарда атап өтеді). Қазіргі таңда да Православ Рождествосы католиктердің мерекесінен 13 күннен кейін тойланады. Католиктер Рождество мерекесін 25 желтоқсанда тойласа, православтықтар мерекені 7 қаңтарда атап өтеді. Бұл күнтізбедегі түсініспеушіліктен туындады. Император Юлий Цезарьдың бұйрығымен енгізілген Юлиан күнтізбесі ақпан айына тағы бір тәулікті қосады. Көне рим күнтізбесіне қарағанда, ол әлдеқайда ыңғайлы. Әйтсе де, бұл күнтізбе анық болмай, «артық» тәуліктердің саны көбейе бастады. 128 жылдың әрқайсысына есептелмеген күндер қосылды. Бұл XVI ғасырда христиандықтардың ерекше мейрамдарының бірі Пасха мерзімінен бұрын тойланды. Сондықтан, Рим папасы Григорий XIII реформа қабылдап, юлиандық бағытты григориандыққа ауыстырды. Реформаның басты мақсаты астрономиялық жыл мен күнтізбе арасындағы үдемелі айырмашылықты түзету болатын. 1582 жылы Еуропада жаңа григориан күнтізбесі пайда болды. Ал Ресей болса, юлиан күнтізбесін қолдануды жалғастырды. Ресейде григориан күнтізбесі 1918 жылы енгізілді. Алайда шіркеу бұл шешімді құптаған жоқ. 1923 жылы Константинополь Патриархының бастамасымен Православ шіркеулерінің жиналасы өтті. Жиналыста Юлиан күнтізбесін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Орыс Православ шіркеуі тарихи жағдайларға байланысты жиналысқа қатыса алмады. Константинопольдағы жиналыс туралы хабардар болған Патриарх Тихон «Жаңа Юлиан» күнтізбесіне өту туралы қаулы шығарды. Бұл қаулыға дін жолында жүрген жандар наразылық білдірген соң, бір айдан кейін қаулы өз күшін жойды. Грузия, Иерусалим және Сербия Православ шіркеулері, көне юлиан күнтізбесімен өмір сүретін афон монастрлері, шығыс католиктері (Украин Грек-католик шіркеуі) мен ресейлік протестанттардың бір бөлігі Орыс Православ шіркеуімен бірге қаңтар айының 6-сынан 7-сіне қараған түні Рождество мерекесін атап өтеді.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/275/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?