Қазақстан халықтарының мейрамдары. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мектеп:

Мерзімі: 4-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан халықтарының мейрамдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің маңызын түсінеді;
  • Мерекелердің түрлерін ажыратады;
  • Ұлттық мерекелердің маңызын шығармашылықпен таныстырады.

Бағалау критерийлері

- «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің мағынасын түсінеді;

- Мерекелердің түрлерін ажыратады: ұлттық, мемлекеттік және кәсіби;

- Қазақстандағы мерекелердің түрлеріне мысалдар келтіреді;

- Қазақстандағы мерекелердің бірін шығармашылық түрде ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақстан халықтарының мейрамдары туралы айтады.

Терминология:

  • мереке
  • достық

Талқылауға арналған сұрақтар:

- "Қазақстан халықтары - тату отбасы" сөзін қалай түсінесің?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • Кәсіби, ұлттық және мемлекеттік мерекелер кестесін құру.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Бірлікті, ынтымақты, достықты нығайтуға, сақтауға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: жыл, апта, күн ұғымдары

Көркем еңбек: ашық хат, постер дайындау.

Әдебиеттік оқу: қойылым қою.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың елімізде аталып өтілетін мемлекеттік мерекелер туралы түсініктері бар. Бірлік күні мерекесінің аталып өтілу маңыздылығын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-7

8

  • «Қар атысу» ойыны (ұжымда)

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне ұқаланған қағазды лақтырып ойнайды. Лақтыра отырып Қазақстанның бір мерекесін дауыстап атайды. Ойын соңында оқушылардың айтқан атаулары қайталанады. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы сұралады.

  • Пікір алмасу (жұпта)

Оқушылар мерекелер туралы өз ойларын ортаға салады.

Келесі сұрақтар қойыңыз:

-Біздің елде қандай мерекелер атап өтіледі?

-Мереке күндері адамдар немен айналысады?

-«Мейрам, мереке» сөздерін естігенде есіңе не түсетінін ойлап көр: түстер, дыбыстар, иістер, сезімдер мен көңіл күйлер.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің маңызын түсінеді;
  • Мерекелердің түрлерін ажыратады;
  • Ұлттық мерекелердің маңызын шығармашылықпен таныстырады.

Умаждалған қағаздар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Сабақ ортасы

9-13

14-18

19-23

24-35

  • Видеоақпаратпен жұмыс (ұжымда)

Оқушыларға бірлік күні мейрамының видеосы немесе презентациясын ұсыну.

-Бұл қандай мереке деп ойлайсыңдар?

-Бұл мерекенің мақсаты қандай?

Видео немесе презентация соңында оқушыларға сұрақтар қойып, көргені туралы пікір айтуын ұсыну.

  • «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы (топта)

Оқушыдан оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып, 3 жуан және 3 жіңішке сұрақ құрастыруды сұраңыз. Ол сұрақтарды топта талқылап, сапалыларын басқа топқа қою керек. Мерекенің ұлттық, мемлекеттік және кәсіби түрлерінің ерекшеліктерін тағы да атап көрсете отырып, тапсырманың қорытындысын жасаңыз.

Бағалау критерийлері:

- Мерекелердің түрлерін ажыратады: ұлттық, мемлекеттік және кәсіби;

- Қазақстандағы мерекелердің түрлеріне мысалдар келтіреді;

  • «Киелі шаңырақ» тапсырмасы (ұжымда)

Мұғалім әр түрлі ленталар байланған шаңырақты ұстап тұрады. Оқушылар өзіне ұнаған лентаны таңдап, ұстайды. Таңдап алған лентаның түстеріне қарай оқушылар топтасады. «Бір шаңырақтың астында» дегенді қалай түсінетіндері сұралады. Елімізде қанша ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатқандары жайлы әңгімелесу жүреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қазақстандағы ұлт өкілдерін кім көбірек атайды?

-Олар жайлы не білесіңдер?

- "Қазақстандағы халықтар- тату отбасы"деген тұжырымды қалай түсінесіңдер?

-Қандай діни мерекелер бар?

- "Толеранттылық" сөзі нені білдіреді?

- Ұлттар арасындағы қарым-қатынаста толерантты мінез-құлықтың мысалын көрсет.

Бағалау критерийлері:

-«Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің мағынасын түсінеді.

  • «Ойланып, бірге жасайық» тапсырмасы (топта)

Топпен бірге жұмыс жасап, мерекелердің бірі жайлы постер жаса. Оған тақпақ, мерекелік құттықтау қосыңдар. Мерекелер қалай аталып өтетіні туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық көрініс қойыңдар.

Постерді бағалау критерийлері:

- мереке тақырыбын ашады;

- мерекенің мақсаты түсінікті;

- мерекені атап өтудің ерекшелігін көрсетеді;

- мереке тарихына қысқаша шолу жасайды.

Сілтеме:

«Бірлік күні»

https://kaztrk.kz/news/qogam/birlik-kuni-elimizde-1996-zhyldan-beri-toilanyp-keledi-112247

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Мерекелердің суреттері (дидактикалық материалға қараңыз)

Шаңырақ және әртүрлі ленталар (4-5 түрлі)

ғаламторға кіру мүмкіндігі

4 постер, маркерлер, ашық хатты әзірлеуге материалдар

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«3сәт» стратегиясы

Оқушылар сабақта естерінде қалған 3сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады)

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Қар атысу» ойынында оқушыларды жыныстық ерекшелік бойынша ұлдар және қыздар топтарына саралауға болады (әдіст. Нұсқаулықты қараңыз).

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қазақстанның бұрынғы және қазіргі заманауи мерекелері» кестесін толтыруды ұсынуға болады:

Бұрынғы замандағы мерекелер

Қазіргі заманауи мерекелер

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың ұлттық мерекелердің маңызын түсіну деңгейлерін шығармашылық жұмыстарын қорғау барысында байқауға болады. Жекелеген оқушыларға мерекелерді салыстыру тапсырмаларын беруге болады (Дидактикалық материалға қараңыз).

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу