Отбасының берекесі бәрінен де қымбат. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мейрамдар»

Мерзімі: 4-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасының берекесі бәрінен де қымбат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.3 Отбасылық құндылықтарды анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Бақытты отбасы белгілерін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • "бақыт" сөзінің мағынасын түсінеді;
  • отбасылық құндылықтардың мағынасын ашады;
  • жағдаяттың дұрыс шешімін табады;
  • отбасындағы келісім туралы әңгімелейді;
  • бақытты отбасы белгілерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-отбасындағы келісім туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • отбасы құндылықтары;
  • келісім;
  • бақыт.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасы құндылықтарына не жатады?
  • Барлық отбасылар бақытты ма?
  • Рухани құндылықтар мен материалдық құндылықтардың айырмашылығы неде?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • "Сиқырлы сөз" тақырыбына жоспар бойынша әңгіме құрастыру».

Құндылықтарды дарыту

Өзара көмек көрсету, отбасы мүшелерін түсіну және оларды қолдаудың маңыздылығын түсіну.

Ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: сөйлеу дағдыларын дамытады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Отбасы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, туыстық қатынастар туралы негізгі ұғымдары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5

6-7

  • «Алтын шеңбер» стратегиясы (ұжымда)

- Оқушылар шеңберге тұрады;

- Әрбір оқушы жүрек макетін бір-біріне бере отыра, өз отбасында қандай құндылық маңызды және неге екені туралы бір сөйлеммен әңгімелейді.

Қорытынды жасаңыз.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- бақытты отбасы белгілерін анықтау .

Жүрек суретінің макеті

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

8-12

13-22

23-33

  • «Бақыт деген не?» (жеке, ұжымда)

- Мұғалім "бақыт" ұғымын талқылауды ұсынады. Оқушылар өз тәжірибелерінен, бақылауларынан мысалдар келтіреді және топта "отбасы бақыты" ұғымының мағынасын ашады.

Оқушылардың жауаптарына негізделген "отбасы бақыты" ұғымы енгізіледі.

Бағалау критерийлері:

  • "отбасы бақыты" сөзінің мағынасын түсінеді.
  • Рөлдік ойын (топта)

Ұсынылған сюжеттік суреттердің біреуін таңдап, топтарға сахналауды сұраңыз. Сахналаудан кейін басқа топтардың оқушылары осы отбасылар қандай құндылықтарға мұқтаж екенін анықтаулары тиіс.

Бағалау критерийлері:

  • Сахналау арқылы отбасылық құндылықтардың мағынасын ашады;
  • Практикалық тапсырма (топта)

Топтарға арналған тапсырмалар:

1 топ: Жағдай: «Сенің ата-анаң қонаққа жиналып жатыр, ал саған ыдыс-аяқты жуып, кіші ініңе (қарындасыңа) қарап қалуыңды сұрайды. Сен олай істегің келмейді. Қандай әрекетке барасың?»

2 топ: Жағдай: "Сен жаттығудан келдің. Анаң мен әкең үйде жоқ, қарындасың сабаққа дайындалуға көмектесуіңді сұрады, оған қоса ол ас үйде шыныаяқты сындырып алған. Сен не істер едің

3 топ: "Сиқырлы сөз" тақырыбына жоспар бойынша әңгіме құрастыру:

  • Қария ашуланып отырған баланы жолықтырды.
  • Бала қарияға не үшін ашуланғанын, қарындасы мен ағасымен қалай ренжіскенін айтып берді.
  • Қария оған «Сиқырлы сөзді» үйретті.
  • Бала қарындасы мен ағасына осы «сиқырлы сөзді» сынап көрді.
  • Барлығы орнына келді.

Бағалау критерийлері:

  • жағдаяттың дұрыс шешімін табады;
  • отбасындағы келісім туралы әңгімелейді.
  • Шығармашылық тапсырма (жұппен)

«Отбасылық бақыттың құпиясы» тақырыбында постер-кластер құрастыр.

Бағалау критерийлері:

  • бақытты отбасы белгілерін анықтайды;

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Стикерлер, маркерлер

Сюжетті суреттер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Бағалауға арналған стикерлер

Маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Топтарға арналған таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

А3 парағы маркерлер, стикерлер отбасылар суреті

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

«Мен тақырыпты ӨТЕ ЖАҚСЫ / ЖАҚСЫ / ЖАМАН түсіндім»

Оқушылар сәйкес фигураны бояп, жауабының себебін жазады.

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға жетекші рөлге ие болып, аса күрделі тапсырмаларды өздері шешулерін жүктеуге болады.

Сабақта әр түрлі тапсырмалар оқушыларға әр түрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, сахналық көрініс актерлік қабілеттері бар балаларға ұнайды).

Бағалау және кері байланыс беру бағалау критерийлеріне сай сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Ролдік ойын «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортаға көрсетсе - сұрақтар бар, төмен қаратса - көмек қажет).

Бағалау оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы, топтық және жұптық жұмыстар кезінде бақылау және сапалы кері байланыс арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу