Мен және қоғам. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Мерзімі: 4-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мен және қоғам | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.3 Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін түсіндіру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - «Өзіңді қалай ұстау керек...» сахналық көрінісін ойнау Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жазуға берілетін тапсырма:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Қоғамда өзін дұрыс ұстай білудің маңыздылығын түсіну. Ынтымақтастық– шешім қабылдауда бірлесе жұмыс жасай білуден көрінеді. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Әдебиеттік оқу: әдеби кейіпкерлер Дымбілмес пен Білгішбек. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қоғам туралы негізгі ұғымдары бар. Мектепте өзін-өзі ұстау ережелерін біледі. Отбасында, мектепте және қоғамдық орындарда (театр, қоғамдық көлік) өзін-өзі ұстау ережелерін құру тәжірибелері бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5
6-7 |
Оқушыларға кластерден артық сөзді тауып, себебін түсіндіру ұсынылады. Талқылау жүргізіледі. «Қоғам» ұғымы енгізіледі. Қоғам- бұл мүддесі мен мақсаты бір адамдардың бірлестігі.
| Кластер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 8-14 15-19 20-29 30-36 |
«Мәтінді аяқта» стратегиясы (топта) - Мұғалім оқушыларға мәтін таратады және оны талқылауды ұсынады. Оқушылар өз тәжірибелерінен, бақылауларынан мысалдар келтіреді және топта "қоғам" ұғымының мағынасын ашады. - Мұғалім мәтін соңындағы сұрақтарға сүйеніп, мәтінді аяқтауды сұрайды. - Дайын мәтіндер сағат тілі бойынша басқа топқа беріледі, онда оқушылар өз пікірлерін қалдырады. - Оқушылардың пікірі бойынша үздік аяқталған мәтінді дауыстап оқиды және "3 шапалақ" әдісімен мадақтайды. Бағалау критерийлері:
Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Өзара Дымбілмес пен Білгішбектің рөлдерін бөліп алуды сұраңыз. Олар өз ұстанымдары бойынша диалог құрады. Бағалау критерийлері:
Топтар тапсырмасы бар бес карточканың бірін таңдайды.
Әр топ қысқа қойылымдар дайындайды және көрсетеді. Қойылымнан кейін басқа топтың оқушылары қандай әдептілік ережелерін көргендерін айтып, кері байланыс береді. Бағалау критерийлері:
- Қиылған суреттің бөліктері таратылады. Мұғалімнің рұқсатымен әрбір оқушы бөліктерді тауып, толық сурет жинауы керек. - Бірдей суретті жинағандар бір топты құрайды. - Топта өз суретіне сәйкес "Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері" атты постер дайындайды. - Әрбір топ өз жұмысын 1 минут қорғайды, қажет болған жағдайда түзетулер мен толықтырулар енгізеді. Бағалау критерийлері:
| Таратпа мәтін (дидактикалық материалға қараңыз) Стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Дымбілмес пен Білгішбектің аттары жазылған парақ
(дидактикалық материалға қараңыз)
Карточка (дидактикалық материалға қараңыз) Стикерлер Маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әр топқа арналған суреттер (дидактикалық материалға қараңыз) А3 қағазы Маркерлер, желім | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «Жанды әріптер» ойыны Оқушылар әрбір әріпке қоғамда қолайлы өмір сүру үшін қажетті сипаттарды ойлап табуы керек. ҚОҒАМ |
Таратпа парақ дидактикалық материалға қараңыз | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сабақ кезінде әр түрлі тапсырмалар оқушыларға әр түрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, сахналық көрініс актерлік қабілеттері бар балаларға ұнайды). Қабілеті жоғары оқушыларға жазбаша түрде сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. - "Әдептілік ережелерінің негізінде мәңгілік рухани құндылықтар жатыр. Бұл қандай құндылықтар? Неге олар мәңгілік?» - "Әрекет етпес бұрын ойланыңыз.Өз іс-әрекеттеріңізді қадағалаңыз.Бұл тағдырыңызға әсер етуі мүмкін. Сіз бұл сөздерді қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Сабақтың барлық тапсырмалары әр түрлі әдістермен бағаланады. "Мәтінді аяқтау" тапсырмасы "3 шапалақ" стратегиясы бойынша бағаланады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?