Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • «Кіріс-шығыс» тапсырмасында отбасылық бюджетті үнемдеу арқылы табиғи ресурстарды, тұрғын үй төлемдерін де үнемдеуге болатындығына назар аударту керек. Мысалы: суды үнемдеп пайдалану табиғаттағы су қорын сақтауға мүмкіндік берсе, ал электр энергиясын үнемдеу жылу энергия көзін үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Рөлдік ойын «Кірістер мен шығыстарды санаймыз» (топта)

Ойын шын мәнінде шынайы болу үшін ақшаның суреттерін таратуға болады. Оқушылар ата-аналардың рөліне кіріп, "кіріс-шығыс" қатынасын түсіне алады.

Теңге (ақша) үлгілері дидактикалық материалдарда берілген.

  • Практикалық жұмыс «Өз шығыстарыңның «төлқұжатын» құр» (жеке)

Бұл төлқұжатты отбасылық кеңесте талқылауды сұраңыз. Ересектердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, оны отбасылық бюджеттің пайдасына қолдану керек. Жақсартылған жұмыстар келесі сабақта таныстырылады (тапсырылады).

Төлқұжат «Сұрағым келеді...» әдісімен бағаланады. Дайын паспортпен сыныптағы «сұрағым келеді...» деп кез келген оқушыға келіп, пікір жинайды.

  • Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдағы таратпа парақ үлестіріледі. Жазар алдында 1 минут тыныштықта көз жұмып, бүгінгі сабақта барлық үйренгендерін ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі. Парақтар толтырылғаннан кейін ұстаз жинап алып, сараптама жасауы тиіс. Қорытындысын келесі сабақты жоспарлауда қолдану керек.
  • Негізгі ұғымдар:

Отбасылық бюджет - отбасы табысының белгілі бір уақыттағы кірісі мен шығысы.

Кіріс – бұл еңбегіңе қарай төленген айлық табыс немесе жинақталған материалдық құндылық.

Шығыс – күнделікті қажеттілікке жұмсалған қаражат.

  • Пайдалы сілтемелер:

  • Жеке және отбасылық қаражатты жоспарлау

https://www.youtube.com/watch?v=QdLtQ1XBjHo

  • Электр энергиясын үнемдеу жолдары

https://www.youtube.com/watch?v=8axNMPxhI8k

  • Қаржылық IQ - Отбасылық бюджет

https://www.youtube.com/watch?v=YGThDq_D0nU

  • Бүгін - Халықаралық үнемдеу күні

https://www.youtube.com/watch?v=tW1JOjLf7FE

  • Қосымша:

Отбасылық бюджет құруды білесіз бе?

 Қазіргі нарықтық кезеңде адами капиталдың дамуы үшін отбасы бюджетін дұрыс жоспарлаудың да жауапкершілігі зор. Қандай да бір ұйым алға қарай ілгерілеуі үшін әр түрлі шешімдер қабылдап отырады. Үй шаруашылығын  басқару да сол секілді. 

Отбасылық бюджет – бұл әдетте бір ай мерзіміне жасалатын, отбасының ақшалай табыстары мен  шығындарын реттеу жоспары. Бюджетті жүргізудің басты мақсаты – бұл шығындарды бақылау. Кейбір ерлі-зайыптылар бюджетті жүргізуді қызықсыз және езбе шаруа деп санайды. Одан бөлек, қанша ақша жұмсалып жатқаны шамамен онсыз да белгілі деп ойлайды. Демек, мәселенің мәнісі  осында – біз шығындарды нақты емес, шамалап білеміз! Табыс пен шығындардың бір қарапайым есебінің өзі шығындардың 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ай сайынғы шығындар жылына қаншалықты соманы құрайтынын елестете беріңіз. Бюджетті құру кезінде басшылыққа алудың ең басты қағидасы – бұл есеп және бақылау. Бұл жағдайдың өзгеруін дер кезінде аңдап, қосымша шығынсыз ету үшін қажет. Бір жағынан бұл қажетті қаражаттар мөлшерін көруге, енді бір жағынан ақшалай қаражаттар қашан шығындалғанын жоспарлау үшін керек.

Әдетте жанұялық бюджеттің ең кең таралғаны – бірлескен әдісі. Мұнда әкесі мен шешесі (атасы, әжесі сонымен қоса ересек балалары) тапқанын ортаға салып, белгілі уақыт аралығында (әдетте бір айға) алынған соманы қалай бөлу қажет екенін шешеді. Мұндай әдістің ең басты артықшылығы – бірлікті сезінуде. Бюджеттің мұндай әдісінде балалар отбасы ісіне қатысуда  жауапкершілікті ерте сезіне бастайды.

Отбасылық бюджетке бала да үлес қоса алады

Егер отбасы шығындарын қадағалауға тырыссаңыз, бірқатар күтпеген деректерге қанығасыз. Бюджетті жоспарлау кезеңі көптеген отбасыларда өмірдің ең басты міндеттері мен мәні екендігін ұғындырады.

Әр отбасының қаржылық мүмкіндігі әртүрлі. Егер жасөспірім өз бетімен табыс таппаса, тек ата-анасының берген ақшасын пайдаланса, оның отбасы бюджетіндегі жағдайын пассивті деп айтуға болады. Енді баланың  отбасы бюджетін жоспарлауға қалай қатысатынын айтайық. Балаға қалта шығынына ақшаны қай жастан беру керек деген мәселе ерте ме кеш пе, ата-аналарды мазалайды. Ата-аналар жағдайға байланысты баланы өз бетімен ақша табуға тәрбиелеуі тиіс. Мұны өткен нөмірімізде кеңірек айтып өткенбіз. Жасөспірім өз табысының бір бөлігін ата-анасына беріп те отбасының экономикалық өміріне үлес қоса алады. Яғни, бала есейген сайын оны отбасының экономикалық өміріне араластыра бастау қажет.

5-8 жастан бастап, балаларда қаржылық машықты дамыту қажет. Осы кезеңде ақша есебін қалай жүргізу қажет екенін, ақша құндылығы  жайында үгіт-насихат жүргізе бастау – маңызды.

Қаржылық машықтарды дамытудың бірнеше жаттығуларын ұсынамыз:

– Үнемдей білу. Қалта ақшаңызды үш қорапқа бөліңіз: «жұмсау», «үнемдеу»  және «беру». Нені үнемдеп, нені жинайтыныңызға мән беріңіз. Ата-анаңыздан банктің көмегімен ақша жинауды бастауын өтініңіз.

 – Ақша есебін жүргізе білу. Өзіңіз жинаған, тапқан және апта ішінде жұмсаған ақшаны есепке алуды үйреніңіз. Содан соң алынған сомаларды кестеге жазыңыз. Бұл міндет басқа өздігінен орындалатын машықтарыңызға айналып кетуі қажет және қолайсыз жағдайлар тудырмауы қажет. Өз өміріңіздегі басымдықтарды анықтаңыз және ақшаның қайда кеткенін тұрақты түрде жазып отырыңыз. Бұл жаттығуларды бір-екі жыл аралығында орындаңыз.  Үйде жиналған ұсақ тиындарды жинаңыз, оларды санап, белгілі жерге жинаңыз. Өзіңізге алғашқы әмияныңызды сатып алыңыз.

 – Ақша туралы әңгіме айта білу. Ата-анаңызға ақшаның не үшін қажет екені жөнінде айтуын өтініңіз. «Біз мұны алуға мүмкіндігіміз жоқ, бірақ мен ақшамызды басқаша жұмсағым келеді» – деп айтуға ешқашан қорықпаңыз, содан соң оның себептерін түсіндіріңіз.

 – Өз қаражатыңмен өмір сүре білу. Өзіңізге ақшаның бөліну жағдайын ойластырыңыз. Егер сіз қалта шығынына берілген ақшаны мерзімінен бұрын жұмсап қойсаңыз, мәселені өз бетіңізбен шешу әдісін табыңыз.

– Ақшаның көмегімен әлемді өзгерте білу. Бүкіл отбасыңызбен атап өтетін мейрамда тамақты өз ақшаңыздан төлеп көріңіз. Жаңа жылға өз бетіңізбен жақындарыңызға және құрбы-құрдастарыңызға сыйлықтар дайындаңыз.

Авторы: Т.ҚАСЫМ.  «Шымкент келбеті»

 http://oknews.kz

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу