Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-тарау. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Мерзімі: 4-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу 3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жазуға берілетін тапсырма:
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Отбасылық құндылықтардың негізі - өзара көмек көрсету, сыйластық, түсіну және қолдау. Азаматтық жауапкершілік өз шығындарын жоспарлай алу, отбасылық бюджетті үнемдей алу арқылы дамиды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: «бюджет», «шығыс-кіріс», «жеке шығындар» ұғымдары. Математика: отбасының шығыстары мен кірістерін есептеу. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы, отбасы құндылықтары туралы білім негіздері бар. Өзінің отбасындағы тұтыну заттарына деген қажеттіліктердің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтай алады. «Отбасылық бюджет» дегеннің не екенін біледі (3 сынып, 1 бөлім) | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-4
5-6 |
Оқушылар сөзді табу керек. "Ол мемлекеттік, отбасылық, жеке болуы мүмкін. Не жайлы айтып отырмыз?» Оқушылар өз болжамдарын айтады, дәлелдейді. Жауабы:БЮДЖЕТ Талқылауға арналған сұрақтар: - Бюджет туралы не айта аласыңдар? - Отбасы табысы неден құралады? - Отбасы ақшаны қайда жұмсайды? - Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Мұғалім сабақ мақсаттарына жетелейді.
| (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд№2 Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 7-14 15-24 25-30 31-36 |
"Ақша шығындары" мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз (дидактикалық материалды қараңыз). Бір оқушы «кірістер», екіншісі – «шығыстар» санатын таңдайды. Осы сөздерді пайдаланып, әр санатқа көбірек мысалдар келтірулері керек. Тепе-теңдікті ұстап тұру үшін бюджетті қалай тұрақтандыруға болатыны жайында талдау жүргізіледі. Бағалау критерийлері:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Айдың соңында сендердің отбасыларыңда ақша қалады ма? - Оны қайда жұмсайсыңдар? Бағалау критерийлері:
Оқушыларға жеке шығыстар паспортының үлгісін таратыңыз. Оқушыларға оны келесі аптаға арнап толтыруды ұсыныңыз. Қандай шығындарды жоспарлайсың? Оларды қалай қысқартуға болады? Төлқұжат «Сұрағым келеді...» әдісімен бағаланады. Бағалау критерийлері:
Оқушыларға қандай кейіпкерде күтпеген жерден 5 алтын теңге пайда болғанын еске түсіруді ұсыныңыз. Жауабы: Буратино Талқылауға арналған сұрақтар: Буратино ақшасын қайда жұмсамақ болды? Сен қайда жұмсар едің? Тапсырмаға қорытынды жасаңыз. Бағалау критерийлері:
| Таратпа мәтін «Кіріс», «Шығыс» сөздері жазылған карточкалар. Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Кірістер мен шығыстар кестесі Ақшаның суреттері (дидактикалық материалға қараңыз)
Төлқұжат үлгісі (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Буратино мен 5 алтын теңге суреттері (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): Бүгінгі сабақта мен .............. білдім. Бүгінгі сабақта мен .............. үйрендім. Алдағы уақытта..................қолданамын. Бірнеше жауаптарды талдауға болады. |
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілетті жоғары оқушыларға эссе тақырыбы ұсынылады: "Мен және менің шығындарым". Осы тапсырманы оқушылар үйде жоспарға сәйкес орындай алады: 1. Ата-аналарың саған ақшаны сеніп тапсыра ма? 2.Ақшаны ұстай аласың ба? 3. Сенде ақша жинағыш бар ма? 4.Ақша жинағыш не үшін қажет? Оқуда кедергілері бар оқушыларды өз шығындарын есептеу кезінде қолдау қажет. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. "Кірістер мен шығыстарды санаймыз" тапсырмасында әрбір топ өз жұмысын қорғайды, кері байланыс беріледі. Топтық жұмыс "Екі жұлдыз, бір тілек" стратегиясы бойынша бағаланады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?