Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік бастауы»

Мектеп:

Мерзімі: 4-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 табиғи жағдайларға байланысты адамдардың қоныстануын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

- тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

-Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі;

-Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

- адамдардың қоныстану себептерін атайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-ежелде адамдар қайда көбірек қоныстанғандарын әңгімелейді;

Терминология:

  • Тау етегі;
  • Өзен;
  • Көл.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неге адамдар қоныстану үшін өсімдіктерге бай және жануарларға мол орындарды таңдаған?

Жазуға арналған сұрақтар:

-«Қайда өмір сүрген керемет?» тақырыбына эссе жазу.

Құндылықтарды дарыту

Қарсы пікірді талқылау кезінде бір-біріне деген құрмет мейірімділік қарым-қатынас қалыптасады. Патриоттық сезім өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу арқылы дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту;

Картамен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1 сыныпта « Дені саудың- жаны сау» тарауында су ресурстарының адам өміріндегі қолданылуымен, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығымен танысты. 3 сыныпта «Жанды табиғат» тарауынан климаттың негізгі түрлерін, табиғи жағдайларға байланысты адамдарды әркелкі қоныстануын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

9

  • Миға шабуыл (топта)

Түрлі табиғи белдеулердің суреттер топтамасы ұсынылады.

- Экваторлық белдеу (Оңтүстік Американың солтүстігі, Африка орталығы, Еуразияның шеткі оңтүстігі)

- Тропикалық белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия, Оңтүстік Америка)

- Қоңыржай белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка) Қазақстан қоңыражай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың барлық маусымы айқын көрінеді.

- Полярлық белдеу (Антарктида, Арктика мұхиты)

Оқушылар ұсынылған белдеудің табиғатын (рельеф, климат және т. б.) сипаттайды, осы белдеудің табиғи жағдайларының адамдардың өмірі мен қызметіне әсері туралы айтады.

  • «Волейбол» стратегиясы ( ұжымда)

Талқылау үшін сұрақтар:

- Қандай негізгі климаттық белдеулер бар?

- Әрбір климаттық белдеудегі табиғи жағдайлар қандай?

- Қандай климаттық белдеуде адамдар қуана қоныстанар еді?

- Ертеде адамдар қандай жерлерде, қай аймақта қоныстанды? Ол аймақтың оңтүстігі мен солтүстігін таңдау себебі неде?

- Не себепті адамдар өсімдіктері бай және жануарлар әлемі мол мекендерді таңдады?

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.

Суреттер топтамасы

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Слайд №4

Сабақ ортасы

10-13

14-21

22-25

26-30

31-35

  • Тақырып бойынша кіріспе

"Адамдардың қоныстануы және Жер халқының өсуі" атты бейнематериалдың көрсетілімі

Талқылау үшін сұрақтар:

- Алғашқы адамдар қайда тұрды?

- Бұл табиғи жағдайларға байланысты болды ма?

- Неге адамдар су жанында қоныстанды?

- Неге адамдар таудың етегінде, төбенің жанында өмір сүрді?

Әңгімелесуден қорытынды жасалады.

  • «Картамен жұмыс» тапсырмасы (жұппен)

Қала типтес кенттер мен қалалардың атауы жазылған Қазақстан картасы көрсетіледі.

№ 1 тапсырма. Картадан өзендердің (көлдердің, теңіздердің) атауымен немесе "су" сөзімен байланысты қалаларды табыңдар.

№ 2 тапсырма. Картадан атаулары «тау», «төбе» сөздері кездесетін қала және ауылдарды көрсетіңдер.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді және таратпа материалда атауларды тауып белгілейді.

Оқушылардың жауаптары ұжымда талқыланады және соңғы нұсқасы дәптерге жазылады.

Бағалау критерийлері:

-су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді;

- тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді.

  • Мұғалімнің сыйлығы «Ұлы Жібек жолы»

Бейне тосын сый 3.28

Ұлы Жібек жолы - Шығыс пен Батысты біріктірген орасан зор сауда бағыты. Оның ұзындығы 12 мың шақырымды құрады, сауда керуенінің бағыттарының бірі Оңтүстік Қазақстан аумағынан өтті.

altyn-orda.kz

Бағалау критерийлері:

- Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі.

  • Картамен жұмыс (жұппен) жалғасы

Қазақстан картасы бойынша жұмысты жалғастырыңыз.

Тапсырма № 3. Картадан елдің оңтүстігіндегі көне қалаларды табыңдар: Түркістан, Шымкент, Тараз Алматы. Неге олар осы өңірде пайда болған?

Оқушылар Жібек жолының сызбасына сүйене отырып жұппен жұмыс істейді. Жауаптар дәптерге жазылады және басқа жұппен бағаланады.

Бағалау критерийлері:

- Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді.

  • «Сондықтан ...» стратегиясы (жеке)

Оқушыларға 3 тұжырымды аяқтау ұсынылады:

* Өзен-тіршілік көзі, сондықтан....

* Адам ежелден таудың жанында қоныстанған, сондықтан қазір де ...

* Ежелде еліміздің Оңтүстігінде Ұлы Жібек жолы өтті, сондықтан...

Бағалау критерийлері:

- адамдардың қоныстану себептерін анықтайды.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=myASh5VjN1I

(0.53сек дейін көрсету)

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы

Маркерлер

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Ақпарат

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=1VpDvZRW6zM

Жібек жолы картасы

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Жібек жолы картасы

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Менің пікірім»

Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Блогер ретінде сабаққа пікірлер жазу ұсынылады.

Сабақ маған ұнады .....

Тағы қалар едім......

Рахмет айтқым келеді........

Таратпа парақ

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырманы таңдаулары бойынша беруге болады: өзі тұратын елді мекеннің тарихы туралы ақпараттарды жинап, сыныпқа таныстырылым жасау. Қиял мен жағдаятты проблемаларды шешуді дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы тапсырма: «Қалалар мүлдем жойылып кетсе, не болар еді? Адамдардың өмірі қалай өзгерер еді?»

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара және өзіндік бағалау әдістері қолданылады. "Сондықтан..." стратегиясы сабақ мақсаттарына жетуді бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Сауалнаманың көмегімен картамен жұмыс істеу кезінде оқушылардың дағдыларын бағалаңыз:

- Сендер жұмыс істеген карта қалай аталды?

- Карталардың тағы қандай түрлерін білесің?

-Қала мен ауыл атауларын оңай таба алдың ба? Иә / Жоқ Неге?

- Саған картаға байланысты тапсырмалар ұнайды ма?Иә / Жоқ Неге?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу