Туристің қайда сапар шеккені жөн? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- «Есіңе түсір» тапсырмасы
Тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар әлемнің туристік нысандары туралы сұрақ қойыңыз. Әртүрлі орындарда демалудың ерекшеліктері туралы сұраңыз. Оқушылардың назарын әртүрлі туристік нысандардың географиялық жағдайына, табиғи жағдайларына аударыңыздар.
- "Серуен" ойынын қорытындылауға арналған сұрақтар:
- Сен қандай жауапқа таң қалдың? Немен?
-Сен күтпеген жауап қандай болды?
- Ерекше пікір?
-Сен тағы не айтқың келді?
- «Анықта» тапсырмасы
Табиғи туристік нысандар: қорықтар, саябақтар, көлдер, таулар, каньондар және т.б..
Тарихи және мәдени туристік нысандар: ескерткіштер, кесенелер, мешіттер, сәулет құрылыстары, артефактілер, қазбалар және т. б.
- «Қазақстан бойынша саяхатта» тапсырмасы
Оқушыларды топтарға бөлу тәсілі - ҚР 4 облысының саяси картасын қиып тарату. Оқушылар топқа бөлініп, карта бөліктерін жинақтап, тақтаға іледі. Облыс орталықтарының қалаларын атайды.
- Оқушылар туристік нысандардың рейтингісін жасаған кезде әрбір нысанның қоғам үшін құндылығына, оның орналасқан жеріне, қол жетімділігіне назар аудару қажет. Туристік нысандардың рейтингісін оқушылар диаграмма, кесте, баспалдақтар және т. б. түрінде рәсімдей алады.
Теориялық материал:
Рейтинг сандық немесе реттік түрде көрсетілген көрсеткішті білдіреді, ол белгілі бір жеке алынған объектінің немесе көптеген ұқсас құбылыстардың маңыздылық дәрежесін көрсетеді. Біздің жағдайда Қазақстанның туристік нысандары.
- «Өзім жасаймын» тапсырмасы. Постерді безендіру және қорғау оқу материалының меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
- Қосымша ойын «Домино»
Оқушыларға «Әлемнің мәдени ескерткіштері» домино ойыны ұсынылады. Ол үшін алдын-ала домино жиынтығы дайындалады және әрбір топқа таратылады. Әлем ескерткіштері мен атауларын сәйкестендіру арқылы доминоны дұрыс жинау керек. Домино екі бөліктен тұрады. Домино фишкаларының бір бөлігінде мәдени нысанның суреті, екінші бөлігінде мәдени мұра тізімінен алынған мәдени нысанның аталуы, қай елде орналасқаны жазылуы тиіс. Қазақстан тарихының және мәдениетінің ескерткіштерін қосу міндетті түрде.
- Қосымша сілтемелер:
1 | Әлемнің 7 кереметі | https://www.youtube.com/watch?v=ycOPkaW3U9I | 2мин 40 сек |
2 | Әлем кереметтері (видео) | 2мин 08сек | |
3 | Қазақстан кереметтері (презентация) | 1мин 57сек |
- Теориялық материал:
Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан. Соның ішінде 845 мәдени, 209 — табиғи және 38 — аралас нысан бар.
Бүгінгі таңда 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-ькөлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.
1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы
"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды.
Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.
2. Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы
Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.
Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.
3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы.
Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.
Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан.
4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы
Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады.
5. Табан-Қарағай. Алматы облысы
Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан!
Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл-өсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді.
6. Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы
Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады. Осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.
7.Қаратау таулары. Оңтүстік Қазақстан облысы
Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр.
Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол - қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын.
8. Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы
Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар.
Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі "бармақты" тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі.
9. Бектау-Ата тауы. Қарағанды облысы
Бектау-Ата тау сілемдері - Солтүстік Балқаш маңы оазисі - Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырымда орналасқан.Теңіз деңгейінен 800 метр биіктікке асады.Сол үшін оны Балқаш маңы шамшырағы деп те атайды. Бектау-Ата шатқалында жүздеген өсімдік түрі өседі, олардың 45-і сирек кездеседі, ал, сегізі Қызыл Кітапқа енгізілген.
Таудың атауымен байланысты Әулие Атабек туралы аңыз бар: бұл әулие адам қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырда өмір сүрген. Бірде ол жаудан қашып, таудағы ең үлкен үңгірге барып тығылады, ал Алла тағала сол жерде әулие қартқа арнап тастан тұщы су көзін ашып береді.
10. Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы
Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады. Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.
Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді.
11. Бозжыра шатқалы. Маңғыстау облысы
Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.
Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі - 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.
Массагет сайтынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?