Туристің қайда сапар шеккені жөн? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім «Су- тіршілік көзі» Мерзімі: 4-тоқсан Сынып: 3 | Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Туристің қайда сапар шеккені жөн? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.4.1. Қазақстанның ерекше тартымды туристік су нысандарының рейтингісін құру | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қазақстанның туристік нысандарын сипаттап бере алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақстанның қандай туристік нысандарын білесің? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту өз елінің ең тартымды туристік нысандарімен танысу және оларды сақтау мен жауапкершілік сезімін дарыту арқылы жүзеге асады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу: тіл дағдысын дамыту, сөздік қорын толықтыру (туристік нысандардің атауы). Информатика: ақпаратпен жұмыс. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-2 3-6 7-8 |
Оқушылар сюжеттік суреттер бойынша "туризм", "туризм түрлері", "туристік нысандар" ұғымдарын еске алады.
Оқушылар "серуендеу" үшін өзіне жұп таңдайды. Серуен кезінде оқушылар жұптасып серуендеп, әңгімелеседі. Қоңырау соғылғанда жаңа жұптар құрылады және әңгіме жалғасады. Әңгімелесуге арналған сұрақтар: - Қазақстанда қандай жерлерде демалдыңдар? (қала, ауыл, көрнекті орындар, демалыс орындары) - Бұл орындарға қандай мақсатпен бардыңдар? (Себебі) - Бұл жерлерде сені не қызықтырды? - Сен үшін Қазақстанда демалатын ең жақсы орын қандай? Ойынды қорытындылаңыз.
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Сюжетті суреттер (дид. материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Қоңырау Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 9-13 14-20 21-26 27-36 |
Әр топқа суреттер топтамасы беріледі. Олардың қайсысы табиғи, ал қайсысы тарихи және мәдени нысандарға жататынын анықтау және қорытынды жасау қажет. Бағалау критерийлері:
Әр топ өз облысының картасын, энциклопедияны зерттеп, постер дайындайды : - Қандай туристік нысандарды атауға болады? - Туристер неге бұл орынды таңдайды? Оқушылар ең тартымды орындарды сипаттайды және бұл орынды туристік нысан ретінде таңдау себебін түсіндіреді. Содан кейін әрбір топ өз жұмысын таныстырады: 1 топ: "Оңтүстік Қазақстан» 2 топ: "Солтүстік Қазақстан» 3 топ: "Шығыс Қазақстан» 4 Топ: "Батыс Қазақстан» Бағалау критерийлері:
Оқушылар туристік нысандардың рейтингісін құрайды. Ол үшін топта өз облысының нысандары үшін жеке критерийлерін әзірлейді. Нысандарды критерийлерге сәйкес маңыздылық дәрежесі бойынша қояды. Нысандардың мұндай рейтингісінің себебін түсіндіреді. Бағалау критерийлері:
Оқушылар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы туралы ақпаратты еске түсіреді (5-бөлім 21-сабақ). Оқушылар 4-уінен біреуін таңдап, жеке жарнамалық постер жасайды. Бүктеме мазмұнына қосу қажет: - Атауы; - Объектінің түрлері (график, сурет және т. б.); - Ұраны. Бағалау критерийлері:
| Суреттер сериясы Магниттер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Туристік карта ҚР картасы Энциклопедиялар /Қазақстан еліне сиқырлы саяхат, Шикула и К, 2004ж/ Постерлер, маркерлер
Стикерлер Облыстар аты жазылған сызба парағы Постер, маркерлер, желім, ЮНЕСКО тізіміндегі туристік нысандар туралы ақпарат | |||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): «Кеңесші» стратегиясы Мына балаларға олардың қажеттіліктеріне қарай, қайда бару керектеріне көмектес. Таратпа парақты толтырыңдар. | Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушылар үшін елде туризмді дамытудың 5 плюсін және 5 минусын жазуды ұсыныңыз. Сондай-ақ, өз аймағы үшін тартымды нысанның макетін дайындауға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға жеке тапсырмаларды орындау кезінде сюжеттік суреттер арқылы және жетекші сұрақтар көмегімен қолдау көрсету керек. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Әрбір тапсырма сабақтың мақсатына жетелеуге бағытталған. №5,6,7 тапсырмаларды оқушылар топтық жұмыстардың критерийлеріне сәйкес өзара тексеру арқылы бағалайды. № 7 тапсырма "Галерея" стратегиясы бойынша стикерлер арқылы кері байланыс жасау арқылы бағаланады. Әр оқушының топтық жұмысқа қосқан үлесін бақылау қажет. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?