Табиғат және менің қауіпсіздігім. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • Ассоциация құру. Талқылау және ой білдіру

Ассоциация үлгісі (қарапайым):

  • «Ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы

Бейнерепортажды көрер алдында оқушыларға 6 қалпақтың барлық мағынасын (әр қалпақ қандай сұрақтарға жауап береді) түсіндіру маңызды. Бұл жағдайда оқушылар өзінің "қалпағына" сәйкес, мақсатты түрде жауап табады, ойлаудың барлық процесі нақты және негізді болады.

  • Тапсырма «Сөйлемді аяқта»

Тапсырма жеке орындалады және формативті бағалау сипатында болады. Өткен тапсырманың қисынды аяқталуы болып табылады, оқушылардың табиғи катаклизмдердің салдарын түсіну деңгейін анықтайды. Оқушылардың жұмыстары слайдтағы дұрыс жауаптармен салыстыру арқылы бағаланады.

  • «Жаднама жаса» тапсырмасы

ЖАДНАМА табиғи апаттарды бағалауға және өз қауіпсіздігін жоспарлауға көмектеседі. Қолдау ретінде дидактикалық материалда мысал келтірілген.

  • Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдан жасалған дайын үлгіні таратыңыз. Тапсырманы орындау алдында оқушылардан сабақтан білгендерін еске түсіруді сұраңыз. Кейін кестені толтырсын. Оқушылардың рефлексия нәтижелерін келесі сабақты жоспарлау кезінде ескеріңіз.
  • Қосымша тапсырма:

"Дебат" әдісі (топта). Бірінші топ "жаңбыр – бұл жақсы", екінші – "жаңбыр – бұл жаман", үшінші "күн - бұл жақсы", төртінші "күн – бұл жаман" ("жел – жақсы, жел – жаман" және т.б.) деген көзқарастарды ұстанады. Оқушылардың әр тобы өз ұстанымын қорғап, дәлелдер келтіреді. Оқушылардың өз жауаптарын негіздеулері және басқалардың пікірін тыңдау қабілеттері маңызды. Тапсырманы соңында оқушылар қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

-ауа райы-климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін дәлелдейді.

  • Теориялық материал:

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай  бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.

Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.

Жер сілкінісі — бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері. Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кес-теде ұсынылған.

Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.

Көшкіндер — бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарай сырғып, орын ауыстыруы. Олар әртүрлі жыныстарда тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды (антропогенді) себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулер жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, талқандау, топырақты шамадан тыс тасымалдау, орманда шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу жатқызылады.

Көшкіндер биіктігі 19°-тан басталатын барлық беткейлерде болуы мүмкін. Алайда оларсазды топырақты жерде беткейлердің биіктігі 5-7о болған кезде де орын алады. Бұл үшін жыныстардың шамадан тыс ылғалдануы жеткілікті.

Олар жылдың кез келген мерзімінде, көбінесе көктем- жаз кезеңішде болады.

Көшкіндер құбылыстың көлемі, қозғалыс жылдамдығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы түзілу орнына ңарай жіктеледі.

Сел (сел ағыны) — шағын тау өзендерінің алаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған лайлы немесе су мен тау жыныстарының сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын.

Су деңгейінің жылдам көтерілуімен, тасқынды қозғалысымен, әрекеттің қысқа мерзімділігімен (орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі эрозиялық-аккуму-лятивтік қиратушы әсерімен сипатталады

Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, те-міржолдар мен автокелік жолдарына жене басқа да құрылыстарға қатер төндіреді.

Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, қардың қарқынды еруі; су қоймалардың бұзылуы, жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы тікелей себепкер.

Селдер туындау қүрылымы бойынша үш түрде: эрозиялық, бұзып өтуші және опырылу-көшкіндік болып бөлінеді.

  • Пайдалы сілтемелер
  • Қауіпсіздік әліппесі

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=5sLJO6RBTE0

  • «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8

  • Баланы қоршаған қауіп-қатер

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=q9fhYxvF2uc



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу