Айналамыздағы қауіп-қатерлер. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су- тіршілік көзі»

Мерзімі: 4-тоқсан

  • Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айналамыздағы қауіп-қатерлер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.

3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрады.

Бағалау критерийлері

  • апаттың түрлерін ажырата алады;
  • жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орындарды біледі;
  • табиғи апат жағдайында қауіпсіздік ережесін құрады (кем дегенде 3-4);

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- апаттардың пайда болу себептерін әңгімелейді;

Терминология:

  • Қар көшкіні
  • Су тасқыны
  • Сел ағындары
  • Қауіпсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Су басу мен су тасқынының айырмашылығы не?

- Қар көшкіні қандай жерде болады?

- Сел ағындарының пайда болу себебі?

Жазуға берілетін тапсырма:

- маусымаралық қолайсыз ауа райы жағдайлары және табиғи апаттар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін құру.

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады.

Қамқорлық – апаттық жағдайларда адамдар бір-біріне көмектесу керектігін ұғыну.

Сыйластық пен ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: табиғаттағы денелер мен құбылыстардың қауіп-қатері

Көркем еңбек: суреттер топтамасын жасау.

Алдыңғы меңгерілген білім

2 сыныпта «Қоршаған орта» тарауынан ауа-райының қолайсыз жағдайындағы және табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5

  • «Артық сөз» стратегиясы (топта, ұжымда)

Оқушылар қатардағы сөздердің ішінен артық сөздерді алып тастаулары керек.

Сөздер қатары: дауыл, қар көшкіні, құйын, боран, жер сілкіну, жер, қауіпсіздік, су, өрт, су тасқыны, лай көшкіні, гүл.

Артық сөздерді неге алып тастағандарын түсіндіріп, сабақ тақырыбы мен мақсатына шығады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрады.

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

6-10

11-17

18-25

26-31

32-35

  • «Сұрыпта» тапсырмасы (топпен, жеке)

Тақтаға төмендегі кесте ілініп, оқушыларға берілген сөздерді екі бағанға сәйкесінше жинақтау ұсынылады:

жер сілкіну, су ластануы, цунами, қар көшкіні, жанартау атқылауы, ауаға улы газдардың тарауы, дауыл, мұнайдың төгілуі, нөсер жауыннан болған су тасқыны, радиация , бұршақ, күн күркіреу.

Табиғи апаттар

Техногенді апаттар

Бағалау критерийлері:

  • апаттың түрлерін ажырата алады.

Өзіндік бағалауға түрлі түсті стакандарды пайдаланып, кері байланыс береді.

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- сұрағым бар

Жасыл- түсіндім

  • «Стикердегі диалог» әдісі (жеке, ұжымда)

Оқушыларға «Сел ағындары», «Су тасқыны», «Қар көшкіні», «Лай көшкіні» сөздері жазылған қима қағаздар таратылады. Оқушылар аталған жағдайлар кезінде жүргізілетін қауіпсіздік ережелері жайлы ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі. Стикердегі пікірлерді оқып, толықтырады. Бірдей пікірлерді топтастырып, қауіпсіздік ережелерін құрады.

Талқылау сұрақтары:

- Су басу мен су тасқынының айырмашылығы не?

- Қар көшкіні қандай жерде болады?

- Сел ағындарының пайда болу себебі?

- Лай көшкіні деген не?

Бағалау критерийлері:

  • табиғи апат жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құрады (кем дегенде 3-4).
  • Бейнефильм көрсету (топта, ұжымда)

«Жер сілкінісі кезінде қалай қорғануға болады?» бейнефильм.

Бейнефильм көру барысында мұғалім табиғи геологиялық апаттар туралы түсіндіреді.

Талқылау сұрақтары:

  • Жер сілкінісі деген не? Төтенше жағдай ма?
  • Жер сілкінісі кезінде қандай жерлер қауіпсіз?
  • Қауіпті жерлерді ата.
  • Үйдегі қауіпсіз орындар қандай?
  • Алдын ала дайындалу үшін не істеу керек?
  • Осы сынып бөлмесінің қауіпті/қауіпсіз жерлерін көрсет.

Талқылаудан кейін, оқушылар бейнематериалдан естігендері бойынша сынып бөлмесінің қауіпсіз жерлерін таңдап, оқу-жаттығу жасау ұсынылады.

Бағалау критерийлері:

  • жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орындарды біледі.

  • «Суреттер топтамасы» әдісі (жеке, жұпта, топта)

Оқушыларға әр түрлі тақырыптар таратылып, суреттер топтамасын жасау ұсынылады.

1-топ: «Нөсер жауын кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

2-топ: «Күн күркіреу кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

3-топ: «Бұршақ жауған кездегі қауіпсіздік ережелері»

4-топ: «Дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

Берілген тақырыптар бойынша оқушылар суреттер топтамасын салады. Көмек-нұсқау ретінде қолайсыз табиғи климаттық жағдайында өзін-өзі ұстау ережелері таратылады.

Төтенше жағдайлардың жаднамасы қоса беріледі.

Бағалау критерийлері:

- табиғи апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құрады.

  • «Автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша пікір алмасу (топта, ұжымда)

Оқушылар бір топтан екінші топқа ауыса отырып, суреттер топтамасымен танысады. Суреттер топтамасының сәтті және сәтсіз жақтарын анықтап, бағалайды.

Бір бірін стакандар арқылы бағалайды. Кімде жасыл стакан көп жиналады, сол топтың суреттер топтамасы «Үздік» болып танылады.

Кесте

Қима сөздер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

3 түсті стакандар

Стикерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=YHdp_gU5yv0

ұзақтығы: 2:48

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Маркерлер,

Ақ парақтар, қарындаштар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

3 түсті стакандар

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия. «Воллейбол» стратегиясы (жеке, ұжымда)

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірлеріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, ойынды ары қарай жалғастырады.

(дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға техногенді және табиғи апаттардың себеп-салдарын анықтауға тапсырма беріп, сыныпқа көрсетілім жасауды ұсынсаңыз болады.

Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Суреттер топтамасы» әдісінде қосымша мәліметтер, дайын суреттер беруге болады. Оқушылар 3 түсті стакан бойынша өздерін бағалауда, қызыл және сары стакан қойған оқушыларды сөзге тартып, диалог арқылы қолдау көрсеткен жөн.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Сұрыпта» тапсырмасында 3 түсті стакандарды қою арқылы бағалау жүргізіледі. Осы 3 түсті стакан «Автобус аялдамасы» стратегиясында да қолданылады.

«Воллейбол» ойынында тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру әр оқушының білім деңгейін байқатады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

Оқу-жаттығу кезінде қимыл-қозғалыс қауіпсіздігін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу