Қазақстан еліне сиқырлы саяхат. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • Бейнематериалды көрсету.

Оқушыларға Қазақстан туралы шағын бейнероликті көрсетіңіз. Бейнеролик орыс тілінде. Сыныптың тілдік деңгейіне қарай бейнероликті қазақ тіліне аударып тұрыңыз, егер сынып орыс тілінде жақсы түсінсе аудару қажет емес.

  • «Картадан белгіле» тапсырмасы.

Оқушыларға ең алдымен жерсерігінен түсірілген фотосуреттерді көрсетіңіз. (слайдта) Оқушылар нысанның көлемін, пішінін, ұзындығын (өзендер үшін) байқап алсын. Кескін картадан тауып белгілеуге көмек береді. Кескін картада болжап белгілегеннен кейін слайдтан Қазақстанның картасын көрсетіп, тексеруді тапсырыңыз. Кескін карталарына түзетулер мен толықтырулар жасауға рұқсат етіңіз.

Қазақстанның карталарына су нысандары орналасқан орнын, халықтың шоғырлануын маркермен белгілеп жобаларына қосуға болады.

  • «Саяхат сызбасы» жобалау әдісі.

Оқушылар Қазақстандағы су нысандарына саяхат сызбасын құрастырады. Оқушылар топтағы рөлдерін анықтау үшін (команданың көшбасшысы, уақыт белгілеуші, жобалаушы, спикер және т.б.) санамақты қолдануды ұсыныңыз.

  • «Сиқырлы саяхат» жоба стратегиясы.

Жұмыс жасау алгоритмін оқушыларға үлгі ретінде таратып беріңіз. Оқушылар өз қиялдарына қарай жоспар құруларына болады. Топпен жұмыла жұмыс жасауларына ықпал етіңіз. Жобаларды бағалау критерийлеріне қарай бағалап, қорытындылау міндетті.

  • Рефлексия: «Аралда» әдісі

Сабақта қорғалған барлық жобалар бойынша барлығын түсінген, сұрағы жоқ оқушылар стикерлерін «Қуаныш аралына», түсінбеген, әлі де сұрақтары бар оқушылар «Мұңды аралына» жапсырады. Егер «Мұңды аралына» барған оқушы болса, себебін біліп, нақты көмек көрсетіп, қолдау көрсетіңіз.

Теориялық материалдар

 1-топ: Балқаш көлі

 Балқаш — Қазақстанныңоңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

 Аумағы жөнінен КаспийАрал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. АлматыЖамбылҚарағандыоблыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

 Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын АягөзТоқырауынЖәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі.

 Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. 

  Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк.

  Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран.

 Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1]Балқаш – Қарағанды облысындағы қала. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, ТаразШымкентқалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады.

 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%88

 

 2-топ: Ертіс өзені

  Ертіс (орыс. Иртыш)  Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.

 Ертіс - республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы - 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы - 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды. Негізгі суды Алтай, Сауыр тауының өзендерінен алады. Ертіс «иір өзен, иір су» деген мағынаны білдіреді. Өзен суы күздің соңғы айларынан көктемге дейін қатып жатады. Жылы кездерде кеме қатынасына мүмкіншілік болады. Ертіс қалаларды, өндірісті, кейбір егінді алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертіс - Қарағанды каналы тартылған.

 Өзен бойында XVIII-XIX ғасырлар аралығында салынған қазіргі Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан.

 Қазақстан жерінде Шығыс ҚазақстанПавлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

 Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай(Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.

 Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: ӨскеменСемейПавлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйріксыланбекірешортаналабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазантабанкөксерке және байкал омулі жерсіндірілген. Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.

 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80%D1%82%D1%96%D1%81

 

 3-топ: Алакөл көлі

 Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көлҚазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.

 Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

 Орта ғасырларда "Гургенор", кейін "Алактогол", "Алатеңіз", "Алакта" деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.

 Алакөлге 15-тен аса өзен құяды

 Олардың негізгілері:

 Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшыққұмды топыраққиыршық тасұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамысқияққоғашалаңсу қарақұмығыжебежапыақмүйізжапырақ, тағы басқа өседі.

 Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым.

 https://kk.wikipedia

 

 4-топ: Есіл өзені.

 Есіл — Ертіс өзенінің сол саласы,  Обь өзені жүйесіне жатады. Қазақстанның АқмолаСолтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің ТүменОмбы облыстары жерімен ағады. Бастауын Сарыарқадағы Ниязтауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. 

 Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

 1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін ВячеславСергеев және Петропавл бөгендері салынған.

 

Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

1

  • Қазақстан бойынша саяхат

https://www.youtube.com/watch?v=fnX61KI1or8

2

  • Қазақстанға саяхат №1: Көлсай көлдері, Қайыңды, Кунгей Алатау

https://www.youtube.com/watch?v=p0j_2NTibKU

4

Начало формы

  • Алакөл табиғаты

https://www.youtube.com/watch?v=fmZx9qr0oqo

5

Начало формы

  • Балқаш көлі

https://www.youtube.com/watch?v=UmilJWkM0_k



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу