Қазақстан еліне сиқырлы саяхат. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
- Бейнематериалды көрсету.
Сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=c1RWBK-_U-8
ұзақтығы: 1:27
- «Картадан белгіле» тапсырмасы
Кескін картасы:
Картадағы Ертіс өзені
Картадағы Есіл өзені
Балқаш көлі картасы
АЛАКӨЛ картасы
- «Саяхат сызбасы» жобалау әдісі
Топта рөлдерді анықтау
Су нысаны: | |
Көшбасшы | |
Уақыт белгілеуші | |
Жобалаушы | |
Спикер | |
Суретші | |
- «Сиқырлы саяхат» жоба стратегиясына таратпа парақ
Жұмыс алгоритмі: 1) Баратын жерлерінің климат жағдайын анықтайды. 2) Көлік түрлерін таңдайды. 3) Жер бедерін анықтайды. 4) Қолайсыз ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік шараларын жоспарлайды. 5) Маусымға сәйкес белгіленген мөлшердегі қаражатқа байланысты азық-түлік тізімін жасайды, саяхатқа қажетті заттар тізімін құрайды (киім, аяқ киім, жеке керек-жарақтар). |
Таратпа материалдар
Балқаш көлі Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Каспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген. Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады. Көлде сазан, Амур балығы, алабұға, қая, шабақ, шұбаржон, ақбалық, табан, ақмаржан, жайын т.с.с балықтар кездеседі. Арал теңізінде жойылып кеткен шабақ пен Арал қаязы тек осы көлде кездеседі. Ал ақбалық пен алабұға Халықаралық Қызыл Кітапқа енген. Жыл сайын Балқаш көлінде 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, қамыс тоғайларда құстың мыңнан астамы мекен етеді. Жиырмадан астам құс түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген. Құятын өзендер: Іле, Аягөз, Ақсу, Лепсі, Қаратал Көлдің қататын кезі: қараша-наурыз айлары Ірі елді мекендері: Балқаш, Сары-Шаған, Приозерск, Үлкен, Мыңарал, Шығанақ Ірі аралдары: Басарал, Ортаарал, Тасарал, Олжабекарал, Ұлтарақты, Қоржын, Алғазы (барлығы 43 арал) Аумағы: 16,4 шаршы шақырым Ең терең жері: 26 метр Орташа тереңдігі: 5,8 метр Көлемі: 112 шақырым куб Ұзындығы: 605 шаршы шақырым Ені: шығыс бөлігінде 9–19 шақырым, батыс бөлігінде 74 шақырым Экономикасы: гидроэнергетика, балық аулау, көлік тасымалдау, туризм Климаты: шөлді Қаңтар айындағы орташа температура: -14 0С Шілде айындағы орташа температура: +30 0С Жылдың орташа жауын-шашын мөлшері: 131 мм |
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/353/
Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97% Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3% Қытай Халық Республикасының территориясында. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады. Ертіс өзені биіктігі 2500 м. Моңғол Алтай тауынан басталып , Қытай Халық Республикасының басып өткесін Қара Ертіс өзені болып аталады. Өзен біздің территориямызға жеткенде, шекарада оған Алкөбек, Қалжыр өзендері құяды. Содан барып 152 километр өткеннен кейін Зайсан көліне құяды. Ертіс өзенінің ұзындығы 4450 километр. Ертіс, Еділ өзенінен ұзынырақ, алабының көлемі жағынан да үлкенірек, дегенмен Ертіс өзені ағынының жылдамдығы Еділ суынан екі есе кем. Ертіс өзенінің суын Ертіс ─ Қарағанды каналы арқылы Қарағандыға жеткізу іске асырылуда. Бұл су егін, бау-бақша, мал суаруға және тағы басқа жағдайларға пайдаланылады. Осы канал құрылысы Теміртау су қоймасына да жеткізілді. Бұл канал Теміртаудағы комбинатты сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар суы ішуге, қаладағы бау-бақшаны суландыруға пайдаланылады. |
Алакөл көлі «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Көл суының түсін алғаш рет қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуан түрлі болады. Айталық, Сасықкөл көгілдір түсті, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әр түрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен. Алакөл Ұялы, Жалаңашкөл, Сасық көл және т.б. ұсақ көлдерден тұрады. Аралдармен бірге есептегенде көлдің ауданы - 2696 шаршы шақырым, су көлемі - 58,56 куб шақырым, ені - 52 шақырым, ұзындығы - 104 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы - 348 шақырым. Көлдің орташа тереңдігі - 22 метр, ең терең жері - 54 шақырым. Жағалаудың климаты шұғыл континенталды. Солтүстік жағында жел жылдамдығы 40-50 м/сек, ал оңтүстік-шығыс және орталығында 50-60 м/сек. Қыс-күз мезгілінде толқындардың биіктігі 2-2,5 метрге дейін жетеді. Ақпан, наурыз айларында мұз қатып, қалыңдығы 0,8 метр болады. Сәуір-маусым айларында мұз ери бастайды. Алакөл суының құрамындағы фтор мен бромның деңгейі жоғары. Фитопланктон балдырдың 58 түрінен тұрады. Көл жағалауында қамыс, жұмсақ су өсімдіктері өседі. Алакөл суын балықтың 8 түрі мекен етеді. Көлге құятын өзендерде ондатра кездеседі. Баклан, аққу, бірқазан, аққұтан, үйрек, гагара т.б. құстары және ала мысық, су егеуқұйрықтары көл жағасын мекендейді. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қарай ұшып келеді. Сирек кездесетін үш жүзге жуық құс түрлерінің 38 түрі Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енген. Тарихи деректерге сүйенсек, Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатшылар жағалауда демалып, көл суынан нәр алған екен. Алакөл суы емдік қасиетке бай. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. |
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/68/
Есіл өзені Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Есіл өзені Орталық және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның шығыны қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толығып отырады. Олай болса, су шығыны ауа райына байланысты – кей жылдары мол, кей жылдары өте аз болады. Өзеннің ағу жолындағы орналасқан елді-мекендерге: Қазақстанның астанасы Астана қ., Атбасар, Есіл, Державинск, Сергеевка, Петропавл және т.б. жатады. |
https://malimetter.kz/esil-ozeni/
ЕСІЛ өзені
Балқаш көлі
АЛАКӨЛ көлі
ЕРТІС өзені
- Таратуға арналған жоба қорғауға арналған бағалау критерийлері
Жобаны бағалау критерийлері: -саяхатты нысан ерекшелігіне сай жоспарлаған; - өз шығындарын оңтайландырған; - нысанға сай туризм түрлерін қарастырған; - нысанның табиғат жағдайлары және олардың адам өміріне әсері қарастырылған; - табиғи климаттық қолайсыз жағдайға байланысты қауіпсіздік сақтау шараларын құрған. |
- Рефлексия: «Аралда» әдісі
Тақтаға ілуге арналған суреттер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?