Қазақ халқының бірінші мемлекеті. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Көрнекті тұлғалар»

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының бірінші мемлекеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- Жәнібек пен Керей хандары туралы біледі;

- Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді;

Бағалау критерийлері

- Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін анықтайды;

- Жәнібек пен Керей хандар туралы қысқаша әңгімелейді;

- Уақыт таспасына мемлекеттердің құрылу жылдарын дұрыс орналастырады;

  • Картадан Қазақ хандығын, оған көршілес мемлекеттерді көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады.

Терминология:

  • Қазақ хандығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақ хандығының құрылуы еліміз үшін несімен маңызды?

-Неліктен Жәнібек пен Керей ханға ескерткіш қойылған?

Жазуға берілетін тапсырма:

- қазақ хандығының құрылуына хронологиялық кесте жасайды.

Құндылықтарды дарыту

  • Патриотизмді дамыту қазақ елінің тарихын терең білу,
  • тарихи тұлғаларды үлгі тұту арқылы жүзеге асады. Қазақ хандығының құрылуы – тәуелсіз мемлекетіміздің түп қазығы екенін түсінеді.
  • Ұйымшылдық жұптық, топтық жұмыстар арқылы көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыт таспасымен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған. Сақтар мен ғұндар олардың өмір салты туралы алғашқы түсініктері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

  • «Суретті әңгімеле» әдісі (ұжымда).

Мұғалім Жәнібек пен Керей хандарының ескерткішінің суретін көрсетеді. Сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді:

-Ескерткіште кімдер бейнеленген?

- Ескерткіш қай жерде орнатылған?

-Неге оларға ескерткіш қойылған?

Талқылаудан кейін қазақ хандығының құрылу тарихын түсіндіреді. Алғашқы қазақ хандығындағы құрылу күнін және Жәнібек пен Керей хандардың сіңірген еңбектері туралы мәліметтер береді. Мультфильмді көрсетеді. Бірлесіп талдайды.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Жәнібек пен Керей хандары туралы біледі;

- Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді;

Ескерткіштер суреті

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=DKVVt6cmjNs

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

8-12

13-17

18-22

23-35

  • «Пирамида» стратегиясы (жұпта, топта)

Топтарға «Қазақ хандығының құрылу себептері» туралы мәліметтер таратылады.

Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтап, маңыздылығын жоғарыдан төменге қарай ретімен орналастырады.

(Ең маңызды себебі – ең жоғарыда)

Бағалау критерийлері:

- Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін анықтайды.

  • «Уақыт таспасы» стратегиясы (жұппен, ұжымда)

Оқушыларға әр елдің құрылған уақыты мен тулары бейнеленген қима қағаздар таратылады Мысалы: АҚШ – 1787ж., Германия – 1871ж., Ресей – 1547ж. т.б. Оқушылар жылдарына қарай «Уақыт таспасына» орналастырады және қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

- Уақыт таспасына мемлекеттердің құрылу жылдарын дұрыс орналастырады;

  • Картамен жұмыс (топта, ұжымда)

Сынып екі топқа бөлінеді: «Керей» тобы және «Жәнібек» тобы.

Екі топқа Қазақ хандығы туралы бірдей мәтін, әртүрлі карта беріледі. Оқушылар тапсырмаға сай тиістісін белгілеулері тиіс.

«Керей» тобына тапсырма: мәтін бойынша Қазақ хандығының қай жерде құрылғанын көрсетіп және Керей хан туралы айтып беруі керек.

«Жәнібек» тобына тапсырма: мәтін бойынша Қазақ хандығымен көрші болған елдерді картаға жазып, көрсету керек. Жәнібек хан туралы айтып беруі керек.

Бағалау критерийлері:

  • Картадан Қазақ хандығын, көршілес мемлекеттерді көрсете алады.

- Жәнібек пен Керей хандар туралы қысқаша әңгімелейді;

  • «Ой толғау» жазу (жеке)

«Қазақ хандығының құрылуының біздің мемлекет үшін маңызы қандай болды?» тақырыбына ой-толғау жазу.

Ой толғау жазар алдында минималды сөйлем саны (5 сөйлемнен кем емес), бағалау критерийлері таныстырылады.

Бағалау критерийлері:

- Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін атайды;

- Жәнібек пен Керей хандар туралы қысқаша жазады.

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Карта 2 түрі,

2 топқа тапсырма

Таратпа мәтін

Маркер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

Сабақ мақсаты

+

(бәрі түсінікті)

-

(түсініксіз)

?

(сұрағым бар)

Қазақ хандығының құрылу себептері

Жәнібек пен Керей - қазақ хандығының негңзңн қалаушылар ретінде

Бірнеше жауаптарды талдауға болады.

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары, ақындығы бар оқушыларға «Қазақ хандығы» туралы өлең жазу ұсынылады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтауда қолдау көрсетіңіз. Бағалау критерийлерін оқушылармен алдын ала талқылау ұсынылады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Пирамида» стратегиясы , «Уақыт таспасы» стратегияларында «Қазақ хандығының құрылуының біздің мемлекет үшін маңызы қандай болды?» тақырыбына ой-толғау жазу арқылы мақсаттарға жету деңгейін бағалауға болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу