Ұлы дала батырлары. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді
Сабақ «Жаужүрек мың бала» фильмінің үзіндісін көрсетіңіз. Пікірталасты Отанды қорғау, отансүйгіштік тақырыбында өткізіңіз.
-Фильмді көрген оқушылар бар ма?
- Фильм не жайында?
- Сартайдың сөздерінен не айтуға болады?
- Осы үзіндіде қандай құндылықтар жайлы айтылған?
- Фильм неліктен «Жау жүрек мың бала » деп аталған?
Талқылаудан кейін «Жаужүрек мың бала» фильміндегі тарихи кезең туралы қысқаша айтып беріңіз (дид.материалға қараңыз).
- «Джигсо» стратегиясы.
Оқушыларға дидактикалық материалда берілген 4 мәтінді беріңіз. Мәтіндерді талдау ереже бойынша жүзеге асады. Джигсо стратегиясының ережелерін түсіндіріп өтіңіз. Ол үшін төмендегі материалмен оқып танысыңыз:
Джигсо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
http://kz1.fatwords.org/safia/iziushiliti-oyatu/main.html
- «Бейнебаян жаса» стратегиясы
Бейнебаянды постерге жасайды, өз қиялдарына қарай безендіреді. Ең бастысы 4 кадрға қарастырылған 4 кезең қамтылуы тиіс. «Джигсо» стратегиясындағы мәтіндерді негізге алуды ұсыныңыз. Егер ғаламторға қосылу мүмкіндігі болса, қолдануға рұқсат беріңіз.
- «Ұлы дала үлгілері» диалогы
Бұл тапсырмада Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы әр кезеңге ұлы дала батырларының қсоқан үлесін туралы айтылуын қадағалаңыз. Кем дегенде 3-тен мысал келтірулері тиіс. Оқушылар қарастырылған 4 кезеңді топта өзара бөліп алуларын сұраңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қазақстанның құрылуында қандай атаулы оқиғалар болды?
- Онда қандай көрнекті тұлғаларды білесің?
- Олардың мемлекеттің құрылуында маңызы қандай болды?
- Олардың негізгі мақсаты не болды?
-Солардың ішінде сен мақтан тұтар тұлға кім?Неліктен?
- Оқушыларға «Жау жүрек мың бала» фильмін толық көру (сыныппен немесе ата-аналарымен) және талқылау ұсынылады.
https://www.youtube.com/watch?v=Syuqeziseow
- Қазақ елі. Толықметражды мультфильмің оқушыларға бос уақыттарында толық көрулерін ұсыныңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=7drHO2HfHbg&t=2s
- Теориялық материалдар:
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін жасаған шапқыншылықтары. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берді
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Сілтеме бойынша толық ақпарат алуға болады:
http://e-history.kz/kz/contents/list/87
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтемелер | Ұзақтығы |
1 | Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV-XVI ғғ. басы) | 5:56 | |
2 | Жау жүрек мың бала фильмі | 1:16:17 | |
4 | Қазақ елі. Толықметражды Мультфильм | 1:15:50 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?