Ұлы дала батырлары. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалықматериалдар
- «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=27cJy9GhQCQ
Ұзақтығы: 1:29
Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.
Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді.
(ғаламтордан)
- «Джигсо» стратегиясына арналған төрт мәтін (сыныптың деңгейіне қарай жеңілдетіп не толықтырып алуға болады)
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, жоңғарлар мен ойраттардың шабуылдары жиілей түсті. Осының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осы мақсатпен Ордабасыда Бүкілқазақтық Құрылтай өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бірлесіп, ұлтты береке бірлікте сақтау жолында қызмет етті. Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылар Әбілқайыр ханды әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Қазақстанның Ресейге қосылуы Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғарлар қазақ жерін жиі шабуылдады. Қазақ елінің қиын жағдайы, жоңғар шапқыншылығы, билік үшін күрес Әбілкайыр ханды Ресей еліне сенім артуына итермелейді. Осылайша Ресей құрамына енеді. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында қаншама қиыншылықтарды бастан кешірді. Қазақстан жерінен шыққан көптеген ержүрек батырлар елін, жерін қорғау үшін өз еріктерімен соғысқа аттанып қорғаған. Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинова және т.б. есімдермен байланысты. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та бәрінің есінде қалды. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Г.В. Колбинді хатшы (елбасы) етіп тағайындауы түрткі болды. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға - апаларымыз қатысты. Солардың арқасында ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. |
© e-history.kz
Кезеңдер реті | Оқиға атауы |
Тәуелсіз Қазақстан |
Жауабы:
Кезеңдер реті | Оқиға атауы |
1 | Жоңғар шапқыншылығы |
2 | Қазақстанның Ресейге қосылуы |
3 | Ұлы Отан соғысына қатысуы |
4 | Желтоқсан көтерілісі |
Тәуелсіз Қазақстан |
Бөгенбай батыр
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.
Әлия Молдағұлова
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді.Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті ұстап әкетеді. Кейіннен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
- «Бейнебаян жаса» стратегиясы
Бос кадрлар үлгісі
- «Ұлы дала тұлғалары» диалогы
https://infourok.ru/prezentaciya-po-istoriiy-azahstana-na-temu-manoldar-shapinshilii-950314.html
- «Ой толғау» жазу
Оқушының аты-жөні: ______________________________________________
«Менің сүйікті тарихи кейіпкерім» ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийлері:
- Ұлы дала батырлардың есімі мен ерлігін қысқаша әңгімелейді;
-Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы тарихи тұлғалардың маңызына мысалдар келтіреді (3-тен кем емес).
Сөйлем саны: минимум – 5, максимум -12.
Грамматикалық қателер болмауы тиіс.
- Рефлексияға арналған таратпа парақ:
Менің атым:........................................ Сынып:....... |
«Ұлы дала батырларын өзіңмен салыстыра отырып, болашақ өмірің үшін, өз елің үшін не істей алар едің?» |
................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... ................................ ............................................................... ................................... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?