Ұлы дала батырлары. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Көрнекті тұлғалар» |
| ||||||||||||||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұлы дала батырлары | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.4.1 тарихи мысалдармен хандардың, батырлардың, билердің маңызы туралы түсіндіру | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - хандардың, батырлардың, билердің ел болашағы үшін қосқан үлесін түсіндіреді. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресінің тарихи кезеңдерін біледі; - Ұлы дала тұлғаларының есімі мен ерлігін қысқаша әңгімелейді; - Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы тарихи тұлғалардың қосқан үлесіне мысалдар келтіреді (3-тен кем емес). | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Хандардың, батырлардың, билердің маңызы қандай? - Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы ұлы дала батырлары кімдер? Жазуға берілетін тапсырма: - «Менің сүйікті тарихи тұлғам» тақырыбына ой – толғау жазады. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу: көрнекті тұлғалардың өмірбаянымен танысу. Қазақстанның мемлекет болып құрылу тарихындағы билер, батырлар, хандардың өмірбаяндарымен танысу. | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Тұмар патшайым туралы түсінік алған, 2 сыныпта «Салт дәстүр және әдебиет» тарауында Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы оқып танысқан. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-7 |
Сабақ «Жаужүрек мың бала» фильмінің үзіндісін көрсетуден басталады. Патриотизм, ерлік, Отанды қорғау, отансүйгіштік тақырыбында пікірталас өткізіледі. Сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді: -Фильмді көрген оқушылар бар ма? - Фильм не жайында? - Сартайдың сөздерінен не айтуға болады? - Осы үзіндіде қандай құндылықтар жайлы айтылған? - Фильм неліктен «Жау жүрек мың бала » деп аталған? Талқылаудан кейін мұғалім «Жаужүрек мың бала» фильміндегі тарихи кезең туралы қысқаша айтып береді.
- хандардың, батырлардың, билердің ел болашағы үшін қосқан үлесін түсіндіреді. |
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=27cJy9GhQCQ Ұзақтығы: 1:29 (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||||||||||||||
Сабақ ортасы 8-15 16-19 20-25 26-35 |
тұлғаларымен ақпаратты топта талдау арқылы танысады. Оқушылар Джигсо әдісімен мәтіндерді талдап, соңында тарихи кезеңдерді тақтада кестеге тізіп көрсетеді.
Бағалау критерийлері: - Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресінің тарихи кезеңдерін біледі.
Оқушылар 1-ші тапсырмада берілген мәтін бойынша 4 кезеңге арнап билер, хандар, батырлардың есімі мен ерлігі туралы жазылған 4 кадрдан тұратын постер дайындайды. Талаптары:
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады. Бағалау критерийлері: - Ұлы дала тұлғаларының есімі мен ерлігін қысқаша әңгімелейді.
(жұпта) Оқушылар Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы әр кезеңге ұлы дала тұлғаларына жұппен диалог жасайды. Әр топта барлық аталған кезеңнің хандар, батырлар, билердің маңызы туралы әңгімелеседі. Мысалмен түсіндіреді (кем дегенде 3). Талқылауға арналған сұрақтар:
Бағалау критерийлері:
- Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы тарихи тұлғалардың қосқан үлесіне мысалдар келтіреді (3-тен кем емес).
«Менің сүйікті тарихи кейіпкерім» тақырыбына эссе жазады. Ой толғау жазар алдында минималды сөйлем саны (5 сөйлемнен кем емес), бағалау критерийлері таныстырылады. Бағалау критерийлері:
- Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы тарихи тұлғалардың қосқан үлесіне мысалдар келтіреді (3-тен кем емес). | Таратпа мәтін (дидактикалық материалға қараңыз) Кесте Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Постер, маркерлер, бос кадрлардың үлгісі Қарындаштар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз хандар, батырлар, билердің суреттері (дидактикалық материалға қараңыз) Таратпа парақ | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия (жеке): Оқушылар келесі сұраққа бір параққа жазып жауап береді (2-3 сөйлеммен): «Ұлы дала тұлғаларды өзіңмен салыстыра отырып, болашақ өмірің үшін, өз елің үшін не істей алар едің?» Бірнеше жауаптарды талдауға болады. |
Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | |||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Барлық оқушыларға «Жау жүрек мың бала» фильмін толық көру (сыныппен немесе ата-аналарымен) және талқылау ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға Қазақстан мелекетінің құрылуының басқа да кезеңдерін толықтыруды ұсынуға болады. Оқуда кедергілері бар оқушыларға «Ұлы дала тұлғалары» диалогында сұрақ-жауап құрастырарда жетекші кілт сөздермен қажетінше қолдау көрсету керек. Бағалау критерийлерін оқушылармен алдын ала талқылау ұсынылады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Сабақта өзара бағалау әдістері қолданылады. «Бейнебаян жаса» стратегиясы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады. «Менің сүйікті тарихи кейіпкерім» тақырыбына эссе жазғызу арқылы оқу мақсаттарына жету деңгейін бағалауға болады. Рефлексияда оқушының сабақ барысынан алған әсерін байқауға болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?